Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.07.2015 № 523 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. «Кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киімінің және нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормалары мен айырым белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 1062 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киімінің және нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) көгілдір-сұр немесе көк түсті плащ;»;
3-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) көгілдір-сұр немесе көк түсті берет»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) көгілдір-сұр немесе көк түсті плащ;»;
5-тармақта:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) көгілдір-сұр немесе көк түсті плащ;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) кеуденің сол жағында кеуде қалталары және қалпақша қалталары бар, жағасы ашық көгілдір түспен көмкерілген, шалбары бар көгілдір-сұр немесе көк түсті бір қаусырмалы күнделікті китель»;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) иығында негізгі мата түстес паточкалы көгілдір-сұр немесе көк түсті планкасы бар жеңі ұзын ашық көк түсті көйлек;»;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) иығында негізгі мата түстес паточкалы көгілдір-сұр немесе көк түсті планкасы бар жеңі қысқа ашық көк түсті көйлек;»;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
11-1) иығында негізгі мата түстес паточкалы көгілдір-сұр немесе көк түсті планкасы бар жеңі ұзын ақ түсті көйлек;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) иығында негізгі мата түстес паточкалы көгілдір-сұр немесе көк түсті планкасы бар жеңі қысқа ақ түсті көйлек;»;
8-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) көгілдір-сұр немесе көк түсті берет, береттің айналасында зерленген таспа;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) қалпақша қалталары бар, жағасы ашық көгілдір түспен көмкерілген, белдемшесі бар көгілдір-сұр немесе көк түсті ашық бір қаусырмалы күнделікті китель;»;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) иығында негізгі мата түстес паточкалы көгілдір-сұр немесе көк түсті планкасы бар жеңі ұзын ашық көк түсті көйлек;»;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) иығында негізгі мата түстес паточкалы көгілдір-сұр немесе көк түсті планкасы бар жеңі қысқа ашық көк түсті көйлек;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) иығында негізгі мата түстес паточкалы көгілдір-сұр немесе көк түсті планкасы бар жеңі ұзын ақ түсті көйлек;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) иығында негізгі мата түстес паточкалы көгілдір-сұр немесе көк түсті планкасы бар жеңі қысқа ақ түсті көйлек;»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген кеден органдарының лауазымды адамдарын нысанды киіммен және нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларында:
«Нысанды киім» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 5-1, 7-1, 8-1, 9-1, 13-1, 14-1, 15-1, 16-1-жолдармен толықтырылсын:
«
5-1. |
Берет |
1 |
36 |
|
7-1. |
Плащ |
1 |
36 |
|
8-1. |
Шалбары бар китель* |
1 |
24 |
|
9-1. |
Белдемшесі бар китель* |
1 |
24 |
|
13-1. |
Ұзын жеңді ашық көк түсті көйлек* |
1 |
12 |
|
14-1. |
Қысқа жеңді ашық көк түсті көйлек* |
1 |
24 |
|
15-1. |
Ұзын жеңді ақ түсті көйлек* |
1 |
24 |
|
16-1. |
Қысқа жеңді ақ түсті көйлек* |
1 |
12 |
»;
«Айырым белгілері» деген кіші бөлімдегі 3, 9 және 10-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
3. |
Күнделікті алмалы-салмалы погондар |
3 |
24 |
|
9. |
Үлкен жұлдыз |
42 |
36 |
|
10. |
Кіші жұлдыз |
56 |
36 |
»;
«Кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киімдерінің (погонсыз) айырым белгілері» деген кіші бөлімдегі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
9. |
Жеңге тағылатын күнделікті белгі |
4 |
24 |
»;
мынадай мазмұндағы 10-1 деген жолмен толықтырылсын:
«
10-1 |
Бөлімшенің атауымен жеңге тағылатын белгі |
4 |
24 |
»;
Ескертпе мынадай мазмұндағы «*» үшінші абзацпен толықтырылсын:
«*Нысанды киім кеден органдарының лауазымды адамдарына погонсыз беріледі.».
3) көрсетілген қаулымен бекітілген кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киімінің және нысанды киімінің (погонсыз) айырым белгілерінде:
«Жеңге тағатын белгiлер, кокардалар, эмблемалар, жапсырмалар, бейдждер» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Кеден органдарының арнайы атақтары жоқ лауазымды адамдарының оң қолының жеңіне тағылатын белгісі қалқан нысанындағы мөлшері 110*83 мм көк түсті матаны және ішінде аумақтық бөлімшенің атауы жазылған сегіз бұрышты, жазуы көк түсті жіппен кестелеу әдісімен орындалған, «алтын» түсті жіппен кестелеу әдісімен орындалған сегіз бұрышты бейнені білдіреді.
Сегіз бұрышты бейненің төменгі бөлігінде «КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ» деген жазу бар. Белгінің жиегі бойының ішкі бөлігінде «алтын» түсті жіппен кестелеу әдісімен орындалған масақ жапырақшалары мәнері бар. Жиегі және жазулары ашық көгілдір түсті жіппен жасалған.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов