Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 38, 389-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiнде:
43-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«аумақтарды дамытуды жоспарлау, жердi аймақтарға бөлу, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөнiндегi жобалар мен схемаларды әзiрлеу мәселелерi, жер ресурстарын басқаруға байланысты басқа да мәселелер бойынша – мемлекеттiк басқару органдары;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов