РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі және "2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2012 жылғы 23 қарашадағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандатуға берілетін 2013 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 9 қыркүйектегі № 943 қаулысымен бекiтiлген |
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге
өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын
өңдеуге арналған биоагенттердің (энтомофагтардың) және
биопрепараттардың құнын арзандатуға берілетін 2013 жылға
арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандатуға берілетін 2013 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2-тармағы 5-2) тармақшасына және "2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі мен сапасын арттыру үшін өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандатуға берілетін 2013 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі – АШТӨ) өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату бойынша субсидиялау іс-шараларын қаржыландыру және іске асыру тиісті 223 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандатуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" республикалық бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүргізілетін болады.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) биоагенттер (энтомофагтар) – зиянды организмдермен күресу үшін пайдаланатын табиғи жаулар, антогонист, бәсекелес немесе басқа өз өсімін өзі молайтатын организм;
2) биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізуші – арнайы жарақтандырылған өндірістік биозертханалары мен биофабрикалары бар Қазақстан Республикасында биоагенттерді (энтомофагтарды) өндіруді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға және/немесе биоагенттерді (энтомофагтарды) өткізуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті;
3) биологиялық күрес (биоәдіс) – тірі табиғи жауларды, антогонистерді, бәсекелестерді немесе басқа өз өсімін өзі молайтатын организмдерді пайдаланатын зиянды организмдермен күресу стратегиясы.
3. Бюджеттік субсидиялар өсімдіктерді қорғау мақсатында биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілерден ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды сатып алған кездегі шығындарын арзандату (40 %-ға дейін) үшін АШТӨ-ге арналады.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) "Фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесінің облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша зақымданған ауыл шаруашылығы дақылдарының алаңдары туралы ұсынған ақпараты негізінде субсидиялауға жататын ауыл шаруашылығы дақылдары алқаптарын, сондай-ақ бюджеттік субсидиялау көлемін айқындайды және оларды облыстарға және Астана мен Алматы қалаларына жеткізеді.
5. Министрлік бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімге сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын АШТӨ-ге арзандатуға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге және Астана мен Алматы қалаларының бюджетіне аударады.
2. АШТӨ өтінімдерін қарау және олардың арасында субсидиялау
көлемдерін бөлу тәртібі
6. Субсидиялар алуға АШТӨ-нің тiзiмiн айқындау үшiн әрбiр ауданда (облыстық маңызы бар қалада, Астана және Алматы қалаларында) аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкiмiнiң шешiмiмен құрамы аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкiмдiгiнiң, оның ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, Астана және Алматы қалаларының) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмдерiнiң немесе басқармаларының, агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық инспекциясының, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың өкiлдерiнен тұратын комиссия (бұдан әрi – Комиссия) құрылады.
Ауданның ауыл шаруашылығы бөлiмi, ал Астана және Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қала бойынша – қала әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы немесе бөлiмi (бұдан әрi – бөлiм) Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
7. Бөлiм субсидиялар алу үшiн құжаттарды қабылдау мерзiмiн және басқа да қажеттi мәлiметтердi көрсете отырып, Комиссияның жұмыс iстеу тәртiбiн жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етедi.
8. Аудандар бойынша субсидиялар көлемі (басым дақылдардың егістік алқаптарының болжамды құрылымына қарай) облыстың, Астана мен Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен белгіленеді.
9. Облыстың, Астана мен Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен Министрлікпен келісім бойынша биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың субсидияланатын түрі, сондай-ақ жеткізушілерден және отандық биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды өндірушілерден сатып алынған биоагенттің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың 1 граммына (данасына) арналған субсидиялар нормативі белгіленеді.
10. АШТӨ белгіленген мерзімнен кешіктірмей бөлiмге мынадай құжаттарды:
1) заңды тұлғалар үшін мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесін (жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың және (немесе) дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшірмелері).
Ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
2) жер теліміне арналған сәйкестендiру және (немесе) құқық белгiлейтiн құжаттың көшiрмесiн;
3) нөмiрi көрсетiлген банктiк шотының бар екені туралы екінші деңгейдегі банктің анықтамасын қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік субсидиялар алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiмді ұсынады.
11. Бөлім өтінімдер мен осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде олардың көрсетілген тармаққа сәйкестігін тексереді.
Өтінімді белгіленген мерзімнен кеш ұсыну субсидиялау бағдарламасына қатысудан бас тартуға негізі болып табылады. Мұндай жағдайларда бөлім АШТӨ өтінімін үш жұмыс күні ішінде қайтарып береді.
12. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, Бөлім өтінімді тіркеген күннен кейін үш жұмыс күні ішінде АШТӨ-ге тиісті хабарлама жібереді.
13. Егер өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін АШТӨ ескертуді жоймаса, бөлім пошта арқылы АШТӨ өтінімін және құжаттарын қайтарады.
14. АШТӨ аудан бойынша жиынтық тізімін бөлім өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде жасайды және тиісті аудан әкімі бекітеді.
15. Бөлім бекітілген тізімді АШТӨ өтінімдерімен бірге Комиссияның қарауына жібереді.
16. Комиссия:
1) Бөлімдер ұсынған өтінімдермен бірге АШТӨ тізімдерін үш жұмыс күні ішінде қарайды;
2) өтінімдерді қарау нәтижесі бойынша, бюджеттік субсидиялар алуға АШТӨ-нің жиынтық тізімін, биоагенттерді (энтомофагтардың) және биопрепараттарды сатып алуға бюджеттік субсидия көлемін облыстардың, Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің бекітуіне ұсынады.
Бұл ретте субсидиялауға жататын биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың көлемі бөлінген бюджет қаражаты мен әрбір АШТӨ өңдеген ауыл шаруашылығы дақылдары алаңының көлемі ескеріле отырып, АШТӨ өтінімдеріне пропорционалды түрде белгіленеді.
17. Комиссияның ұсынысы бойынша облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері екі жұмыс күні ішінде субсидиялау көлемін көрсете отырып, АШТӨ жиынтық тізімін бекітеді.
3. Бюджеттік субсидияларды төлеу тәртібі
18. Бюджеттік субсидиялар АШТӨ-ге сатып алынған биоагенттер (энтомофагтар) және биопрепараттар үшін бюджеттік субсидиялар нормаларына сәйкес төленеді.
19. АШТӨ бюджеттік субсидиялар алу үшін бөлімге мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бюджеттік субсидиялар алуға арналған өтінімді;
2) биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды сатып алу-сату шартының көшірмесін;
3) биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын және көлемін жеке көрсете отырып, сатып алынған биоагенттерге (энтомофагтарға) және биопрепараттарға ақы төлеуге арналған төлем құжаттарының көшірмесін (банкттің төлем тапсырмасы мен кассалық-кіріс ордер, шот фактура).
Бөлім үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді және оларды облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімдік басқармасына (бұдан әрі – басқарма) жібереді.
20. Басқарма құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған соң үш жұмыс күні ішінде бөлім ұсынған құжаттарды қарайды және тиесілі субсидия сомасын көрсете отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АШТӨ жиынтық тізілімін қалыптастырады және оны облыстардың Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне бекітуге жібереді.
21. Комиссияның ұсынысы бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері екі жұмыс күні ішінде субсидияның тиесілі сомасын көрсете отырып, жиынтық тізілімді бекітеді. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жиынтық тізілімді бекіткеннен кейін, Басқарма оны Бөлімге жібереді.
АШТӨ биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың мәлімделген көлемін сатып алудан бас тартқан жағдайда, басқарма биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың осы көлемін АШТӨ тізіміне енгізілген басқа АШТӨ арасында бөледі.
22. Басқарма бюджеттік субсидияларды төлеу үшін аумақтық қазыналық бөлімшесіне ақы төлеу шотының тізілімін ұсынады және төлемдер бойышынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес АШТӨ-нің банктік шоттарына бюджеттік субсидияларды аударады.
Басқарма екі жұмыс күні ішінде бөлімге аудан бойынша АШТӨ-ге төлінген бюджет қаражатының көлемі туралы ақпаратты жолдайды.
23. Басқарма ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, Министрлікке ауыл шаруашылығы дақылдарының өңделген алқаптарын және бюджеттік субсидиялардың сомасын, сондай-ақ бюджеттік субсидиялардың бекітілген көлемі игерілмеген жағдайда – игерілмеуге әкеп соққан себептерді көрсете отырып, АШТӨ-ге төленген бюджеттік субсидиялардың көлемі туралы алдын ала мәліметтер береді. Бұл ретте АШТӨ-ге төленген бюджеттік субсидиялардың көлемі туралы мәліметтер 2013 жылғы 25 желтоқсанға дейінгі мерзімде ұсынылады.
24. Басқарма 2013 жылғы 25 желтоқсанға дейінгі мерзімде Министрлікке бюджеттік субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпарат береді.
"______________________ облысының әкімдігі" ММ
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса))
ӨТІНІМ
_________ грамм (дана) көлемінде ____________________________________
(биоагент түрі)
биоагентін (энтомофагын) және биопрепаратын сатып алу үшін субсидия
алуға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізіміне қосуды
сұраймын.
Ұйым туралы мәліметтер:
1. Меншік нысаны ____________________________________________________
2. Құрылған жылы ____________________________________________________
3. Тіркеу туралы куәлігі ____________________________________________
_____________________________________________________________________
(№, кім және қашан берген)
4. Орналасқан жері __________________________________________________
5. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алаңының мөлшері ___ гектар.
6. Қоса берілетін құжаттар: _________________________________________
_____________________________________________________________________
Басшысы ______________________________________ ___________
(Т.А.Ә.) (қолы)
М.О.
20__ ж. "___" ________________
Өтініш қарауға 20__ жылғы "___" _________________________ қабылданды.
_____________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған жауапты тұлғаның Т.А.Ә., қолы)
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің
бюджеттік субсидияларды алуға арналған
өтінімі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(құрылтай құжаты)
негізде әрекет ететін
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(АШТӨ)
атынан бірінші басшы ________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
_____________________________________________________________________
өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге
арналған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың
құнын арзандатуға субсидия бөлуді сұрайды.
____________________________ гектар ___________________________
(ауданы) (дақыл)
АШТӨ заңды мекенжайы: _______________________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
АШТӨ жиынтық тізілімі
20__ жылы субсидия алу үшін
Аудан (қала) | Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы | ЖСН | Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің ағымдағы шоты | Биоагент (энтомофаг) түрі | Сатып алынатын биоагенттердің (энтомофагтардың) көлемі, грамм (дана) | |
БСК | ЖСК | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 7 | 8 |
Жиыны: |
Комиссия төрағасы: ________________________________________ _________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Комиссия мүшелерi: ________________________________________ _________
(Т.А.Ә.) (қолы)
________________________________________ _________
(Т.А.Ә.) (қолы)