Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 512 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 38, 462-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 441 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 34, 413-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттау талаптары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1433 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 13 мамырдағы
№ 512 қаулысымен
бекітілген
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация
персоналын кәсіптік даярлау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағида ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын (бұдан әрі – авиация персоналы) кәсіптік даярлау тәртібін және оған қойылатын жалпы талаптарды айқындайды, ол:
1) авиация персоналын бастапқы даярлауды;
2) авиация персоналын қайта даярлауды;
3) авиация персоналының кәсіптік деңгейін ұстауды қамтиды.
3. Осы Қағидада пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) авиация персоналы – арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар, мынадай қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар:
әуе кемелерінде ұшуды орындау (ұшу экипажы және кабина экипажы);
әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету (әуе кемесін ұшуға жарамды күйде ұстауды жүзеге асыратын персонал);
әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету (әуе қозғалысына қызмет көрсететін диспетчерлік персонал, авиация станцияларының операторлары, іздеу және құтқару жөніндегі, ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық радиобайланыс жөніндегі персонал, радиотехникалық жабдықтарды пайдалану және байланыс жөніндегі персонал, ұшуды метеорологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі персонал);
ұшуды қамтамасыз ету (әуежайларда, әуеайлақтарда, тікұшақ айлақтарында және теңіз қондырғыларына орнатылған тікұшақ алаңдарында ұшуды жерде қамтамасыз ету жөніндегі персонал, әуежайлардың ұшуды электр-жарық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі персоналы, ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер/ұшу диспетчері, азаматтық авиация ұйымдарының басшылары);
2) авиациялық оқу орталығы – авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) белгіленген үлгідегі құжат (куәлік, сертификат) – авиациялық оқу орталығы және/немесе азаматтық авиация ұйымдары әзірлеген және уәкілетті органмен келісілген авиациялық персоналды кәсіптік даярлау бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағанын куәландыратын, азаматтық авиация ұйымының жұмысына қатысу рәсімдеріне сәйкестігі шеңберінде қызметтің белгілі бір түрін орындауға құқық беретін құжат;
4) авиациялық оқу орталығының нұсқаушысы – өз біліктілігіне сәйкес тікелей азаматтық авиация саласының мамандарын кәсіптік даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлға;
5) біліктілік – ұйғарылған деңгейдегі міндеттер мен функцияларды тиімді орындау үшін талап етілетін білімнің, дағды мен іскерліктің үйлесімі;
6) біліктілік белгісі – куәлікке жазылған және оның бір бөлігі болып табылатын жазба, онда осы куәлікке қатысты ерекше шарттар, құқықтар мен шектеулер көрсетіледі;
7) біліктілік талаптары – арнайы даярлау деңгейі мен бейінін айқындайтын талаптар, сондай-ақ жұмыс өтіліне қойылатын талаптар;
8) аралас оқыту – кәсіптік даярлықты әртүрлі оқыту нысандарын біріктіру арқылы өткізу;
9) кешенді (үлгілік) оқыту – кәсіптік даярлықты белгіленген кезеңдегі оқытудың бүкіл бағдарламасын бір мезгілде іске асыру арқылы өткізу;
10) ұшуға даярлық – ұшқыштар құрамын кәсіптік даярлау процесінің бір кезеңі, одан өткен кезде білім алушы ұшуды орындауға дағдыланады және машықтанады әрі оны жетілдіреді;
11) модульдік оқыту – кадрларды даярлаудың кезеңдік жүйесін пайдаланып, үздіксіз білім беру әдісі, мұнда әрбір саты (модуль) алынған білім мен дағдыны бақылаудың және бағалаудың рейтингтік жүйесі бар аяқталған цикл болып табылады;
12) бастапқы даярлау – авиациялық кәсібі немесе мамандығы жоқ адамды, сондай-ақ авиациялық жаңа кәсіпті және мамандықты игерту мақсатында авиация персоналы мен авиация инспекторларын кәсіптік оқыту процесі, мемлекеттік немесе белгіленген үлгідегі құжаттар беріледі;
13) қайта даярлау – авиация персоналы мен авиация инспекторларын оқытудың жаңа (қосымша) кәсіптік білім, дағды, машық (оның ішінде біліктілік белгілерін) алуға және авиациялық техниканы зерделеуге бағытталған процесі, белгіленген үлгідегі құжаттар беріледі;
14) кәсіптік деңгейді ұстау – авиация персоналын оқытудың ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық дамумен және азаматтардың жеке қажеттілігімен негізделген, процесі, оның мақсаты кәсіптік білімді, машық пен дағдыны жаңарту, кеңейту және тереңдету болып табылады, белгіленген үлгідегі құжаттар беріледі;
15) практикалық даярлық – авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау процесінің кезеңі, одан өткен кезде білім алушы әуе кемесінде, пайдалану объектілерінде, жаттығу құрылғыларында, интерактивтік оқыту құралдарында, зертханалық және стендтік жабықтарда, сондай-ақ жекелеген құрылғылармен, агрегаттармен және құрамдауыштармен жұмыс істеудің тәжірибелік дағдысы мен машығын игереді, ұстап тұрады және жетілдіреді;
16) кәсіптік даярлау (оқыту) – бастапқы даярлау, қайта даярлау, кәсіптік деңгейді ұстау, сондай-ақ оқытудың ықтимал түрлері;
17) тағылымдама – мамандықты тәжірибеде игеру, қызмет көрсету мен басқару объектілеріне бейімделу, сондай-ақ жұмыс орнында жылдам бағдарлану және жұмыстың жаңа тәсілдерін игеру мақсатында оқытуды қамтамасыз ететін тұлғаның жетекшілік етуімен жұмыс орнында оқыту;
18) теориялық даярлық – кәсіптік даярлау процесінің кезеңі, одан өткен кезде білім алушы өту кезінде арнайы теориялық білім алады, сондай-ақ оларды бекітілген оқу бағдарламаларына сәйкес қолдайды және жетілдіреді;
19) кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламалары – авиациялық оқу орталығы үшін бағыттардың, мамандықтар мен қызметтің ерекшеліктерін бейнелейтін оқу бағдарламаларын өз бетімен жасау мүмкіндіктерін сақтау арқылы кәсіптік даярлаудың бірізді тәсілін қамтамасыз ететін бағдарламалар;
20) тренажерда даярлау – авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау процесінің кезеңі, одан өткен кезде білім алушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен имитациялайтын құрылғылардың көмегімен практикалық дағды мен машықты игереді, ұстайды және жетілдіреді;
21) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану мен азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі – уәкілетті орган);
22) емтихан алушы (емтихан алатын немесе аттестаттайтын маман) – авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғалардың тізбесіне кірген, уәкілетті орган белгілейтін біліктілік талаптарына сәйкес келетін тұлға;
23) ИКАО – Халықаралық азаматтық авиация ұйымы.
2. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация
персоналын кәсіптік даярлау тәртібі
4. Қазақстан Республикасының авиация персоналын бастапқы даярлау, қайта даярлау және олардың кәсіптік деңгейін ұстау дегеніміз кәсіптік қызметте пайдаланылатын мамандандырылған білім, машық пен дағды алу және оларды тереңдету мақсатындағы оқыту болып табылады.
5. Авиация персоналы тағылымдамадан өткеннен және уәкілетті орган бекітетін жеке тұлғалардың тізбесіне кіретін, тағылымдаманы өткізген лауазымды адамның дербес кәсіптік қызметке жіберу ықтималдығы туралы шешімінен кейін дербес кәсіптік қызметке жіберіледі.
6. Авиация персоналын кәсіптік даярлау авиациялық оқу орталықтарының және азаматтық авиация ұйымдарының авиация персоналын кәсіптік даярлаудың бекітілген, уәкілетті органмен келісілген бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Авиация персоналын кәсіптік даярлау бағдарламалары авиация персоналын кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламаларының негізінде бекітіледі.
Авиация персоналын кәсіптік даярлауды жүзеге асырудың кезеңділігі Авиация персоналын кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламаларында айқындалады.
8. Авиация персоналын кәсіптік даярлау Қазақстан Республикасының сертификатталған авиациялық оқу орталықтарында (авиациялық оқу орталықтарында), тиісті құқығы бар азаматтық авиация ұйымдарында немесе уәкілетті орган таныған сертификатталған шетелдік авиациялық оқу орталықтарында (авиациялық оқу орталықтарында) жүзеге асырылады.
9. Авиация персоналын бастапқы даярлау және қайта даярлау сертификатталған авиациялық оқу орталықтарында ғана жүргізіледі.
10. Авиация персоналының кәсіптік деңгейін ұстау сертификатталған авиациялық оқу орталықтарында (авиациялық оқу орталықтарында), сондай-ақ техникалық және әдістемелік мүмкіндігі мен тиісті мамандардың және/немесе оқытушы ұйымның тиісті саладағы кәсіптік даярлауды жүзеге асыруға заңды құқығы болған жағдайда, азаматтық авиация ұйымының базасында жүргізіледі.
11. Азаматтық авиацияның шетелдік авиациялық оқу орталықтарының сертификаттарын уәкілетті орган танығаннан кейін ғана олар азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлауға және олардың біліктілігін ұстауға жіберіледі.
12. Уәкілетті орган сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарымен шарт бойынша жұмыс істейтін шетелдік азаматтардың авиация персоналын оқытуына рұқсат етіледі.
13. Авиация персоналының бәрін кәсіптік даярлау оқытудың мынадай негізгі нысандары арқылы жүзеге асырылады:
1) тұрақты күндізгі (халықаралық практикаға ықпалдастырылған, үлгілік);
2) модульдік;
3) сырттай;
4) қашықтан;
5) аралас;
6) жеке;
7) курстар, семинарлар, тренингтер;
8) өз бетімен даярлану;
9) практикалық сабақтар;
10) тағылымдама.
14. Таңдап алынған оқыту нысанына қарамастан, бекітілген бағдарламаларға сәйкес әр бағыт бойынша ұшуды қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлауды жүзеге асырудың толық циклі қамтамасыз етіледі.
15. Өз бетімен даярлану тиісті техникалық құралдарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді және оқу әдебиетін пайдалана отырып жүргізіледі.
16. Практикалық сабақтар әуе шарларында, тренажерларда, оқытудың интерактивті құралдарында не тиісті техникалық (зертханалық) жабдықтарда жүргізіледі.
17. Оқыту нысанына қарамастан, мамандық бойынша кәсіптік даярлау бағдарламасына сәйкес қажеттілігіне қарай даярлықтың мынадай кезеңдері қамтамасыз етіледі:
1) теориялық;
2) тренажерда;
3) практикалық;
4) ұшу.
18. Осы Қағидаға сәйкес авиациялық оқу орталықтарының авиация персоналын оқытуды жүзеге асыратын қызметкерлерін кәсіптік даярлау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 441 қаулысымен бекітілген Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттау талаптарында көзделген және мынадай салаларды қамтиды:
1) оқыту әдіснамасы;
2) жаңа мамандықтар мен бағыттарды игеру (қажет болған жағдайда);
3) авиациялық оқу орталықтарының персоналына өзінің кәсіптік қызметінің процесінде қажет болатын авиациялық техниканың, жерүсті жабдықтардың әрқилы түрлерімен және оларды пайдалану ерекшелігімен танысу (қажет болған жағдайда);
4) оқытудың және біліктілігін тестілеудің тиісті пәндері, бағыттары бойынша кәсіптік білім мен дағды;
5) авиация персоналын кәсіптік даярлау саласындағы өзекті аспектілерді, даму жолдарын, проблемаларды, жетістіктерді зерделеу және талқылау, тәжірибе алмасу;
6) қауіп-қатер факторлары мен қателерді бақылауды қоса алғанда, адами фактор;
7) авиация персоналын кәсіптік даярлауға байланысты өзге де мәселелерді шешуге қатысу.
19. Авиация персоналын оқытуға мынадай шарттарда шақырылады:
1) оқытуды толық немесе ішінара ағылшын тілінде өткізу, сондай-ақ өзінің кәсіптік қызметінде ағылшын тіліндегі құжаттама мен оқу әдебиетін пайдалану, негізгі оқыту тілі ретінде ағылшын тілі пайдаланылатын елдерде жыл сайын кәсіптік даярлықтан өту;
2) халықаралық азаматтық авиация ұйымы не басқа да халықаралық авиациялық қоғамдастықтар мен қауымдастықтар өткізетін семинарларға, конференцияларға, форумдарға, кеңестерге және басқа да іс-шараларға жыл сайын қатысу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1433 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 25 сәуірдегі
№ 441 қаулысымен
бекітілген
Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын
сертификаттау талаптары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттау талаптары (бұдан әрі – сертификаттау талаптары) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және авиация персоналын, мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау мен біліктіліктерін ұстау үшін сәйкестік өлшемдерін белгілейді (бұдан әрі – авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау).
2. Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын осы сертификаттау талаптары Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың бәріне қолданылады.
3. Осы сертификаттау талаптарында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) авиациялық оқу орталығы – авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлауды жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – АОО);
2) аудит немесе аудиторлық тексеру – бұл ұйымның, жүйенің, процестің, жобаның немесе өнімнің қызметін тәуелсіз бағалау рәсімі;
ішкі аудит - менеджментке тәуекелдерді анықтау мен бағалауға және тәуекелдерді азайтуға және жүйелер мен процестердің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды орнатуға көмек беретін басқарушы бағытталған корпоративтік қызмет;
сыртқы аудит - авиациялық оқу орталығының қызметіне тиімді баға беру мақсатында шарттық негізде тәуелсіз аудиторлық ұйым (аудитор) өткізетін аудит
3) белгіленген үлгідегі құжат (куәлік, сертификат, электрондық жүйе, құжаттаудың белгіленген рәсімдеріне сәйкес жүргізілетін кәсіптік даярлау туралы жазбалар) – бекітілген бағдарлама бойынша оқуды аяқтағанын куәландыратын, азаматтық авиация ұйымының жұмысына қатысу рәсімдеріне сәйкестігі шеңберінде қызметтің белгілі бір түрін орындауға құқық беретін құжат не жазба;
4) авиациялық оқу орталығының нұсқаушысы – өз біліктілігіне сәйкес тікелей азаматтық авиация саласының мамандарын кәсіптік даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлға;
5) оқу сапасы – белгілі бір стандарттар шеңберінде белгіленген немесе болжамды талаптарға сай келетін даярлық нәтижесі;
6) біліктілік – ұйғарылған деңгейдегі міндеттер мен функцияларды тиімді орындау үшін талап етілетін білімнің, дағды мен іскерліктің үйлесімі;
7) біліктілік белгісі – куәлікке жазылған және оның бір бөлігі болып табылатын жазба, онда осы куәлікке қатысты ерекше шарттар, құқықтар мен шектеулер көрсетіледі;
8) даярлау мен бағалаудың біліктілік жүйесі – оқытылатын персоналды даярлау мен бағалау жүйесі, оған нәтижелерге бағдарлану, операцияларды орындау тиімділігінің стандарттарын айқындау және сақтау, сондай-ақ белгіленген тиімділік стандарттары негізінде оқу курсын әзірлеу тән;
9) біліктілік талаптары – арнайы даярлау деңгейі мен бейінін айқындайтын талаптар, сондай-ақ жұмыс өтіліне қойылатын талаптар;
10) аралас оқыту – кәсіптік даярлықты әртүрлі оқыту нысандарын біріктіру арқылы өткізу;
11) кешенді (үлгілік) оқыту – кәсіптік даярлықты белгіленген кезеңдегі оқытудың бүкіл бағдарламасын бір мезгілде іске асыру арқылы өткізу;
12) ұшуға даярлық – ұшқыштар құрамын кәсіптік даярлау процесінің бір кезеңі, одан өткен кезде білім алушы ұшуды орындауға дағдыланады және машықтанады әрі оны жетілдіреді;
13) модульдік оқыту – кадрларды даярлаудың кезеңдік жүйесін пайдаланып, үздіксіз білім беру әдісі, мұнда әрбір саты (модуль) алынған білім мен дағдыны бақылаудың және бағалаудың рейтингтік жүйесі бар аяқталған цикл болып табылады;
14) сапаны қамтамасыз ету – барлық оқу іс-шараларының белгіленген стандарттар мен талаптарға сай келетініне сенімділікті қалыптастыру үшін қажетті барлық жоспарланған және жүйелі іс-қимыл;
15) бастапқы даярлау – авиациялық кәсібі немесе мамандығы жоқ адамды, сондай-ақ авиациялық жаңа кәсіпті және мамандықты игерту мақсатында авиация персоналы мен авиация инспекторларын кәсіптік оқыту процесі, мемлекеттік немесе белгіленген үлгідегі құжаттар беріледі;
16) қайта даярлау – авиация персоналы мен авиация инспекторларын оқытудың жаңа (қосымша) кәсіптік білім, дағды, машық (оның ішінде біліктілік белгілерін) алуға және авиациялық техниканы зерделеуге бағытталған процесі, белгіленген үлгідегі құжаттар беріледі;
17) кәсіптік деңгейді ұстау – авиация персоналын оқытудың ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық дамумен және азаматтардың жеке қажеттілігімен негізделген процесі, оның мақсаты кәсіптік білімді, машық пен дағдыны жаңарту, кеңейту және тереңдету болып табылады, белгіленген үлгідегі құжаттар беріледі;
18) практикалық даярлық – авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау процесінің кезеңі, одан өткен кезде білім алушы әуе кемесінде, пайдалану объектілерінде, жаттығу құрылғыларында, интерактивтік оқыту құралдарында, зертханалық және стендтік жабықтарда, сондай-ақ жекелеген құрылғылармен, агрегаттармен және құрамдауыштармен жұмыс істеудің тәжірибелік дағдысы мен машығын игереді, ұстап тұрады және жетілдіреді;
19) кәсіптік даярлау (оқыту) – бастапқы даярлау, қайта даярлау, кәсіптік деңгейді ұстау, сондай-ақ оқытудың ықтимал түрлері;
20) сертификаттау талаптары – азаматтық авиация саласының мамандарын даярлауды ұйымдастырудың, ұстаудың, оның деңгейі мен сапасының сәйкестігін белгілеу мақсатында авиациялық оқу орталықтарына қойылатын талаптар;
21) куәлік, сертификат, диплом – бекітілген бағдарлама бойынша оқудың тәмамдалғанын куәландыратын және біліктілік белгісін алуға немесе тағылымдамадан сәтті өткеннен кейін қызметтің нақты түрін орындауға құқық беретін құжат;
22) тағылымдама – мамандықты тәжірибеде игеру, қызмет көрсету мен басқару объектілеріне бейімделу, сондай-ақ жұмыс орнында жылдам бағдарлану және жұмыстың жаңа тәсілдерін игеру мақсатында оқытуды қамтамасыз ететін тұлғаның жетекшілік етуімен жұмыс орнында оқыту;
23) теориялық даярлық – кәсіптік даярлау процесінің кезеңі, одан өткен кезде білім алушы өту кезінде арнайы теориялық білім алады, сондай-ақ оларды бекітілген оқу бағдарламаларына сәйкес қолдайды және жетілдіреді;
24) оқыту техникасы – білім мен дағдыны барынша тиімді беру мен бақылау үшін оқыту процесінде пайдаланылатын тәсілдер мен әдістер;
25) кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламалары – авиациялық оқу орталығы үшін бағыттардың, мамандықтар мен қызметтің ерекшеліктерін бейнелейтін оқу бағдарламаларын өз бетімен жасау мүмкіндіктерін сақтау арқылы кәсіптік даярлаудың бірізді тәсілін қамтамасыз ететін бағдарламалар;
26) тренажерда даярлау – авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау процесінің кезеңі, одан өткен кезде білім алушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен имитациялайтын құрылғылардың көмегімен практикалық дағды мен машықты игереді, ұстайды және жетілдіреді;
27) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану мен азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
28) емтихан алушы (емтихан алатын немесе аттестаттайтын маман) – авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғалардың тізбесіне кірген, уәкілетті орган белгілейтін біліктілік талаптарына сәйкес келетін тұлға;
29) ИКАО – Халықаралық азаматтық авиация ұйымы.
2. Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын
сертификаттау талаптары
1. Құжаттама және ақпаратты сақтау
4. Қызметті жүзеге асыру тәртібін және пайдаланылатын рәсімдерді сипаттау, оқу саясатын, бағдарламалары мен процестерін іске асыру үшін авиациялық оқу орталығының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген мынадай құжаттары болады:
1) персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқау;
2) сапа жөніндегі нұсқау;
3) уәкілетті орган бекітілетін ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламаларына сәйкес әзірленген кәсіптік даярлау бағдарламалары.
5. Өз қызметінің заңдылығын растау үшін АОО мыналар болуы тиіс:
1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген кәсіптік даярлау бағдарламалары;
2) АОО басқарушы, нұсқаушы және емтихан алушы персоналының біліктілігін растайтын құжаттары.
6. Қызметті жоспарлау, бағдарламалар мен курстарға өзгерістерді бекіту және енгізу, өткізілетін сабақтарға қатысуды бақылауды қамтамасыз ету, білімді аралық және соңғы бақылауды бекіту, құжаттарды тіркеу үшін АОО-да:
1) АОО-да жүргізілетін кеңестердің, жиналыстардың, оқу-әдістемелік топ (болған кезде) мәжілістерінің хаттамалары;
2) оқу сабақтарының журналдары;
3) сабақтар мен ашық сабақтарға бақылау үшін бару журналы;
4) оқуды бітіру туралы құжаттардың берілгенін тіркеу журналы не персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаумен регламенттелген деректерді тіркеудің, сақтау мен берудің автоматтандырылған электрондық жүйесі;
4) мыналарға:
оқу процесіне;
сапа жүйесіне;
емтиханға немесе тестілеуге;
ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесіне қойылатын талаптарды орындау үшін қажетті құжаттар жүргізіледі.
7. Бұған қоса АОО-да негізгі қызметін жүзеге асыруға негіз болатын өзекті нормативтік-құқықтық құжаттама болуы тиіс.
8. АОО құжаттамасын есепке алу жүйесінде мыналар қамтамасыз етіледі:
1) АОО-да сақталатын есепке алу құжаттарында әр тыңдаушының оқу тарихын құжаттама түрінде растауға және қалпына келтіруге мүмкіндік беретін әр оқу іс-шарасының жазбасы жүргізіледі;
2) есепке алу құжаттарының оларды заңсыз алу немесе алмастыру мүмкіндігін болғызбайтын тұтастығы, сондай-ақ күтпеген мән-жайлар туындаған жағдайда, оның үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында есепке алудың резервтік жүйесінің болуы қамтамасыз етіледі.
9. АОО Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есепке алу құжаттамасын мұрағатқа тапсыру жүйесін әзірлейді.
10. Басқарушы, нұсқаушы және емтихан алушы персонал құжаттарының ең аз құрамы:
1) базалық білімі туралы деректер;
2) кәсіптік даярлау туралы деректер;
3) лауазымдық нұсқаулықтар;
4) жұмыс тәжірибесін көрсететін деректер.
11. Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқау мен сапа жөніндегі нұсқау Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 1-қосымшаға 2-толықтырудан және «Оқу ұйымдарын бекіту жөніндегі нұсқау» DOC 9841 AN/456 ИКАО құжатының ережелеріне негізделген дербес құжаттар болып табылады.
12. Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқауды қызметтің нақты жағын ашуға арналған жеке бөліктер түрінде шығаруға жол беріледі.
2.2. Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқау
13. Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқау кем дегенде мынадай аспектілердің толық сипатын қамтиды:
1) сертификаттауға өтініш берілген, іске асырылатын кәсіптік даярлау түрлері мен тиісті курстардың жалпы сипаты;
2) пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз ету мен оқу курсын іске асыруға арналған жабдықтың сипатын қоса алғанда, ұсынылатын оқу бағдарламаларының мазмұны;
3) ұйымда қолданылатын сапаны қамтамасыз ету жүйесінің жалпы сипаты;
4) ұйымда бар үй-жайлардың, құралдар мен жабдықтардың сипаты;
5) АОО-ның сертификаттау талаптарын сақтауын қамтамасыз ету үшін жауапты болып тағайындалған тұлғаның тегі, міндеттері мен біліктілігі;
6) оқуды жоспарлау мен жүргізуді қамтамасыз ететін, сондай-ақ осы процестерді бақылауды жүзеге асыратын персоналдың міндеттері мен біліктілігінің сипаты;
7) біліктілікті айқындау, ұстау және нұсқаушы персоналдың қызмет саласын кеңейту үшін пайдаланылатын рәсімдердің сипаты;
8) нұсқаушы персоналды даярлау туралы есепке алу құжаттамасын жүргізу және сақтау тәртібінің сипаты;
9) қажет болу шамасына қарай, азаматтық авиация кәсіпорындарының өзгеріп отырған қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажет нұсқаушы персоналды қосымша даярлаудың сипаты;
10) егер АОО куәлік беруге немесе авиация персоналының біліктілігін белгілеуге байланысты емтихандарды, сынақтарды қабылдауды немесе тестілеуді жүзеге асырса (жүзеге асыруды жоспарлап отырса), онда уәкілетті персоналды іріктеу тәртібінің, олардың рөлдері мен міндеттерінің, сондай-ақ куәлік беретін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілеген, осы мақсаттар үшін қолданылатын талаптардың сипаты беріледі.
14. Мазмұнын жаңарту мақсатында персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқауға өзгерістер пен түзетулер енгізіліп, олар нұсқауға енгізілетін өзгерістер парағында тіркеледі, сондай-ақ оларды бекіту тәртібі енгізіледі.
15. Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқауға енгізілетін өзгерістерді ретке келтіру үшін АОО ақпаратты жинау, талдау, тарату және оның жаңартылуын бақылау жүйесін әзірлейді, ол мыналарға қатысты өзгерістерді қадағалауға мүмкіндік береді:
1) АОО саясаты;
2) процестер, рәсімдер, ұйымдастыру;
3) пайдалану тәжірибесін қолдану;
4) өткізілетін даярлық көлемі;
5) оқу бағдарламаларының мазмұны;
6) жаңа жабдықты орнатумен негізделген нәтижелер;
7) сертификаттың қолданылуы;
8) стандарттауды қамтамасыз ету.
16. Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқау ережелерінің өзектілігін талдау:
жүйелі негізде (кем дегенде, жылына бір рет);
негізгі активтердің бірігуі, сатып алу, жылдам өсу немесе шағындап бөлу сияқты ірі оқиғалардан кейін;
технологиялық өзгерістерден кейін (мысалы, жаңа жабдықтарды енгізу);
ұшу қауіпсіздігінің қағидалары өзгергеннен кейін жүзеге асырылады.
17. Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқауға енгізілген бекітілген барлық өзгерістер мен түзетулердің көшірмелері осы персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқау арнайы әзірленген барлық заңды және жеке тұлғаларға жіберіледі. Өзгерістер мен түзетулерді тарату жүйесі міндетті түрде бақылау функциясын қамтиды.
18. Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаудың құрылымы, сондай-ақ әзірлеуге берілетін ұсынымдар осы Сертификаттау талаптарына 1-қосымшада келтіріледі.
3. Сапаны қамтамасыз ету жүйесі
19. АОО-ның сапаны қамтамасыз ету жүйесін қалыптастырудың басты мақсаты оқыту курстарын іске асыру үшін белгіленетін стандартталған рәсімдерді, сондай-ақ уәкілетті орган шығарған талаптар мен құжаттарды қатаң сақтай отырып, қажетті нәтижелерге қол жеткізу болып табылады.
20. АОО өз саясаты мен стратегиясын қалыптастырады, қолданысқа енгізеді және қайта қарайды, оларды қызметті ұйымдастырудың барлық деңгейлерінде қолданылатын жоспарлар мен іс-шаралар етіп түрлендіреді.
21. Қандай да бір сәйкессіздік анықталған жағдайда, процестер мен рәсімдерді жетілдіруге бағытталған түзетуші әрекет қолданылады.
22. Оқыту процестерінің барынша жоғары тиімділігін қамтамасыз ету үшін алдын алу түзетуші әрекеттерді де, сондай-ақ туындайтын мән-жайларға орай әрекет ететін түзетуші әрекеттерді қолдану қажет.
23. Сапа жүйесі шеңберіндегі қызметті жүзеге асыру үшін АОО-да сапаны қамтамасыз ету жөніндегі жауапты қызметкер тағайындалады, ол бастапқы даярлаудан және азаматтық авиацияда сапаны қамтамасыз ету саласында кем дегенде 2 жылда 1 рет біліктілігін жүйелі қолдаудан өтеді.
24. Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі жауапты қызметкер басшыға тікелей бара алады және АОО барлық бөлімшесіне қатынай алады.
25. Сапаны қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуінің егжей-тегжейлі сипаты АОО-ның сапа жөніндегі нұсқауында көрсетіледі.
26. Сапа жөніндегі нұсқауды халықаралық азаматтық авиация ұйымының авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын даярлау кезінде сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясатына сәйкес АОО дербес әзірлейді.
27. Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқауда сапаны қамтамасыз ету жүйесінің мынадай элементтері айқындалады:
1) кәсіптік даярлау саласындағы АОО саясаты (клиенттер үшін де, сондай-ақ өзінің қызметкерлері үшін);
2) ұшуды дайындау және оның қауіпсіздігі стандарттары;
3) жауапкершілікті бөлу;
4) ресурстар, ұйымдық және пайдалану процестері;
5) оқу процесінің жоғарыда аталған саясатқа және ұшу қауіпсіздігінің стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ететін рәсімдер;
6) саясат пен стандарттардан ауытқуды анықтау және түзету шараларын қабылдау рәсімдері;
7) іске асырылатын оқу сапасын үнемі жақсарту мақсатында кері байланысты қамтамасыз ету үшін саясат пен оқу стандарттары саласындағы тәжірибе мен үрдістерді бағалау және талдау.
28. Сапа жөніндегі нұсқаудың құрылымы мен оны әзірлеуге берілетін ұсынымдар осы Сертификаттау талаптарына 2-қосымшада келтіріледі.
29. Бұл жағдайда АОО және тысқары ұйымдар мен жеке тұлғалар арасында жасалатын жазбаша шартта көрсетілетін қызметтер мен кепілдендірілген сапа деңгейінің толық сипаты қамтылуы тиіс.
30. Тысқары ұйымдар мен жеке тұлғалар жүзеге асыратын іс-шаралар АОО-ның сапаның қамтамасыз етілуін тексеру бағдарламасына қосылуы тиіс.
31. Сапаның тиісті деңгейіне қол жеткізу үшін АОО бүкіл персоналдың өздеріне жүктелген міндеттер шеңберінде сапа жөніндегі нұсқауда көрсетілген мақсаттарды түсінуін қамтамасыз етеді.
32. АОО сапаны қамтамасыз ету жүйесін басқару үшін жауапты персоналды даярлауды жүзеге асырады, бұл жүйе мыналарды қамтиды:
1) сапаны қамтамасыз ету тұжырымдамасы және осыған байланысты жүйелер;
2) сапаны басқару;
3) сапаны қамтамасыз ету жөніндегі нұсқау;
4) тексерістер мен аудит әдістері;
5) есептілік пен есепке алуды жүргізу.
33. Оқуды бітіргеннен және аудит пен сапаны бақылау тәжірибесін игергеннен соң аталған тұлғалар АОО персоналының қалған бөлігін АОО ішкі саясатына сәйкес сапаны қамтамасыз ету мәселелеріне оқытуды жүргізе алады.
4. Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі
34. Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі (бұдан әрі – ҰҚБЖ) – бұл пайдалану және техникалық жүйелерді қаржылық және адами ресурстарды басқарумен біртұтас біріктіретін ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекелдерді бақылауға бағытталған құжатталған саясаттан, процестер мен рәсімдерден тұратын басқару жүйесі.
35. Ұшу қауіпсіздігі саласындағы АОО саясаты құжат түрінде ресімделіп, оған жауапты басшы қол қояды.
36. ҰҚБЖ мен сапаны қамтамасыз ету жүйесін «ұшу қауіпсіздігін және сапаны қамтамасыз ету бойынша» бірыңғай функцияға біріктіруге жол беріледі.
37. Өзінің көрсетілетін қызметтерін ұсыну барысында ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторына ұшыраған АОО міндетті түрде Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізеді, ол кем дегенде:
1) ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекелдерді анықтайды;
2) қажетті түзету әрекетінің қабылдануын қамтамасыз етеді;
3) ұшу қауіпсіздігі деңгейінің тұрақты мониторингі мен үнемі бағалануын жүргізуді көздейді;
4) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
38. ҰҚБЖ практикасын енгізу туралы талап қызметі әуе кемесін пайдалану қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін АОО-ға ғана қатысты болады.
39. Егер:
1) тыңдаушыларды ұшуға даярлау үшін әуе кемелері пайдаланылса;
2) әуе қозғалысына қызмет көрсетуші курсант-диспетчерлерді, авиация станцияларының операторларын практикалық даярлау жүзеге асырылған кезде әуеайлақтың, тікұшақ айлағының, тікұшақ алаңдарының АОО пайдаланатын (меншікті, жалға алынған не кәсіптік даярлауға байланысты қызметтер көрсету жөніндегі шарт негізінде) аймағында әуе кемелерін басқару нақты жүзеге асырылса, АОО міндетті түрде ҰҚБЖ бағдарламасын енгізеді.
40. Егер әуе қозғалысына қызмет көрсетуші курсант-диспетчерлерді кәсіптік даярлау аэронавигациялық көрсетілетін қызметтерді берушінің құрылымындағы АОО-да жүзеге асырылатын болса, онда АОО мен аэронавигациялық көрсетілетін қызметтерді беруші үшін ортақ ҰҚБЖ әзірлеуге жол беріледі.
41. Егер АОО ұшу экипаждарының мүшелерін кәсіптік даярлауды ұшуды имитациялайтын жаттығу құрылғыларын ғана пайдалану арқылы жүзеге асыратын болса, онда мұндай қызмет қауіпсіздікке тікелей әсер етпейді және ҰҚБЖ әзірлеуді қажет етпейді.
42. Егер АОО авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша кәсіптік даярлауды жүзеге асыратын болса және оқу бағдарламасы шеңберінде өндірістік практикадан өту үшін өз тыңдаушыларын әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді (ӘК ТҚ) тікелей жүзеге асыратын ұйымға жіберетін болса, бұл ӘК ТҚ жөніндегі ұйымның ҰҚБЖ-да көзделетін болады.
43. Өз қызметін ҰҚБЖ шеңберінде жүзеге асыратын АОО ұшу қауіпсіздігі бойынша жауапты қызметкерді тағайындайды, ол даярлықтан және кем дегенде 2 жылда 1 рет ҰҚБЖ саласында кәсіптік деңгейді жүйелі қолдаудан өтеді.
44. Тағайындалған қызметкердің міндетіне ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды жоспарлау, ұшу қауіпсіздігі бағдарламасын іске асыру және ҰҚБЖ жұмыс істеуін қамтамасыз ету кіреді.
45. Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі қызметкер АОО басшысына тікелей бара алады.
5. Материалдық-мүліктік база
46. Авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін АОО-да бекітілген бағдарламалардың мазмұнына сәйкес:
1) кәсіптік даярлау бағдарламаларын іске асыру үшін жарақталған және белгіленген санитариялық және техникалық нормаларға сәйкес келетін оқу аудиториялары мен үй-жайлар;
2) әуе кемелері, әуеайлақтар, тікұшақ айлақтары, ұшуды қамтамасыз ететін жерүсті жабдығы (меншікті, жалға алынған, тысқары ұйымдар шарттық талаптарда беретін);
3) мазмұны оқытылатын персоналды кәсіптік даярлау бағдарламаларының іске асырылуын толық қанағаттандыратын, қағаз және/немесе электрондық түрдегі оқу әдебиеті мен әдістемелік материалдар қорымен жабдықталған кітапхана;
4) жеке және ортақ пайдаланылатын жаттығу құрылғылары (меншікті, жалға алынған, тысқары ұйымдар шарттық талаптарда беретін), оқытудың техникалық құралдары, аудиокөрнекі құралдар, макеттер, агрегаттардың, тораптардың, құрылғылар мен жүйелердің имитаторлары, технологиялық жабдықтар мен құралдар;
5) басшы құрамға, педагог қызметкерлерге, нұсқаушылар құрамына, қызмет көрсетуші персоналға арналған үй-жайлар;
6) техникалық, санитариялық және тұрмыстық үй-жайлар болады.
47. Материалдық-мүліктік базаны егжей-тегжейлі сипаттау персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқауда жүзеге асырылады.
48. Әуе кемелері, әуеайлақтар, тікұшақ айлақтары, ұшуды қамтамасыз ететін жерүсті жабдығы жарамдылық нормаларына қатысты Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында белгіленген нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес келуі тиіс.
49. Кәсіптік даярлау бағдарламаларын іске асыру, тестілеу немесе тексеру кезінде пайдаланылатын және олармен жұмыс істегенде сынақ алу не емтихан тапсыру көзделген машықтану құрылғыларының, ұшу немесе әуе қозғалысы имитаторларының бәрін азаматтық авиация саласында уәкілетті орган бекітіп, осы құралдардың жарамдылығы туралы қорытынды беруі тиіс.
50. Мұндай қорытынды алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мақұлдау рәсімін өткізу туралы еркін нысанда жазылған хат жіберіледі.
51. Хатқа жабдықты әзірлеушінің (жасаушы зауыттың) пайдалану сәйкестігін растайтын құжатының (куәлік, сертификат, үлгі сертификаты, сәйкестік сертификаты, акт, хаттама) көшірмесі қоса беріледі.
52. Ұсынылған құжаттардың негізінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган не мәлімделген жаттығу құрылғысын, ұшу немесе әуе қозғалысы имитаторын инспекциялық тексеруді жүргізу туралы, не теріс немесе оң қорытынды беру туралы, не қосымша ақпарат ұсыну қажеттігі туралы шешім қабылдайды.
53. Біліктілік деңгейі мен ұшақтар мен тікұшақтарды келтіретін пилотаждық жаттығу құрылғыларының оқыту үшін жарамдылығын айқындау өлшемдері Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы тиісті нормативтік-құқықтық актілеріне де, сондай-ақ «Пилотаждық жаттығу құрылғыларын біліктілік бағалау өлшемдері бойынша нұсқау» Doc 9625 ИКАО құжатына да негізделеді.
54. Ұшуды имитациялауға арналған жаттығу құрылғыларына мыналар жатады:
1) ӘК функционалдық жүйелерінің мамандандырылған жаттығу құрылғылары;
2) экипаж мүшелерінің мамандандырылған жаттығу құрылғылары;
3) кабиналық рәсімдердің жаттығу құрылғылары;
4) кешенді пилотаждық жаттығу құрылғылары;
5) аварияда шығып кетудің жаттығу құрылғылары.
55. Әуе қозғалысын имитациялауға арналған жаттығу құрылғыларына техникалық құралдарды келтіретін, әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде пайдаланылатын және практикалық дағды мен рәсімдерді жасап көруге мүмкіндік беретін жабдықтардың кез келген түрлері жатады.
56. Әуе қозғалысына қызмет көрсететін диспетчерлерді кәсіптік даярлау үшін пайдаланылатын әуе қозғалысын имитациялайтын жаттығу құрылғыларын бекіту пайдалануға жарамдылығы туралы құжаттардың (үлгі сертификаты, актілер немесе сынақтардың, пайдалануға берудің хаттамалары) негізінде жүргізіледі.
57. Машықтану құрылғыларын, ұшу немесе әуе қозғалысы имитаторларын пайдаланған кезде АОО міндетті түрде:
1) тиісті біліктілігі бар нұсқаушы, инженер-техник және қосалқы персоналдың болуын;
2) жоспарлы техникалық қызмет көрсетуді;
3) пайдалану, қызмет көрсету тарихын және оқу бағдарламаларын іске асыру (сапаны бақылау) процесіне әсер етуі мүмкін функционалдық жай-күйі мен жұмыс сипаттамаларына қатысты кез келген ауытқуларды дәл тіркеуге мүмкіндік беретін есепке алу құжаттамасын жүргізуді қамтамасыз етеді.
6. АОО персоналы
58. Авиациялық оқу орталығы өз қызметінің көлемі мен саласына сәйкес келетін құрылымды дербес айқындайды және белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес жауапты басшыны, штаттық нұсқаушы (оқытушылық), емтихан алушы және инженер-техник құрамды тағайындайды.
59. АОО-да білім алатын авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларының санаттарына қарай, жалпы талаптардан басқа тікелей қызметті жүзеге асыратын персоналға қатысты:
1) авиация персоналының куәлігін алу үшін кандидаттар мен оны иеленушілерді кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін бағалау бойынша;
2) қызметі авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау бойынша;
3) осы тармақта көрсетілмеген авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау бойынша әртүрлі біліктілік талаптарын қалыптастырады.
60. Авиациялық оқу орталықтарының көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін басқарушы, нұсқаушы және емтихан алушы персоналы тиісті кәсіптік қызметке жіберілмейді.
61. Авиациялық оқу орталығының кадрлық қамтамасыз етілуі таңдап алынған оқыту нысанына қарамастан, бекітілген бағдарламаларға сәйкес әр бағыт бойынша авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлауды жүзеге асырудың толық циклін қамтамасыз етуі тиіс.
62. АОО персоналын қоса алғанда, авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлауды оқытудың мынадай негізгі нысандары арқылы жүзеге асыруға болады:
1) тұрақты күндізгі (кешенді, үлгілік);
2) модульдік;
3) сырттай;
4) қашықтан;
5) аралас;
6) жеке;
7) курстар, семинарлар, тренингтер;
8) өз бетімен даярлану;
9) практикалық сабақтар;
10) тағылымдама.
63. Кәсіптік даярлау бағыттары бойынша авиациялық оқу орталықтарының басқарушы, нұсқаушы (оқытушылық) және емтихан алушы персоналының құзыреті оның біліміне, біліктілігі мен өкілеттіктеріне сәйкес келуі тиіс.
64. Авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау жөніндегі қызметті тікелей жүзеге асыратын персонал бірнеше бағытты (пәнді) қоса атқара алады.
65. Бұл ретте авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларына қатысты кәсіптік даярлау бойынша оқыту әдістемесіне жалпыға бірдей міндетті оқытудан басқа, әр бағыт (пән) бойынша кәсіптік даярлау жоспарланып, жүзеге асырылады.
66. Авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлауды жүзеге асыру үшін жұмылдырылатын азаматтық авиация ұйымдарының авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторлары практикалық және тренажерда даярлау жүргізілген кезде ғана қатыса алады.
67. Азаматтық авиация ұйымдарында авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын теориялық оқытуды жүргізу үшін оқыту әдістемесіне тиісінше оқытудан өтуі тиіс.
68. Бұл ретте азаматтық авиация ұйымдарының авиация персоналының өзінің кәсіптік міндеттері шеңберіндегі дербес қызметке арналған қолданыстағы рұқсаты болады.
69. Авиациялық оқу орталықтарының толық немесе ішінара ағылшын тілінде оқытуды жүргізетін, сондай-ақ өзінің кәсіптік қызметінде еркін аударуға жол бермейтін оқу әдебиеті мен құжаттамасын (пайдалану жөніндегі нұсқаулар және әуе кемелерінің сипаттары, нормативтік құжаттар мен қағидалар) пайдаланатын персоналы ағылшын тілі саласындағы білім мен дағдыны игеру, бекіту және кеңейту мақсатында оқытудың негізгі тілі ретінде ағылшын тілі пайдаланылатын елдерде жүйелі кәсіптік даярлаудан өтуі тиіс.
70. Авиациялық оқу орталықтарының авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлауды тікелей жүзеге асыратын персоналы қызмет бағыттарына сәйкес мамандандырылған семинарларға, конференцияларға, форумдарға, кеңестерге және Халықаралық азаматтық авиация ұйымы не басқа да халықаралық және өңірлік авиациялық және білім беру қоғамдастықтары, ұйымдары мен қауымдастықтары жыл сайынғы мерзімділікпен өткізетін іс-шараларға қатысады.
71. Авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлауды тікелей жүзеге асыратын тұлғаларды бастапқы даярлау мен қайта даярлау жоспарланатын даярлау қажеттіліктеріне сәйкес жүргізіледі.
72. Авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау жөніндегі қызметті тікелей жүзеге асыратын персоналдың біліктілік деңгейін ұстау бойынша оқудың толық циклі үш жылдық мерзімділікпен іске асырылады. Бұл ретте толық цикл әр бағыт (пән) бойынша мамандану ескеріліп, талап етілетін барлық көлем бойынша оқуды бітіруді білдіреді.
73. Авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлауды тікелей жүзеге асыратын тұлғалар оқытылатын орынды таңдау регламенттелмейді және дербес айқындалады. Бұл ретте шетелдік оқу ұйымдарын мақұлдау талап етілмейді. Оқыту көлемі оқытылатын авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларының санатына сәйкес айқындалады.
74. Авиация персоналының куәлігін алу үшін және оны иеленушілерді кәсіптік даярлауға байланысты қызметті жүзеге асыратын персоналдың:
1) құжатпен расталған (куәлік, сертификат, диплом) тиісті даярлығының болуы;
2) біліктілік деңгейін ұстау бойынша оқудан өтуі;
3) бұрын авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлауда тәжірибесі болмаса, уәкілетті персоналдың қатысуымен тыңдаушыларға нәтижелері келешектегі қызметі туралы шешім қабылдауға негіз болатын бақылау сабағын өткізуі;
4) өзінің бағыты (пәні) бойынша оқу материалын қалыптастыруы;
5) жеке консультациялар мен емтихандарды қоса алғанда, АОО белгілейтін көлемде, бірақ аптасына оқу жылына немесе күнтізбелік жылға қатысты жиынтықтап реттелетін 20 оқу сағатынан аспайтын көлемде сабақтар жүргізуі;
6) қажетті талаптарға сәйкес әдістемелік материалдарды әзірлеуі және түзетуі;
7) қажет болған жағдайда, бекітілген бағдарламаларды түзету бойынша ұсыныстар жасауы тиіс.
