«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2013 жылғы 2 қазан - 15 қараша кезеңінде өз ителгілерімен жек дуадақтарға саяхатшылық құруға:
1) шейх Сурур Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағының аумағында 13 (он үш) дарақ жек дуадақ;
2) шейх Сеиф Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағының аумағында 13 (он үш) дарақ жек дуадақ;
3) шейх Джасем Бин Хамад Бин Халифа Әл Таниге (Қатар) Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар Аңдасай мемлекеттік табиғи қаумалы аумағында 9 (тоғыз) дарақ жек дуадақ және Алматы және Жамбыл облыстарындағы республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорық аймағының аумағында 19 (он тоғыз) дарақ жек дуадақ аулауға рұқсат берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті:
1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген адамдарға жек дуадақтарды өз ителгілерімен аулауға белгіленген тәртіппен рұқсат берілсін;
2) «Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Зоология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағында көрсетілген адамдармен шарттық негізде жек дуадақтың популяциясын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар өткізуін қамтамасыз етсін.
3. Жек дуадақты аулау ақысы 260 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасындағы СИТЕС әкімшілік органы ителгімен саятшылық құру үшін жыртқыш қыран құстарды Қазақстан Республикасына әкелу мен одан әкетуді Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның рәсімдерін сақтай отырып қамтамасыз етсін.
5. Алматы, Жамбыл және Маңғыстау облыстарының әкімдері көрсетілген іс-шараларды ұйымдастыруда қажетті жәрдем көрсетсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов