Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 – 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
4-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 – 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарында:
4-бағанда «Қоршағанортамині» деген аббревиатура «ҚОСРМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-1, 10-2 және 10-3-жолдармен толықтырылсын:
«
10-1. |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ХКБ арасындағы ЭКСПО-2017 өткізуге байланысты жеңілдіктер мен артықшылықтар туралы келісімнің жобасын әзірлеу |
Келісім жобасы |
СІМ (жинақтау), ҚОСРМ, ЭБЖМ, Қаржымині, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша) |
2014 жылғы желтоқсан |
талап етілмейді |
10-2. |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ХКБ арасындағы ЭКСПО-2017 өткізуге байланысты жеңілдіктер мен артықшылықтар туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын әзірлеу |
заң жобасы |
СІМ (жинақтау), ҚОСРМ, ЭБЖМ, Қаржымині, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша) |
2015 жылғы наурыз |
талап етілмейді |
10-3. |
Халықаралық көрмелер туралы конвенцияны (Париж, 1928 жылғы 22 қараша) ратификациялау туралы заң жобасын әзірлеу және оны Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізу |
заң жобасы |
СІМ (жинақтау), ЭБЖМ, ҚОСРМ, Қаржымині, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша) |
2014 жылғы ақпан |
талап етілмейді |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-1-жолмен толықтырылсын:
«
14-1. |
Қазақстандық делегацияның ХКБ Атқару комитетіне (мамыр, қазан) және ХКБ Бас ассамблеясының 155-156-ші сессияларына (маусым, қараша) қатысуы |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Комиссар, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ |
2014 жылғы шілде, желтоқсан |
2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және оның шегінде (009 «Халықаралық имидждік көрмелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер» бюджеттік бағдарламасы) |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 24-1-жолмен толықтырылсын:
«
24-1. |
ХКБ Бас ассамблеясының 155-ші сессиясында Тіркеу дерекнамасын бекіту |
ХКБ шешімі |
Комиссар, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша) |
2014 жылғы маусым |
талап етілмейді |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 35-1 және 35-2-жолдармен толықтырылсын:
«
35-1. |
ЭКСПО-2017 маскоты (символ) нұсқаларын әзірлеу |
символдың нұсқалары |
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), МАМ |
2014 жылғы қыркүйек |
2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және оның шегінде (009 «Халықаралық имидждік көрмелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер» бюджеттік бағдарламасы) |
35-2. |
Мемлекеттік комиссияда ЭКСПО-2017 маскотын (символ) таңдау бойынша халықтық онлайн дауыс беруі нәтижелерінің тұсаукесері |
тұсаукесер |
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), МАМ |
2014 жылғы қараша |
талап етілмейді |
»;
реттік нөмірі 38-жолдағы «Орындау мерзімі» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
«2014 жылғы желтоқсан»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 43-1, 43-2, 43-3 және 43-4-жолдармен толықтырылсын:
«
43-1. |
Көрме кешені объектілері құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу |
Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар техникалық-экономикалық негіздеме |
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ӨДМ, ҚОСРМ, Астана қаласының әкімдігі |
2014 жылғы наурыз |
2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және оның шегінде (009 «Халықаралық имидждік көрмелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер» бюджеттік бағдарламасы) |
43-2. |
Көрме кешені объектілерінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу |
жобалау-сметалық құжаттама |
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ӨДМ, ҚОСРМ, Астана қаласының әкімдігі |
2013 жылғы қараша – 2015 жылғы желтоқсан |
2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және оның шегінде (025 «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-на нысаналы салым» бюджеттік бағдарламасы) |
43-3. |
ЭКСПО-2017 көрме кешенінің құрылыс-монтаж жұмыстарының кестесін әзірлеу |
құрылыс кестесі |
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ӨДМ, ҚОСРМ, Астана қаласының әкімдігі |
2014 жылғы мамыр |
талап етілмейді |
43-4. |
ЭКСПО-2017 көрме кешенінің құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу және аяқтау |
пайдалануға беру актісі |
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ӨДМ, ҚОСРМ, Астана қаласының әкімдігі |
2017 жылғы қаңтар |
2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және оның шегінде (025 «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-на нысаналы салым» бюджеттік бағдарламасы) |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 56-1, 56-2 және 56-3-жолдармен толықтырылсын:
«
56-1. |
ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған жыл сайынғы форумды дайындау және өткізу |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ҚОСРМ, СІМ, Астана қаласының әкімдігі |
2014 жылғы қазан |
2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және оның шегінде (009 «Халықаралық имидждік көрмелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер» бюджеттік бағдарламасы) |
56-2. |
Астана қаласында және Қазақстанның өңірлерінде «Болашақ энергиясы» көрме тақырыбына байланысты жастар, бұқаралық және мәдени іс-шаралар өткізу |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), БҒМ, МАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2014 жыл бойы |
2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және оның шегінде (009 «Халықаралық имидждік көрмелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер» бюджеттік бағдарламасы) |
56-3. |
Мынадай: |
ҚОСРМ-ге ақпарат |
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «Парасат» холдингі (келісім бойынша), «Зерде» холдингі (келісім бойынша), «Ұлттық медициналық холдинг» (келісім бойынша), «Назарбаев Университеті» ДБҰ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
жыл сайын: 2014 жылғы 10 шілде, 2015 жылғы 10 қаңтар және 10 шілде, 2016 жылғы 10 қаңтар және 10 шілде, 2017 жылғы 10 қаңтар және 10 шілде |
талап етілмейді |
»;
мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
«
Барынша жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар |
|||||
79. |
Демеушілерді тарту, кемінде 8 |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), СІМ, ИЖТМ, ҚОСРМ |
жыл сайын: 2014 жылғы желтоқсан, 2015 жылғы желтоқсан, 2016 жылғы желтоқсан, 2017 жылғы маусым |
талап етілмейді |
80. |
Жаңа технологиялардың көшбасшылары әлемдік брендтерін тарту (халықаралық конференцияларға және көрмелерге қатысу, форумдарды ұйымдастыру және басқа), кемінде 8 |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), СІМ, ИЖТМ, ҚОСРМ |
жыл сайын: 2014 жылғы желтоқсан, 2015 жылғы желтоқсан, 2016 жылғы желтоқсан, 2017 жылғы маусым |
талап етілмейді |
81. |
ЭКСПО-2017 өткізуден тікелей және жанама экономикалық нәтижелерді бағалау |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ИЖТМ, ӨДМ, ККМ, АШМ, ҚОСРМ, СА, БҒМ, Еңбекмині, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша) |
жыл сайын, 2015 жылғы 15 мамырдан бастап 2018 жылғы 15 мамырға дейін |
талап етілмейді |
82. |
ЭКСПО-2017 объектілерін көрмеден кейін пайдалану тәсілдерін іске асыру тетігін әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ҚОСРМ (жинақтау), Қаржымині, ЭБЖМ, МАМ, Астана қаласының әкімдігі, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), «Назарбаев Университеті» ДБҰ (келісім бойынша) |
2017 жылғы сәуір |
талап етілмейді |
».
көрсетілген Ұлттық жоспарға ескертпеде:
«БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі»;
«Қоршағанортамині – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«ҚОСРМ – Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі»;
«БҚА – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«БҚА – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)»;
«БҚА – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«СА – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі».
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi С. Ахметов