Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы алдағы жазасын өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 568 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов