"Террористік акциялардан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 910 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Террористік акциялардан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы № 64 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 2, 26-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Террористік акциялардан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалту ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 910 қаулысына     
қосымша        

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2003 жылғы 21 қаңтардағы
№ 64 қаулысымен   
бекітілген      

Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды
әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру
ҚАҒИДАЛАРЫ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды
әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
      2. Әлеуметтік оңалту Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен терроризм актісінен зардап шеккендер деп танылған (бұдан әрі - зардап шеккендер) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ұсынылады.
      3. Зардап шеккендерді әлеуметтік оңалту қажетті тегін құқықтық көмек көрсетуді, медициналық және психологиялық оңалтуды (бұдан әрі - әлеуметтік оңалту) қамтиды.
      4. Әлеуметтік оңалтуды терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар (бұдан әрі - мемлекеттік органдар)
терроризм актісі жасалған орын немесе зардап шеккендердің тұратын жерлері бойынша республикалық және жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және осы қаражат шегінде жүзеге асырады.
      5. Шет мемлекеттің аумағында жасалған терроризм актісінен зардап шеккендер деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарын әлеуметтік оңалту, егер халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, осы қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру тәртібі

      6. Әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру үшін адамдарды зардап шеккендер деп тану туралы қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысы негіз болып табылады.
      7. Әлеуметтік оңалу үшін зардап шеккендер немесе оның атынан жақын туысқандары (заңды өкілі) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіретін уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органына (бұдан әрі — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы) зардап шеккендердің тегі, аты, қалауы бойынша әкесінің аты, оның пошта мекенжайы, алуды қалайтын әлеуметтік оңалтудың түрі көрсетілген өтінішпен жүгіне алады.
      8. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы екі жұмыс күні ішінде зардап шеккен адамға немесе оның атынан жүгінген жақын туысқанына (заңды өкіліне) талап етілетін әлеуметтік оңалтудың түрін алу қажет мемлекеттік органның (ұйымның) атауы, орналасқан жері, зардап шеккен адам көрінетін нақты қызметкер, қызметтік телефоны, факсының нөмірі, электронды поштасының мекенжайы (қажет болған жағдайда) көрсетілген өтінішті қарау нәтижесі туралы жазбаша жауап жолдайды.
      9. Зардап шеккендерге құқықтық көмекті өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары кешіктірмей жазбаша, ауызша және электронды түрде жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары зардап шеккендерге қажетті құжаттарды алуға көмек көрсетеді.
      10. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы зардап шеккен адамның құқықтық көмек алу жөніндегі өтінішінің көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органына жолдайды.
      Құқықтық көмек алу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органына мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) терроризм актісінен зардап шеккен адамның жеке куәлігінің көшірмесі;
      2) терроризм актісінен зардап шеккен деп тану туралы қаулының көшірмесі.
      Жазбаша немесе электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электронды құжатпен жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары зардап шеккендерге бес жұмыс күні ішінде өтінішті қарау нәтижесі туралы жауап жолдайды.
      11. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органының басшысы терроризм актісінен зардап шеккендерге құқықтық көмек көрсету бойынша өткізілген іс-шаралардың қорытындысы туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органының бастығына хабарлайды.
      12. Зардап шеккендерді психологиялық оңалту терроризм актісі(актілері) жасалған орын бойынша кешіктірілмей жүзеге асырылады және оларға тиісті бейіндегі мамандардың (психологтардың) көмек ұсынуынан тұрады.
      Психологиялық оңалтуды іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы ведомствоаралық жұмыс  тобын құрады.
      Ведомствоаралық жұмыс тобына терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың психологиялық қызмет бөлімшесінің мамандары мен штаттық психологтары, денсаулық сақтау ұйымдарының, халықты әлеуметтік қорғау жүйесі ұйымдарының, арнайы білім беру ұйымдарының (психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері) мамандары енгізіледі.
      Психологиялық оңалту жөніндегі ведомствоаралық топтың басшысы болып терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы  бастығының орынбасары тағайындалады.
      13. Психологиялық оңалтуды алу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органына осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген өтінішпен қоса мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) терроризм актісінен зардап шеккен адамның жеке куәлігінің көшірмесі;
      2) адамды терроризм актісінен зардап шеккен деп тану туралы қаулының көшірмесі.
      14. Психолог-маман зардап шеккенге психологиялық кеңес беруді жүзеге асырады және қажет болған жағдайда қалпына келтіру емі мен медициналық оңалтуды, оның ішінде балаларды медициналық оңалтуды көрсететін медициналық ұйымдарда одан әрі емделу үшін денсаулық сақтау ұйымына жүгінуді ұсынады.
      15. Ведомствоаралық жұмыс тобының басшысы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органының басшысына психологиялық оңалту бойынша жүргізілген іс-шаралардың қорытындысы туралы хабарлайды.
      16. Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды медициналық оңалтуды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қарашадағы № 1342 қаулысымен бекітілген Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидаларына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдары тегін медициналық көмек көрсетудің берілген кепілдік көлемі шегінде жүзеге асырады.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2003 года № 64 "Об утверждении Правил социальной реабилитации лиц, потерпевших от террористических акций"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 сентября 2013 года № 910

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2003 года № 64 «Об утверждении Правил социальной реабилитации лиц, потерпевших от террористических акций» (САПП Республики Казахстан, 2003 г., № 2, ст. 26) следующие изменения:
      заголовок изложить в следующей редакции:
      «Об утверждении Правил осуществления социальной реабилитации лиц, потерпевших от акта терроризма»;
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      «1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления социальной реабилитации лиц, потерпевших от акта терроризма.»;
      Правила социальной реабилитации лиц, потерпевших от террористических акций, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

Приложение           
к постановлению Правительства
Республики Казахстан     
от 3 сентября 2013 года № 910

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 21 января 2003 года № 64

ПРАВИЛА
осуществления социальной реабилитации лиц, потерпевших
от акта терроризма

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила осуществления социальной реабилитации лиц, потерпевших от акта терроризма (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 13 июля 1999 года «О противодействии терроризму» и определяют порядок осуществления социальной реабилитации лиц, потерпевших от акта терроризма.
      2. Социальная реабилитация предоставляется гражданам Республики Казахстан, иностранцам и лицам без гражданства, признанным потерпевшими от акта терроризма (далее - потерпевшие) в порядке, установленном уголовно-процессуальным законодательством Республики Казахстан.
      3. Социальная реабилитация потерпевших предусматривает оказание бесплатной необходимой правовой помощи, психологической и медицинской реабилитации (далее - социальная реабилитация).
      4. Социальная реабилитация оказывается государственными органами, осуществляющими противодействие терроризму (далее - государственными органами) по месту совершения акта (актов) терроризма, либо по месту проживания потерпевшего за счет и в пределах средств, предусмотренных в республиканском и местном бюджетах.
      5. Социальная реабилитация граждан Республики Казахстан, признанных потерпевшими от акта терроризма, совершенного на территории иностранного государства, осуществляется в порядке, установленном настоящими Правилами, если иное не установлено международными договорами.

2. Порядок осуществления социальной реабилитации
лиц, потерпевших от акта терроризма

      6. Основанием для осуществления социальной реабилитации является постановление органа, ведущего уголовный процесс, о признании лица потерпевшим.
      7. Для получения социальной реабилитации, потерпевший или действующий от его имени близкий родственник (законный представитель) обращается в территориальный орган уполномоченного государственного органа по координации деятельности в сфере противодействия терроризму (далее - территориальный орган Комитета национальной безопасности Республики Казахстан) с заявлением с указанием фамилии, имени, а также по желанию отчества потерпевшего, его почтового адреса, вида социальной реабилитации, которую он желает получить.
      8. Территориальный орган Комитета национальной безопасности Республики Казахстан в течение двух рабочих дней направляет ответ потерпевшему или действующему от его имени близкому родственнику (законному представителю) о результатах рассмотрения заявления в письменной форме, с указанием наименования государственного органа (организации) куда следует обратиться для получения требуемого вида социальной реабилитации, его места нахождения, конкретного сотрудника к которому необходимо обратиться потерпевшему, номера служебного телефона, факса, адреса электронной почты (при необходимости).
      9. Правовая помощь потерпевшему оказывается незамедлительно территориальными органами Министерства юстиции Республики Казахстан в пределах их компетенции в письменной, устной и электронной формах.
      Территориальные органы Министерства юстиции Республики Казахстан оказывают содействие потерпевшему в выдаче необходимых документов.
      10. Территориальный орган Комитета национальной безопасности Республики Казахстан направляет в территориальный орган Министерства юстиции Республики Казахстан копию заявления потерпевшего о получении правовой помощи.
      Для получения правовой помощи в территориальный орган Министерства юстиции Республики Казахстан дополнительно представляются следующие документы:
      1) копия документа, удостоверяющего личность лица, потерпевшего от акта терроризма;
      2) копия постановления о признании лица потерпевшим от акта терроризма.
      В случае обращения в письменной форме или в форме электронного документа, заверенного электронной цифровой подписью, территориальные органы Министерства юстиции Республики Казахстан в течение пяти рабочих дней отправляют потерпевшему ответ о результатах рассмотрения  заявления. В случае обращения в устной форме потерпевший получает ответ незамедлительно.
      11. Руководитель территориального органа Министерства юстиции Республики Казахстан информирует начальника территориального органа Комитета национальной безопасности Республики Казахстан об итогах проведения мероприятий по оказанию правовой помощи потерпевшим от акта терроризма.
      12. Психологическая реабилитация потерпевшим оказывается незамедлительно по месту совершения акта (актов) терроризма и заключается в предоставлении им помощи специалистами соответствующего профиля (психологами).
      Для осуществления психологической реабилитации территориальным органом Комитета национальной безопасности Республики Казахстан создаются межведомственная рабочая группа.
      В межведомственную рабочую группу включаются специалисты: штатные психологи и сотрудники подразделений психологической службы государственных органов, осуществляющих противодействие терроризму, специалисты организаций здравоохранения, организаций системы социальной защиты населения, специальных организаций образования (психолого-медико-педагогических консультаций, реабилитационных центров, кабинетов психолого-педагогической коррекции).
      Руководителем межведомственной рабочей группы по оказанию психологической реабилитации назначается заместитель начальника территориального органа Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, курирующий вопросы противодействия терроризму.
      13. Для получения психологической реабилитации в территориальный орган Комитета национальной безопасности Республики Казахстан вместе с заявлением, указанным в пункте 7 настоящих Правил, также дополнительно предоставляются следующие документы:
      1) копия документа, удостоверяющего личность лица, потерпевшего от акта терроризма;
      2) копия постановления о признании лица потерпевшим от акта терроризма.
      14. Специалист-психолог осуществляет психологическое консультирование потерпевшего и в случае необходимости рекомендует ему обратиться в организации здравоохранения для дальнейшего получения лечения в медицинских организациях, оказывающих восстановительное лечение и медицинскую реабилитацию, в том числе детскую медицинскую реабилитацию.
      15. Руководитель межведомственной рабочей группы информирует руководителя территориального органа Комитета национальной безопасности Республики Казахстан об итогах проведения мероприятий по психологической реабилитации.
       16. Медицинская реабилитация лиц, потерпевших от акта терроризма, осуществляется организациями здравоохранения в пределах гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, в соответствии с Правилами восстановительного лечения и медицинской реабилитации, в том числе детской медицинской реабилитации, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 ноября 2011 года № 1342.