Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау туралы, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1222 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 561-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сатып алынатын арнайы қорғау дәрежесі талап етілетін баспа өнімінің тізбесінде:
реттік нөмірі 119-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"119. Жол жүру құжаты (босқынның)";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 120, 121-жолдармен толықтырылсын:
"120. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі
121. Теңізде жүзу кітапшасы.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С.Ахметов |