Жалпы пайдаланымдағы халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-үстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық тексеру жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 1038 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 203 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.04.2017 № 203 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 17 қазандағы № 725 бұйрығын қараңыз.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Жалпы пайдаланымдағы халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық тексеру жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Қағидалардың 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 3-тармағын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 1 қазандағы
№ 1038 қаулысымен
бекітілген

Жалпы пайдаланымдағы халықаралық және республикалық маңызы бар
автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу,
күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық тексеру
жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен қаржыландыру
қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жалпы пайдаланымдағы халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық тексеру жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың жалпы пайдаланымдағы халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық тексеру жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен қаржыландыру тәртібін айқындайды.

      2. Жалпы пайдаланымдағы халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық тексеру жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат және қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      3. Жалпы пайдаланымдағы халықаралық және республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) ағымдағы жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру жүріп өткені үшін алынатын қаражат есебінен жүзеге асырылады.

      4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) тапсырыс беруші – Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор;

      2) негізгі техника мен жабдықтарды жұмылдыру графигі – қол қойылғаннан кейін мердігерлік шартына енгізілетін және кейіннен шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, шартты орындау үшін жобаны қажетті техникамен және жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша мердігер ұйымның мерзімдері мен міндеттемелері туралы ақпаратты қамтитын, айлар бөлінісінде жасалатын құжат;

      3) жалпы жұмыстар жүргізу графигі – қол қойылғаннан кейін мердігерлік шартына енгізілетін және кейіннен шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, жоба бойынша заттай және ақшалай көріністегі жұмыстардың нақты көлемдерін орындау бойынша мердігер ұйымның мерзімдері мен міндеттемелері туралы жалпыланған ақпаратты қамтитын, айлар бөлінісінде жасалатын құжат;

      4) жыл сайынғы жұмыстарды орындау графигі – тиісті жылда жоба бойынша жұмыстар көлемін орындау жөніндегі мердігер ұйымның мерзімдері мен міндеттемелері туралы толық ақпаратты қамтитын жалпы жұмыстарды жүргізу графигінің негізінде әзірленген құжат;

      5) автомобиль жолдарын диагностикалау – одан әрі пайдалану және жол-жөндеу жұмыстары стратегиясын әзірлеу мүмкіндіктерін бағалай отырып, егжей-тегжейлі аспаптық тексеру негізінде автомобиль жолдарының көліктік-пайдалану жай-күйінің ықтимал бұзушылықтарының себептерін анықтау және болжау үшін жүргізілетін іс-шаралар;

      6) автомобиль жолдарын паспорттау – конструктивті элементтерді, инженерлік құрылыстар мен жабдықтарды, желілік ғимараттар мен құрылыстарды қоса алғанда, автомобиль жолдарының болуы, олардың ұзақтығы, техникалық жай-күйі туралы деректерді қалыптастыру;

      7) автомобиль жолдарын аспаптық тексеру – автомобиль жолдарының көліктік-пайдалану жай-күйін айқындауға арналған іс-шаралар;

      8) түзету деректерінің кестесі – осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша материалдар, жабдықтар мен еңбекақы құнының түзетілетін және түзетілмейтін құрауыштары көрсетілетін кесте;

      9) аралық төлеу сертификаты – құнын көрсете отырып, мердігерлік шарты шеңберінде жұмыстардың белгілі бір уақыт кезеңінде орындалуын растайтын құжат;

      10) базалық күн – конкурстық бағалау ұсыныстарын ашу күніне дейін күнтізбелік 49 күннің алдындағы күн;

      11) жоба – жалпы пайдаланымдағы халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салуға, реконструкциялауға және күрделі жөндеуге бағытталған жобалар.

2. Жалпы пайдаланымдағы халықаралық және республикалық маңызы
бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және күрделі
жөндеу жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен қаржыландыру
тәртібі

      5. Тапсырыс беруші жалпы пайдаланымдағы халықаралық және республикалық автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды және күрделі жөндеуді іске асыруды Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес инжирингтік қызметтерді көрсететін мердігер ұйымды, сондай-ақ ұйым мен сарапшыны белгіленген тәртіппен тарту арқылы жүзеге асырады.

      6. Мердігерлік шарты, сондай-ақ инжинирингтік қызметтер көрсетуге арналған шарт мердігерлік ұйымды айқындау туралы шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік 28 күн ішінде жасалады.

      Бұл ретте мердігерлік ұйымды айқындау бойынша конкурсты өткізу кезінде 18 айдан астам іске асырылып жатқан жобалардағы мердігерлік жұмыстардың құны тиісті жылға арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің негізінде айқындалатын жоспарлы қайта есептеу коэффициенті қолданылмай айқындалады.

      7. Негізгі техника мен жабдықтарды жұмылдыру графигі мердігер ұйым негізгі техника мен жабдықтарды жұмылдыруды жұмыстар басталған күннен бастап үш ай ішінде аяқтайды деген шартты ескере отырып жасалады.

      Жалпы жұмыстар графигі жұмысты орындаудың барлық кезеңіне жасалады. Жоба шеңберінде жұмыстарды бастау күні инжинирингтік қызметтер көрсететін сарапшының немесе ұйымның, мердігер ұйымның жұмыстардың басталғаны туралы хабарлама жіберу күні болып табылады.

      Бұл ретте жұмыстардың басталғаны туралы хабарлама мынадай барлық санамаланған фактілер:

      1) мердігер ұйымның аванс алуы (егер бұл мердігерлік шартында көзделсе);

      2) тапсырыс берушінің қабылдау-тапсыру актісі бойынша жоба іске асырылып жатқан автомобиль жолын (жол учаскесін) беруі;

      3) мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын органдардан құрылыс-монтаждау жұмыстарын өндіруге арналған талон алу басталғаннан кейін беріледі.

      8. Мердігерлік шартына қол қойылғаннан және жобалау-сметалық құжаттаманың толық жинақтамасы мен өзге де техникалық құжаттама алынғаннан кейін мердігер ұйым күнтізбелік 21 күн ішінде инжирингтік қызметтер көрсететін сарапшының немесе ұйымның мақұлдауына негізгі техника мен жабдықтарды жұмылдыру графигін, сондай-ақ, жалпы жұмыстар жүргізу графигін ұсынуы тиіс.

      Инжинирингтік қызметтер көрсететін сарапшы немесе ұйым күнтізбелік үш күн ішінде көрсетілген құжаттарды қарайды және мердігерлік шартымен сәйкессіздіктерді анықтаған жағдайда, қажетті түзетулер енгізеді және мердігер ұйымға түзету үшін жолдайды.

      Мердігер ұйым екі жұмыс күні ішінде инжинирингтік қызметтер көрсететін сарапшының немесе ұйымның қарауына түзетілген графиктерді мақұлдау үшін ұсынады.

      9. Мердігер ұйым жалпы жұмыстар графигі мақұлданғаннан кейін немесе жаңа қаржы жылы басталғаннан кейін күнтізбелік 14 күн ішінде жыл сайынғы жұмыстарды орындау графигін жасайды және инжирингтік қызметтерді көрсететін сарапшының немесе ұйымның мақұлдауына ұсынады.

      Жалпы жұмыстарды орындау графигі жыл сайынғы жұмыстарды орындау графигін жасау нәтижелері бойынша түзетілуі мүмкін. Жыл сайынғы графиктер мынадай:

      1) мердігерлік шартында көзделмеген және оларды орындау үшін қосымша уақытты талап ететін қосымша жұмыстар анықталған. Аталған жағдайда жыл сайынғы және жалпы жұмыстарды орындау графиктері осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тәртіппен жұмыстар көлемінің ведомосына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін түзетіледі;

      2) авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын орындау қажеттілігіне әкеп соққан төтенше жағдайлар басталған;

      3) тапсырыс берушінің бастамасы бойынша мердігер ұйымның жұмысын тоқтатқан жағдайларда түзетуге жатады.

      10. Жұмыстар көлемінің ведомосы мердігер ұйымның мердігер ұйымды анықтау жөніндегі конкурста және өзінің бағалық ұсынысының құрамдас бөлігі ретінде ұсынатын мердігерлік шарты шеңберінде орындалуға жататын жұмыстардың көлемі, олардың құны туралы негізгі ақпаратты көрсететін құжат.

      Жұмыстар көлемінің ведомосы бірнеше бөлімнен тұрады, олардың әрқайсысы аталған жұмыстар түрі бойынша көлемін, көлем мен жалпы құнның бірлігі үшін құнды көрсететін жекелеген шығындардың тармақтарын қамтиды.

      Мердігерлік ұйымды анықтау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде әлеуетті жеткізушілер жұмыстар көлемі ведомосынан әрбір жұмыс түріне өздерінің бағалауларын ұсына алады.

      Мердігер ұйымды анықтау жөніндегі конкурс өткізілгеннен кейін әлеуетті жеткізушілер мәлімдеген бағалаулар шарттың бір бөлігі болады.

      Жұмыстар көлемінің ведомосы әрбір бағалау шеңберінде орындалуға жататын жұмыстар көлемі ведомосының әрбір тармағы бойынша жұмыстар түрлері көрсетілетін түсіндірме жазбаны қамтиды.

      Жұмыстар көлемі ведомосының әрбір тармағы бойынша бағалаулар тіркелген немесе құбылмалы болуы мүмкін.

      Тіркелген мөлшерлеме көлемін бірліктік бағалаулар бойынша өлшеуге болмайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін көзделеді. Тіркелген мөлшерлемелер бойынша ақы төлеу құнның түзетілуін есепке алмастан, бір мезгілде бір ай аралығымен жүзеге асырылады.

      Өзге жұмыс түрлері көлемінің бірлігіне (жеке бағалаулар) құнның болуын көздейтін құбылмалы мөлшерлемелер бойынша төленеді. Құбылмалы мөлшерлемелер бойынша жұмыстарға ақы төлеу іс жүзінде орындалған жұмыстар бойынша жүзеге асырылады.

      Жұмыстар көлемінің ведомосына өзгерістер енгізу мердігерлік шартында көзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.

      11. Орындалған жұмыстар көлемі үшін төлем мердігерлік шартына сәйкес жүзеге асырылады.

      12. 18 айдан астам іске асырылып жатқан жобалар бойынша мердігерлік шарттың құнын түзету жүзеге асырылады.

      Құнды түзету жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар көлемін орындағаны үшін аралық төлемдерді жүзеге асыру кезінде төлем немесе шегеру сомасын білдіреді.

      Құнды түзету жоба бойынша жұмыстар басталған күннен кейін 18 ай өткен соң жүзеге асырылады және мердігерлік шарттың қорытынды құны бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген құнға жеткен сәттен бастап тоқтатылады.

      Құнды түзету құнды түзету коэффициентін жұмыстар көлемінің ведомосы бойынша бір айда орындалған жұмыстар құнына көбейту арқылы мынадай формула бойынша айқындалады:

      Рn = a+bLn|Lo+cEn|Eo+dMn\Mo+... мұндағы:

      "Рn" – егер мердігерлік шартында өзгеше көрсетілмесе, мердігерлік шартының есептік құнына қолданылатын, күнтізбелік 1 айды білдіретін "n" кезеңі ішінде орындалған жұмыстарды түзету коэффициенті;

      "а" – түзетуге жатпайтын шарт бойынша төлемдердің бір бөлігін көрсететін, түзету деректері кестесінде келтірілген тіркелген коэффициент;

      "b", "с", "d" – бұл тиісті конкурстық құжаттаманың түзету деректері кестесінде жұмыстарды орындауға қатысы бар шығындардың әрбір элементінің бағалау үлесін білдіретін коэффициенттер;

      "Ln", "Мn", "Еn" және т.с.с. – аралық төлем сертификаты түзету деректерінің кестесінде көрсетілген әрбір шығындар элементіне тиесілі кезеңнің соңғы күніне дейін әрбір шығындар элементіне жататын, күнтізбелік 49 күннен кешіктірілмейтін күні "n" кезеңі үшін ағымдағы құн көрсеткіштері немесе базистік бағалар. Ағымдағы көрсеткіштер немесе базистік бағалар ай сайынғы ресми статистикалық мәліметтер бойынша қолданылады.

      "Lо", "Мо", "Ео" және т.с.с. – конкурстық бағалық ұсыныстарды ашу күнінің алдындағы күнтізбелік 49 күнге қолданылатын, базалық күннің жай-күйі бойынша тиісті төлем валютасында көрсетілген әрбір шығындар элементі бойынша базистік құн көрсеткіштері немесе базистік бағалар.

3. Жалпы пайдаланымдағы халықаралық және республикалық маңызы
бар автомобиль жолдарын орташа, ағымдағы жөндеу,
күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық тексеру
жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен қаржыландыру
тәртібі

      13. Жалпы пайдаланымдағы халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа, ағымдағы жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық тексеру жөніндегі жұмыстарды іске асыру мердігер ұйымды белгіленген тәртіппен тарту арқылы жүзеге асырылады.

      14. Орташа жөндеу жол мен жол құрылысының бастапқы пайдалану сапаларын қалпына келтірумен байланысты жұмыстарды кезеңдік орындауды көздейді.

      Орташа жөндеу бойынша жұмыстардың көлемі жолдарды диагностикалау нәтижелері мен ведомостволық сараптамадан өтетін ақаулар ведомостары негізінде жасалатын сметалық есептермен айқындалады.

      15. Автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу мен күтіп-ұстауды жүргізу "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауға арналған қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 423 қаулысымен бекітілген қолданыстағы қаржыландыру нормативтеріне сәйкес ағымдағы жөндеуге және күтіп-ұстауға арналған қаражат шегінде ақаулар ведомостары бойынша жолдарды тексеріп-қарау нәтижелерінің негізінде жоспарланады. Ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды маршруттық тәсілмен орындау кезінде жұмыстарды сметалық есептер негізінде орындауға жол беріледі.

      16. Автомобиль жолдарын диагностикалау, паспорттау және аспаптық тексеру жөніндегі жұмыстар тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша автомобиль жолдары мен жасанды құрылыстардың жай-күйін мониторингілеу үшін орындалады.

      17. Автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық тексеру жөніндегі жұмыстардың құны автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сметалық нормалар мен бағалаулар негізінде айқындалады.

  Жалпы пайдаланымдағы халықаралық
және республикалық маңызы бар автомобиль
жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу,
күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау
және аспаптық тексеру жөніндегі жұмыстарды
іске асыру мен қаржыландыру қағидаларына
қосымша

Түзету деректерінің кестесі

Құнның құрауышы

Көрсеткіштер көздері

Базалық көрсеткіштер

Үлестік қатынас

Айы

Ағымдағы көрсеткіштер

Күні

Түзету

Тіркелген мөлшерлеме







Құбылмалы мөлшерлемелер:

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі






1...






2...






3...






4...






5...







Об утверждении Правил реализации и финансирования работ по строительству, реконструкции, ремонту, содержанию, диагностике, паспортизации и инструментальному обследованию автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения

Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 октября 2013 года № 1038. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 апреля 2017 № 203

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 17.04.2017 № 203 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления  см. приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 17 октября 2016 года № 725.
      Примечание РЦПИ!
      Введение в действие см. п. 2

      В соответствии с подпунктом 8-1) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 17 июля 2001 года "Об автомобильных дорогах" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила реализации и финансирования работ по строительству, реконструкции, ремонту, содержанию, диагностике, паспортизации и инструментальному обследованию автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения (далее – Правила).

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования, за исключением пункта 3 Правил, который вводится в действие с 1 июля 2014 года.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

С. Ахметов


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 1 октября 2013 года № 1038

Правила реализации и финансирования работ по строительству,
реконструкции, ремонту, содержанию, диагностике, паспортизации
и инструментальному обследованию автомобильных дорог общего
пользования международного и республиканского значения
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила реализации и финансирования работ по строительству, реконструкции, ремонту, содержанию, диагностике, паспортизации и инструментальному обследованию автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 8-1) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 17 июля 2001 года "Об автомобильных дорогах" и определяют порядок реализации и финансирования работ по строительству, реконструкции, ремонту, содержанию, диагностике, паспортизации и инструментальному обследованию автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения Национальным оператором по управлению автомобильными дорогами.

      2. Финансирование работ по строительству, реконструкции, ремонту, содержанию, диагностике, паспортизации и инструментальному обследованию автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения осуществляется за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на соответствующий год и заемных средств.

      3. Финансирование работ по текущему ремонту и содержанию платных автомобильных дорог (участков) общего пользования международного и республиканского значения осуществляется за счет средств, полученных от взимания платы за проезд.

      4. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) заказчик – Национальный оператор по управлению автомобильными дорогами;

      2) график мобилизации основной техники и оборудования – документ, составляемый в разрезе месяцев, включаемый в договор подряда после подписания, и в последующем являющийся неотъемлемой частью договора, который содержит информацию о сроках и обязательствах подрядной организации по обеспечению проекта техникой и оборудованием, необходимой для исполнения договора;

      3) общий график производства работ – документ, составляемый в разрезе месяцев, включаемый в договор подряда после подписания, и в последующем являющийся неотъемлемой частью договора подряда, который содержит обобщенную информацию о сроках и обязательствах подрядной организации по исполнению конкретных объемов работ по проекту, в физическом и денежном выражении;

      4) ежегодный график выполнения работ – документ, составленный на основе общего графика производства работ, который содержит подробную информацию о сроках и обязательствах подрядной организации по исполнению объемов работ по проекту в соответствующем году;

      5) диагностика автомобильных дорог – мероприятия, проводимые для выявления причин и прогнозирования возможных нарушений транспортно-эксплуатационного состояния автомобильных дорог на основе детальных инструментальных обследований с оценкой возможности дальнейшей эксплуатации и разработкой стратегии дорожно-ремонтных работ;

      6) паспортизация автомобильных дорог – формирование данных о наличии автомобильных дорог, их протяженности, техническом состоянии, включая конструктивные элементы, инженерные сооружения и оборудования, линейные здания и сооружения;

      7) инструментальное обследование автомобильных дорог – мероприятия для определения транспортно-эксплуатационного состояния автомобильных дорог;

      8) таблица корректировочных данных – таблица, где указываются корректируемые и некорректируемые составляющие стоимости материалов, оборудования и заработной платы по форме, согласно приложению к настоящим Правилам;

      9) сертификат промежуточной оплаты – документ, подтверждающий выполнение работ в рамках договора подряда, в течение определенного периода времени с указанием стоимости;

      10) базовая дата – дата, предшествующая 49 календарным дням, до даты вскрытия конкурсных ценовых предложений;

      11) проект – проекты, направленные на строительство, реконструкцию и капитальный ремонт автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения.

2. Порядок реализации и финансирования работ по строительству,
реконструкции и капитальному ремонту автомобильных дорог общего
пользования международного и республиканского значения

      5. Заказчик осуществляет реализацию строительства, реконструкции и капитального ремонта автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения путем привлечения в установленном порядке подрядной организации, а также эксперта или организации, оказывающих инжиниринговые услуги в соответствии с законодательством Республики Казахстан об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности.

      6. Договор подряда, а также договор на оказание инжиниринговых услуг заключаются в течение 28 календарных дней после принятия решения об определении подрядной организации.

      При этом при проведении конкурса по определению подрядной организации стоимость подрядных работ на проектах, реализуемых свыше 18 месяцев, определяется без применения планового коэффициента пересчета, определяемого на основе месячного расчетного показателя, установленного Законом Республики Казахстан о республиканском бюджете на соответствующий год.

      7. График мобилизации основной техники и оборудования составляется с учетом условия, что подрядная организация в течение трех месяцев с даты начала работ завершает мобилизацию основной техники и оборудования.

      Общий график работ составляется на весь период выполнения работ. Датой начала работ в рамках проекта является дата подачи уведомления экспертом или организацией, оказывающей инжиниринговые услуги, подрядной организации о начале работ.

      При этом уведомление о начале работ выдается после наступления всех перечисленных фактов:

      1) получения аванса подрядной организацией (если это предусмотрено договором подряда);

      2) передачи заказчиком по акту приема-передачи автомобильной дороги (участка), на котором реализуется проект;

      3) получения от органов, осуществляющих государственный архитектурно-строительный контроль и надзор, талона на производство строительно-монтажных работ.

      8. После подписания договора подряда и получения полного комплекта проектно-сметной документации и иной технической документации в течение 21 календарного дня подрядная организация представляет на одобрение эксперту или организации, оказывающей инжиниринговые услуги, график мобилизации основной техники и оборудования, а также общий график производства работ.

      Эксперт или организация, оказывающая инжиниринговые услуги, в течение трех календарных дней рассматривает указанные документы и в случае выявления несоответствий с договором подряда, вносит необходимые коррективы и направляет подрядной организации для корректировки.

      Подрядная организация в течение двух рабочих дней представляет на рассмотрение эксперту или организации, оказывающей инжиниринговые услуги, исправленные графики для одобрения.

      9. В течение 14 календарных дней после одобрения общего графика работ или наступления нового финансового года подрядная организация составляет ежегодный график выполнения работ и представляет на одобрение эксперту или организации, оказывающей инжиниринговые услуги.

      Общий график выполнения работ может быть скорректирован по результатам составления ежегодного графика выполнения работ.

      Ежегодные графики подлежат корректировке в следующих случаях:

      1) выявления дополнительных работ, не предусмотренных в договоре подряда и влекущих дополнительное время на их выполнение. В данном случае ежегодный и общий графики выполнения работ корректируются после внесения соответствующих изменений в ведомость объемов работ в порядке, предусмотренном пунктом 8 настоящих Правил;

      2) наступления чрезвычайных ситуаций, повлекших за собой необходимость выполнения аварийно-восстановительных работ;

      3) приостановления работ подрядной организацией по инициативе заказчика.

      10. Ведомость объемов работ представляет собой документ, представляемый подрядной организацией в качестве составной части своего ценового предложения на конкурсе по определению подрядной организации и отражающий основную информацию об объемах работ, подлежащих выполнению в рамках договора подряда и их стоимости.

      Ведомость объемов работ состоит из нескольких разделов, каждый из которых включает в себя отдельные пункты затрат, с указанием объемов, стоимости за единицу объема и общей стоимости по данному виду работ.

      При проведении конкурса по определению подрядной организации потенциальные поставщики могут представить свои единичные расценки на каждый вид работ ведомости объемов работ.

      После проведения конкурса по определению подрядной организации заявленные потенциальным поставщиком расценки становятся частью договора подряда.

      Ведомость объемов работ также включает в себя пояснительную записку, где указываются виды работ по каждому пункту ведомости объемов работ, подлежащих выполнению в рамках каждой расценки.

      Расценки по каждому пункту ведомости объемов работ могут быть фиксированными или плавающими.

      Фиксированная ставка предусматривается для работ и услуг, объемы которых невозможно измерить по единичным расценкам. Оплата работ по фиксированным ставкам осуществляется единовременно с интервалом в один месяц и без учета корректировки стоимости.

      Иные виды работ оплачиваются по плавающим ставкам, которые предусматривают наличие стоимости за единицу объема (единичные расценки). Оплата работ по плавающим ставкам осуществляется по фактически выполненным объемам работ.

      Внесение изменений в ведомость объемов работ осуществляется в порядке и на условиях, предусмотренных договором подряда.

      11. Оплата за выполненные объемы работ осуществляется в соответствии с договором подряда.

      12. По проектам, реализуемым свыше 18 месяцев, осуществляется корректировка стоимости договора подряда.

      Корректировка стоимости представляет собой сумму оплаты или вычета при осуществлении промежуточных выплат за выполнение объемов работ в рамках реализации проекта.

      Корректировка стоимости осуществляется по истечении 18 месяцев после даты начала работ по проекту и прекращается с момента, когда итоговая стоимость договора подряда достигнет стоимости проекта, указанной в утвержденной проектно-сметной документации.

      Корректировка стоимости определяется путем умножения коэффициента корректировки стоимости на стоимость выполненных работ в месяц по ведомости объемов работ по следующей формуле:

      Рn = а + bLn/Lo + cEn/Eo + dMn/Mo +......, где:

      "Рn" – применяемый к расчетной стоимости договора подряда коэффициент корректировки выполненных работ в течение периода "n", представляющего собой один календарный месяц, если в договоре подряда не указано иное;

      "а" – фиксированный коэффициент, приведенный в таблице корректировочных данных, который отражает часть платежей по договору подряда, не подлежащую корректировке;

      "b", "с", "d" – это коэффициенты, представляющие собой оценочную долю каждого элемента затрат, имеющего отношение к выполнению работ, в соответствующей таблице корректировочных данных конкурсной документации;

      "Ln", "Мn", "Еn" и т.д. – текущие показатели стоимости или базисные цены для периода "n", относящиеся к каждому элементу затрат, указанному в таблице корректировочных данных, на дату не позднее 49 календарных дней до последнего дня периода, к которому относится сертификат промежуточной оплаты. Текущие показатели или базисные цены применяются по официальным ежемесячным статистическим данным;

      "Lo", "Мо", "Ео" и т.д. – показатели базовой стоимости или базисные цены по каждому из элементов затрат, выраженные в соответствующей валюте платежа, по состоянию на базовую дату, которая применяется на дату 49 календарных дней, предшествующую дате вскрытия конкурсных ценовых предложений.

3. Порядок реализации и финансирования работ по среднему,
текущему ремонту, содержанию, диагностике, паспортизации и
инструментальному обследованию автомобильных дорог общего
пользования международного и республиканского значения

      13. Реализация работ по среднему, текущему ремонту, содержанию, диагностике, паспортизации и инструментальному обследованию автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения осуществляется путем привлечения в установленном порядке подрядной организации.

      14. Средний ремонт предусматривает периодическое выполнение работ, связанных с восстановлением первоначальных эксплуатационных качеств дороги и дорожных сооружений.

      Объемы работ по среднему ремонту определяются сметными расчетами, составляемыми на основании результатов диагностики дорог и ведомостей дефектов, с прохождением ведомственной экспертизы.

      15. Проведение текущего ремонта и содержания автомобильных дорог планируется на основе результатов осмотров дорог по ведомостям дефектов, в пределах средств на текущий ремонт и содержание, согласно действующим нормативам финансирования, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 апреля 2003 года № 423 "Об утверждении нормативов финансирования на ремонт и содержание автомобильных дорог Республики Казахстан". При выполнении работ по текущему ремонту маршрутным способом допускается выполнение работ на основе сметных расчетов.

      16. Работы по диагностике, паспортизации и инструментальному обследованию автомобильных дорог выполняются по заданию заказчика для мониторинга состояния автомобильных дорог и искусственных сооружений.

      17. Стоимость работ по текущему ремонту, содержанию, диагностике, паспортизации и инструментальному обследованию автомобильных дорог определяется на основе сметных норм и расценок, установленных уполномоченным государственным органом по автомобильным дорогам.

  Приложение
к Правилам реализации и финансирования
работ по строительству, реконструкции,
ремонту, содержанию, диагностике,
паспортизации и инструментальному
обследованию автомобильных дорог
общего пользования международного
и республиканского значения

Таблица корректировочных данных

Составляющая стоимости

Источники показателей

Базовые показатели

Долевое соотношение

Месяц

Текущие показатели

Дата

Корректировка

Фиксированная ставка







Плавающие ставки:

Агентство Республики Казахстан по статистике






1...






2...






3...






4...






5...