Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.Ахметов
«Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 185-құжат; 2011 ж., № 3-4, 39-құжат; 2012 ж., № 9, 171-құжат; № 47, 626-құжат; 2013 ж. № 11, 200-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 7 және 8-жолдармен толықтырылсын:
«
7. |
Діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарлама |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы |
2013 жылғы 1 тамызға дейін |
2013-2017 жылдар |
2013 жылғы 1 қыркүйекке дейін |
8. |
Құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасы |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы |
2013 жылғы 1 шілдеге дейін |
2014-2020 жылдар |
2013 жылғы 1 тамызға дейін |
».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев