Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.10.2015 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 3 қазандағы
№ 1048 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы № 1298 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесі туралы ережеде:
12-тармақтың он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияны Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, ал төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық және салалық комиссияларды тиісінше облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері, орталық атқарушы органдар басшыларының орынбасарлары басқарады.».
2. «Халықты және өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарды хабарландыру, білімді насихаттау, оқыту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № 1327 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 45, 452-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Халықты және өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарды хабарландыру, білімді насихаттау, оқыту ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттау жөніндегі материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға байланысты шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде жүргізіледі.».
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.08.2014 N 938 қаулысымен.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).