75. Авиация персоналының куәлігін алу үшін кандидаттарды және оны иеленушілерді кәсіптік даярлауға және біліктіліктерін бағалауға байланысты қызметті жүзеге асыратын персоналды оқыту «АОО персоналы» деген 2-бөлімнің 6 бөлімшесінде көрсетілген көлемнен басқа, мыналарды қамтуы тиіс:
1) авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын оқыту әдіснамасының негіздері, оларды кәсіптік даярлаудың жаңа әдістері мен құралдары саласындағы білімді міндетті түрде зерделеу және жаңарту;
2) қауіп-қатер факторлары мен қателерді бақылауды қоса алғанда, адами фактор саласындағы білімді міндетті түрде зерделеу және жаңарту;
3) оқытудың әр бағыты (пәні) мен біліктіліктік бағалау бойынша кәсіптік білім мен дағдыны міндетті түрде алу және жаңарту;
4) авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау саласындағы өзекті аспектілерді, даму жолдарын, проблемаларды, жетістіктерді зерделеу және талқылау, тәжірибе алмасу жөніндегі іс-шараларға қатысу;
5) кәсіптік қызмет процесінде қажет болатын авиациялық техниканың, жерүсті жабдықтардың әрқилы түрлерімен және оларды пайдалану ерекшелігімен танысу;
6) жаңа мамандықтар мен бағыттарды игеру (қажет болған жағдайда).
76. Біліктілікті бағалау оқыту процесінде алынған білім мен дағдының Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) белгіленген стандарттарына, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына және кәсіптік қызметтің белгілі бір түріне қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігін тексеру рәсімін білдіреді.
77. ICAO стандарттары, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің талаптары және кәсіптік қызметтің белгілі бір түріне қойылатын біліктілік талаптар кәсіптік даярлауда бекітілген бағдарламалар түрінде іске асырылады.
78. Арнайы оқудан өткен және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органы осы функцияларды орындау үшін бекіткен емтихан алушылар (емтихан алатындар, тестілейтін мамандар) біліктілікті бағалау құқығына ие болады.
79. Егер емтихан алушылар (емтихан алатындар, тестілейтін мамандар) АОО немесе азаматтық авиация ұйымының қызметкерлері болып табылмаса, онда мұндай бекітуді алу үшін емтихан алушылар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өздерінің біліктілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін және өздерін Қазақстан Республикасының аумағында емтихан алушы (емтихан алатын, тестілейтін маман) ретінде бекіту туралы еркін нысандағы өтініш жазылған хатты жеке тәртіппен жібереді.
80. Ұсынылған құжаттар негізінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган не өтініш берушімен емтихан (тест, сұхбаттасу) өткізу туралы, не теріс немесе оң қорытынды беру туралы, не қосымша ақпаратты ұсыну қажеттігі туралы шешім қабылдайды.
81. Азаматтық авиация ұйымдарының қызметкерлері болып табылатын және кәсіптік деңгейін ұстау бойынша оқытуды жүргізу кезіндегі рәсімдерге қатысатын емтихан алушылар (емтихан алатындар, тестілейтін мамандар) үшін де осындай рәсім жүргізіледі.
82. Бұл ретте азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға хат емтихан алушы (емтихан алатын, тестілейтін маман) жұмыс істейтін азаматтық авиация ұйымының атынан жіберіледі.
83. Біліктілікті бағалау құқығы АОО-ға берілуі мүмкін.
84. Мұндай құқықты алу үшін авиациялық оқу орталығы тиісті персоналды кәсіптік даярлауды жүзеге асырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға көретілген тұлғаларды емтихан алушылар (емтихан алатын, тестілейтін мамандар) ретінде бекіту туралы еркін нысандағы өтініш жазылған хатты, оқудан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаудың көшірмесін жібереді, онда мыналар айқындалады:
1) тестілер мен емтихандарды жүргізуге уәкілетті қызметкерлердің тегі, олардың өкілеттіктерінің шеңбері;
2) емтихан алушылардың функционалдық міндеттері;
3) емтихан алушы нұсқаушы ретінде әрекет ететін оқу бағыттары (пәндер);
4) емтихан алушыларға қойылатын біліктілік талаптары, сондай-ақ оларды іріктеу мен тағайындау рәсімдері;
5) емтихан алушылардың біліктілігін ұстау тәртібі;
6) емтихан алушылардың қызметінің бағытына қатысты белгіленген талаптар, атап айтқанда:
- тексерулер мен тестілерді жүргізу кезінде сақталуға тиіс рәсімдер;
- егер АОО-ға куәлік беру немесе біліктілікті белгілеу үшін талап етілетін тестілеуді жүргізу үшін қызметкерлерді тағайындау құқығы берілетін болса, тағайындауға қатысты ең аз талаптар, сондай-ақ іріктеу мен тағайындау тәртібі;
- тестілеу хаттамаларын ресімдеу және сақтау әдістемесі.
85. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қызметтің осы түрін мақұлдау рәсімін жүргізеді және авиациялық оқу орталығының сертификатына тиісті жазба енгізеді.
86. Авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты кәсіптік даярлау жөніндегі қызметті тікелей жүзеге асыратын персонал:
1) құжатпен (куәлік, сертификат, диплом) расталған тиісті даярлығының болуы;
2) біліктілік деңгейін ұстау бойынша оқудан өтуі;
3) бұрын кәсіптік даярлауда тәжірибесі болмаса, уәкілетті персоналдың қатысуымен тыңдаушыларға нәтижелері келешектегі қызметі туралы шешім қабылдауға негіз болатын бақылау сабағын өткізуі;
4) жеке консультациялар мен емтихандарды қоса алғанда, АОО белгілейтін көлемде, бірақ аптасына оқу жылына немесе күнтізбелік жылға қатысты жиынтықтап реттелетін 20 оқу сағатынан аспайтын көлемде сабақтар жүргізуі;
5) қажетті талаптарға сәйкес әдістемелік материалдарды әзірлеуі және түзетуі;
6) қажет болған жағдайда, бекітілген бағдарламаларды түзету бойынша ұсыныстар жасауы тиіс.
87. Авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты кәсіптік даярлау жөніндегі қызметті кәсіптік даярлауға байланысты қызметті жүзеге асыратын персоналды оқыту «АОО персоналы» деген 2-бөлімінің 6-бөлімшесінде көрсетілген көлемнен басқа, мыналарды қамтуы тиіс:
1) қызметі авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын оқыту әдіснамасының негіздері, оларды кәсіптік даярлаудың жаңа әдістері мен құралдары саласындағы білімді міндетті түрде зерделеу және жаңарту;
2) қауіп-қатер факторлары мен қателерді бақылауды қоса алғанда, адами фактор саласындағы білімді міндетті түрде зерделеу және жаңарту;
3) оқытудың әр бағыты бойынша кәсіптік білім мен дағдыны міндетті түрде алу және жаңарту;
4) жаңа мамандықтар мен бағыттарды игеру (қажет болған жағдайда).
88. Авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларының өзге санаттарын кәсіптік даярлауға байланысты қызметті жүзеге асыратын персонал:
1) құжатпен (куәлік, не сертификат, не диплом, не өз бетінше жұмыс істеуге рұқсат) расталған тиісті даярлығының болуы;
2) біліктілік деңгейін ұстау бойынша оқудан өтуі;
3) бұрын кәсіптік даярлауда тәжірибесі болмаса, уәкілетті персоналдың қатысуымен тыңдаушыларға нәтижелері келешектегі қызметі туралы шешім қабылдауға негіз болатын бақылау сабағын өткізуі;
4) жеке консультациялар мен емтихандарды қоса алғанда, АОО белгілейтін көлемде, бірақ аптасына оқу жылына немесе күнтізбелік жылға қатысты жиынтықтап реттелетін 20 оқу сағатынан аспайтын көлемде сабақтар жүргізуі;
5) қажетті талаптарға сәйкес әдістемелік материалдарды әзірлеуі және түзетуі;
6) қажет болған жағдайда, бекітілген бағдарламаларды түзету бойынша ұсыныстар жасауы тиіс.
89. Авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларының өзге санаттарын кәсіптік даярлауға байланысты қызметті жүзеге асыратын персоналды оқыту «АОО персоналы» деген 2-бөлімінің 6-бөлімшесінде көрсетілген көлемнен басқа, мыналарды қамтуы тиіс:
1) авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын оқыту әдіснамасының негіздері, оларды кәсіптік даярлаудың жаңа әдістері мен құралдары саласындағы білімді міндетті түрде зерделеу және жаңарту;
2) оқытудың әр бағыты (пәні) бойынша кәсіптік білім мен дағдыны міндетті түрде алу және жаңарту;
3) жаңа мамандықтар мен бағыттарды игеру (қажет болған жағдайда).
Авиациялық оқу
орталықтарына қойылатын
сертификаттау талаптарына
1-қосымша
Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаудың құрылымы
Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқау, кем дегенде, барлық төменде көрсетілген элементтерді олардың кәсіптік даярлаудың іске асырылатын түрлеріне сәйкес келетін шамасында қамтуы тиіс.
Барлық авиациялық оқу орталықтары үшін
1. Жалпы ережелер
1. Нұсқауды пайдалану мен қолдану саласына қатысты кіріспе бөлім.
2. Мазмұны.
3. Нұсқауға түзетулер енгізу, оны қайта қарау және тарату:
1) түзетулерді енгізу тәртібі;
2) түзетулерді тіркеу беті;
3) таратылып жіберілетін адресаттардың тізімі;
4) нақты парақтар тізбесі.
4. Акронимдер және/немесе қысқартулар тізбесін қоса алғанда, анықтамалар мен негізгі терминдер сөздігі.
5. Мыналарды:
1) бөліктер мен бөлімдерді, олардың сипатталуы мен пайдалануын;
2) тармақтардың нөмірлену жүйесін қоса алғанда, нұсқаудың құрылымы мен құрастырылуын сипаттау.
6. Мәлімделетін кәсіптік даярлау бағыттарына сәйкес қызмет саласының сипаттамасы.
7. Ұйым (ұйымдық-басқарушылық құрылым схемасы) және лауазымды тұлғалардың тегі.
8. Мыналарды қоса алғанда (бірақ шектелмей), басқарушы және негізгі өндірістік персоналдың жіктемесі, міндеттері мен субординация тәртібі:
1) жауапты басшы;
2) оқу бөлімінің меңгерушісі;
3) көрсетілетін оқу қызметтері жөніндегі менеджер;
4) сапаны қамтамасыз ету жөніндегі менеджер;
5) техникалық қызмет көрсету жөніндегі менеджер (егер қолданылуы мүмкін болса);
6) ұшу қауіпсіздігі жөніндегі менеджер (егер қолданылуы мүмкін болса);
7) нұсқаушылар;
8) емтихан алушылар, аттестаттаушылар және аудиторлар (егер қолданылуы мүмкін болса).
9. Мыналарға қатысты саясат:
1) мақсаттар, соның ішінде этикалық нормалар мен моральдық құндылықтар;
2) персоналды іріктеу және біліктілігінің тиісті деңгейін қамтамасыз ету;
3) сынақтан өткізу мен қайта қарау қажеттілігін қоса алғанда, оқу бағдарламаларының құрылымы мен қалыптасуы, сондай-ақ оқу бағдарламаларын әзірлеу мақсатында тысқары ұйымдарды тарту;
4) оқу материалдары мен құралдарын бағалау, іріктеу және жаңарту;
5) оқу құралдары мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету;
6) сапаны басқару жүйесінің моделін әзірлеу және ұстау;
7) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінің моделін іске асыруды қоса алғанда (қажет болған кезде), еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мәдениетті әзірлеу және ұстау.
10. Мыналарды қоса алғанда, қолда бар құралдар мен жабдықтарды сипаттау:
1) үй-жайларды, сақтау қоймаларын және мұрағаттарды, кітапхананы немесе анықтамалық құжаттамаға арналған үй-жайларды қоса алғанда, ортақ пайдалану құралдары;
2) орнатылған жабдықты қоса алғанда, аудиториялардың саны мен алаңы;
3) егер олар негізгі оқу объектісінің аумағынан тыс орналасқан болса, жаттығу тренажерлерінің, ұшу немесе әуе қозғалысы имитаторларының орналасқан жерін қоса алғанда, олардың үлгісі мен саны.
2. Кадрларды даярлау
11. Осы талаптардың 2-бөлімінің 6-бөлімше ережелеріне сәйкес кадрлық қамтамасыз етуге байланысты барлық аспектілер егжей-тегжейлі ашылады.
12. Персоналды кәсіптік даярлау және олардың біліктілігі стандарттарын қамтамасыз етуге жауапты тұлғалардың тегі немесе лауазымдарының атаулары міндетті түрде көрсетілуге тиіс.
13. Нұсқаушы персоналды аттестаттау және біліктілігін айқындау тәртібінің егжей-тегжейлі сипаттамасы келтіріледі.
14. Басқару жүйесінің процестеріне қатысты міндеттер тізбесімен танысуды қоса алғанда, бүкіл персоналды бастапқы даярлау және біліктілігінің деңгейін ұстау бағдарламаларының егжей-тегжейлі сипаттамасы келтіріледі.
15. Кәсіптік даярлау және біліктілігін ұстау деңгейін тексеру рәсімдері ашып көрсетіледі.
3. Оқу бағдарламалары
16. Курстың оқу бағдарламасы әр модульмен қамтамасыз етілетін теориялық білімге де, сол сияқты тәжірибелік оқуға да қатысты оқу мақсаты мен төменде көрсетілген ақпаратты қамтитын, модульдерге бөлінген бірыңғай құжатты білдіреді.
17. Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаудың мән мәтінінде бөлімнің басында қолданылатын оқу бағдарламалары құрылымының егжей-тегжейлі сипаттамасы келтіріледі. Бұл ретте оқу бағдарламаларының пайдаланылатын құрылымы, кем дегенде, төменде көрсетілген бөлімдерді қамтуға және осы қосымшаның 3-бөлімінде келтірілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
18. Оқу бағдарламалары кәсіптік даярлау бойынша көрсетілетін қызметтердің толық спектрін қамтуға тиіс және оқу жоспарынан, іске асыру кезіндегі қосымша жағдайлар мен ерекшеліктерден, теориялық даярлау бөлімінен (егер қолданылуы мүмкін болса), тәжірибелік даярлау бөлімінен (егер қолданылуы мүмкін болса) тұрады.
19. Оқу жоспары мыналарды қамтуға тиіс:
1) тыңдаушының даярлау нәтижесінде білуі және жасай алуы тиістіні баяндау түріндегі курстың мақсаты, оқуды аяқтағаннан кейін оның құзыреттілігі (орындалатын функциялар) және осы курста оқудан өту үшін ықтималды шектеулер;
2) мыналарды:
ең төмен жасты;
біліміне немесе біліктілігіне қатысты талаптарды;
медициналық талаптарды;
тіл талаптарын қоса алғанда, оқуға түсуге байланысты талаптар.
20. Білім алушылардың өткен білімін, тәжірибесін немесе өзге даярлығын есепке алу.
21. Мыналарды:
1) теориялық даярлауды (білім);
2) практикалық даярлауды (дағды);
3) адами фактор саласындағы даярлауды (адамның мүмкіндіктері бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық материал ИКАО 9683 құжатында қамтылған);
4) аттестаттау мен емтихандарды;
5) аттестаттауды және емтихан алу іс-шараларын қоса алғанда, оқу процесін бақылауды қоса алғандағы, оқытудың ашып көрсетілген бағдарламасы.
22. Мыналарға:
1) тыңдаушылар мен нұсқаушыларды оқыту кезеңдерінің ұзақтығына қатысты шектеулерге;
2) ең аз демалыс ұзақтығына (егер қолданылуы мүмкін болса) қатысты уақытша шектеулер.
23. Мыналарды қоса алғанда, тыңдаушыларды аттестаттаудың басшылыққа алынатын қағидаттары:
1) тестілерді жүргізуді бекіту тәртібі;
2) қайта тестілеу алдындағы қосымша даярлау тәртібі және білімді тексеруге арналған тестілерді қайта тапсыру тәртібі;
3) тестілер хаттамалары мен нәтижелерін тіркеу;
4) дағдыны алу барысын тексеру тәртібі және дағдысын қолдануға арналған тестілер;
5) теориялық даярлау барысын тексеру тәртібі және білімді тексеруге тестілеуді дайындау тәртібін, сұрақтар мен бағалау үлгілерін, сынақ немесе емтихан алу үшін қажетті нормаларды қоса алғанда, білімді тексеруге арналған тестілер;
6) сұрақтарды талдау және қарау мен жаңа емтихандарды жүргізу тәртібі (білімді тексеруге арналған тестілерге қатысты қолданылады).
24. Мыналарды қоса алғанда, оқыту тиімділігінің басшылыққа алынатын қағидаттары:
1) оқу бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
2) есептілік пен құжаттамаға қойылатын талаптар;
3) оқытудың кемшіліктерін анықтау үшін кері байланыстың ішкі жүйесі;
4) стандарттауды қамтамасыз ету мақсатында даярлаудың әртүрлі кезеңдерінде оқыту бағдарламасын орындау нормалары;
5) тыңдаушылардың жеке міндеттері;
6) оқытудың қанағаттандырылмаған барысын түзету тәртібі;
7) нұсқаушыларды алмастыру тәртібі;
8) бір тыңдаушыға есептегенде нұсқаушыларды алмастырудың ең жоғары саны;
9) тыңдаушыны сабақтардан уақытша шеттету тәртібі.
25. Егер АОО нәтижесі авиация персоналының куәлігін беру немесе біліктілік белгісі болып табылмайтын курстарды жүргізетін болса, онда осындай курстардың оқу бағдарламасы мыналарды қамтиды:
1) талаптарды және әрбір пән бойынша даярлау мақсаттарын айқындаумен теориялық және тәжірибелік даярлаудың оқу жоспары;
2) тиісті мерзімділікпен негізгі жаттығулардың тізбектілігін оқу және қайталау үшін неғұрлым тиімді оқыту бағдарламаларын іске асыру мақсатында кезеңдерді құру сұлбаларын көрсетумен оқыту курсын кезеңдерге бөлу тәртібін баяндау;
3) әрбір кезең үшін және әр кезеңнің шеңберінде сабақтар сериясы үшін бағдарлама бойынша оқу сағаттары және оқу барысын тексеруді жүргізу мерзімдері;
4) бір даярлау кезеңінен басқа даярлау кезеңіне өту үшін қажетті біліктіліктің деңгейлерін көрсету (тәжірибеге қойылатын ең аз талаптар, кезекті кезеңге өтер алдында тәжірибелік жаттығуларды қанағаттанарлық орындау);
5) оқу әдістемесіне қойылатын талаптар;
6) үлгерушілікті тексеруді жүргізуді және құжаттық рәсімдеу;
7) қажет болған кезде емтихандар мен тестілерге қатысты нұсқаулықтар.
4. Куәлікті немесе біліктілік белгісін беру мақсатында
жүргізілетін емтихандар, тестілер мен тексерістер
26. Осы бөлім азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның рұқсатына сәйкес куәлікті немесе біліктілік белгісін беруге байланысты тестілеуді жүзеге асыратын не осындай қызметті жоспарлайтын АОО үшін талап етіледі.
27. Бұл жағдайда осы талаптардың 84-тармағында көрсетілген барлық аспектілер егжей-тегжейлі ашып көрсетіледі.
5. Есепке алу құжаттамасы
Осы бөлімде мыналарға:
1) сабақтарда болу журналдарына;
2) тыңдаушылардың оқуын есепке алуға;
3) өз персоналын даярлауға және оның біліктілігін есепке алуға;
4) есепке алу құжаттамасы мен тыңдаушылар журналдарын тексеруге жауапты тұлғаларға;
5) есепке алу құжаттамасын тексерудің сипаты мен кезеңділігіне;
6) есепке алу құжаттарына жазбалардың енгізілуін стандарттауға;
7) журналдарға жазбалар енгізуге;
8) есепке алу жазбалары мен құжаттарының сақталуына қатысты саясат пен рәсімдер егжей-тегжейлі ашып көрсетіледі.
6. Сапаны қамтамасыз ету жүйесі
Осы бөлім осы талаптардың 2-бөлімінің 3-бөлімше ережелеріне сәйкес сапаны қамтамасыз ету жүйесі тәжірибесінің қысқаша сипаттамасы болып табылады.
7. Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі (егер қолданылуы мүмкін
болса)
Осы бөлім осы талаптардың 2-бөлімінің 4-бөлімше ережелеріне сәйкес ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінің егжей-тегжейлі сипаттамасы болып табылады.
8. Толықтырулар
Осы бөлім осы талаптардың 2-бөлімінің 1-бөлімшесінде көрсетілмеген қажетті қосымша құжаттардың тізбесінен және олардың егжей-тегжейлі сипаттамасынан тұрады.
Әуе кемелерін пайдалана отырып, пилоттарды бастапқы даярлауды
жүзеге асыратын АОО үшін қосымша мазмұн
Әуе кемелерін пайдалана отырып, пилоттарды даярлауды қамтамасыз ететін АОО үшін Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаудың бөлімдері, бөлімде көрсетілгендерден басқа, қолданылу мүмкіндігін ескере отырып, кем дегенде барлық төменде көрсетілген элементтерді қамтуы тиіс.
Осы бөлімдердің мазмұнын қалыптастырған кезде оның ұшуға даярлықтың барлық аспектілерін түгел қамтуға тиіс екендігін және машықтанып жаттығу ұшуларды жүргізу жөніндегі жекелеген нұсқауды құрастыруға әкелмеуге тиіс екендігін есепке алу талап етіледі.
9. Ұшуға даярлық.
Жалпы ережелер
28. Мыналарды қоса алғанда, бірақ шектелмей, басқарушы және негізгі өндірістік персоналдың жіктемесі, міндеттері мен субординация тәртібі (осы қосымшаның 8-тармағында көрсетілгенге толықтыру ретінде):
1) бас пилот-нұсқаушы;
2) жерүсті даярлау жөніндегі бас нұсқаушы.
29. Мыналарға:
1) ұшуды бекітуге;
2) әуе кемесі командирінің міндеттеріне;
3) ұшуды жоспарлау рәсімдері – жалпы ережелерге;
4) жолаушыларды тасымалдауға;
5) ұшуды басқару жүйелеріне;
6) қауіптер көздері, авиациялық оқыс жағдайлар мен оқиғалар туралы хабарламаларды беруге;
7) жұмыс уақытына және ұшу құрамы мен тыңдаушылардың ұшатын жұмыс уақытының шектеулеріне;
8) ұшу құрамы мен тыңдаушылардың демалуының ең аз ұзақтығына қатысты саясат пен рәсімдер (осы қосымшаның 9-тармағына толықтыру ретінде).
30. Мыналарды:
1) ұшу жағдайларын имитациялайтын тренажерлерді және машықтанып жаттығу әуе кемелерін;
2) техникалық қызмет көрсету құралдарын және машықтанып жаттығу әуе кемелері тұрақтарының перрон орындарын;
3) компьютерлермен жабдықталған аудиторияларды;
4) нұсқама алу үшін диспетчерлік жайлар мен үй-жайларды қоса алғанда, қолда бар құралдар мен жабдықтардың сипаттамасы (осы қосымшаның 10-тармағына толықтыру ретінде).
10. Әуе кемелерін пайдалану жөніндегі ақпарат
31. Сертификаттау және пайдаланушылық шектеулер.
32. Мыналарды:
1) ұшу-техникалық шектеулерді;
2) бақылау карталарын пайдалануды;
3) пайдаланудың стандарттық ережелерін;
4) әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету ережелерін қоса алғанда, әуе кемесін басқару.
33. Әуе кемесін жүктеу мен жүкті бекіту жөніндегі нұсқаулықтар.
34. Отын құю қағидалары.
35. Авариялық жағдайдағы іс-қимыл тәртібі.
11. Маршруттар
36. Әуелеп ұшып шығу, маршрут бойынша ұшу және қондыру сияқты ұшу-техникалық критерийлері.
37. Мыналарды:
1) отын мен майға қатысты талаптарды;
2) ұшудың ең төмен қауіпсіз биіктіктерін;
3) штаттан тыс жағдайдағы немесе маршруттан ауытқыған кездегі іс-қимылдар тәртібі сияқты төтенше оқиғалар жағдайына жоспарлауды;
4) навигациялық жабдықты қоса алғанда, ұшу жоспарын жасау тәртібі.
38. Күндіз, түнде, АҰҚ және ВҰҚ бойынша барлық машықтанып жаттығу ұшуларын орындауға арналған ауа райы минимумдары.
39. Даярлаудың әртүрлі кезеңдерінде барлық машықтанып жаттығу ұшуды орындауға арналған ауа райы минимумдары.
40. Оқу маршруттары мен практикалық сабақтар аймақтары.
12. Машықтану ұшуларының жоспары
41. Қолданыла алатындығын ескеруді қоса алғанда, курс не кәсіптік даярлау курсы бөлімі (осы қосымшаның 3-бөлімінің ережелеріне толықтыру ретінде):
1) курс не ұшуға даярлау курсының бөлімі (бір қозғалтқышты әуе кемесі);
2) курс не ұшуға даярлау курсының бөлімі (көп қозғалтқышты әуе кемесі);
3) курс не теориялық даярлау курсының бөлімі;
4) курс не ұшу жағдайларын имитациялайтын жаттығу тренажерлерінде даярлау курсының бөлімі.
42. Ұшуға даярлаудың, жерүсті даярлаудың және ұшу жағдайларын имитациялайтын тренажерлерде даярлаудың күнделікті және апта сайынғы бағдарламаларының жалпы сұлбасы.
43. Мынадай аспектідегі даярлау қағидаттары:
1) күрделі метеожағдайлар бойынша шектеулер;
2) күніне/аптасына/айына тыңдаушыларды оқытудың ең көп уақыты (ұшуға даярлау, теориялық даярлау және пилотаждық тренажерде даярлау);
3) тыңдаушыларды оқыту кезеңдеріне қатысты шектеулер;
4) әртүрлі сатыларда оқу ұшуларының ұзақтығы;
5) нақты уақыт кезеңінде күндіз немесе түнде тыңдаушы жеке өзі ұшқан сағаттардың барынша көп саны;
6) нақты уақыт кезеңінде күндіз немесе түнде тыңдаушының жеке оқу ұшуларының барынша көп саны;
7) оқу кезеңдері арасындағы демалудың барынша аз ұзақтығы.
Авиациялық оқу
орталықтарына қойылатын
сертификаттау талаптарына
2-қосымша
Сапа жөніндегі нұсқаудың құрылымы
Сапа саласындағы саясат 1-қосымшаға 2-толықтырудың тиісті бөліктерінің және 9841 ИКАО құжатының, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтік-құқықтық актілерінің және АОО-ның ықтималды қосымша стандарттарының талаптарын тұрақты негізде іске асыру мен сақтауды көрсетеді.
1. Сапа саласындағы стратегия мен саясат
1. Барынша ықтималды сапа стандарттарына қол жеткізу және қамтамасыз ету жоспарында АОО жауапты басшысының міндеттемелерін көрсете отырып, АОО барлық ұйымдық деңгейлеріндегі сапа саласында қолданылатын саясат пен стратегияны негіздеу, іске асыру рәсімдері, қайта қарау, іс-шараларды жоспарлау.
2. Сапаны қамтамасыз ету жүйесі үшін жалпы жауапкершілікті, ішкі басқару әдістерін қайта қарау және талдау жөніндегі іс-шаралардың мерзімділігін, нысаны мен құрылымын қоса алғанда, АОО басшысының жауапкершілігі.
3. Егер АОО құрылымында көзделген болса, онда сапаны қамтамасыз ету жөніндегі міндеттердің орындалуы үшін жауапкершілікті АОО сапасын қамтамасыз ету жөніндегі маманға жүктеу.
4. АОО белгілеген стандарттар мен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның кез келген қосымша талаптарын орындауға авиация мамандарын даярлау саласында АОО барлық қызметін мониторингілеу арқылы тексеруді қоса алғанда, сапаны қамтамасыз ету жөніндегі маманның негізгі функциялары.
5. Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі маманның сапаны қамтамасыз ету жүйелерін тиісінше құжаттық ресімдеу, енгізу, ұстау, тұрақты талдау және жетілдіру үшін жауапкершілігі.
6. Кәсіптік даярлау сапасына ықпал ететін проблемалар туралы АОО жауапты басшысының толық хабардар болуын қамтамасыз ететін бағыныштылық, есептілік тәртібі, сапаны қамтамасыз ету жөніндегі маманның АОО барлық бөлімшелеріне кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету.
7. Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі маманның сапаны қамтамасыз ету жүйесіне байланысты АОО персоналының кәсіптік даярлығын жүргізу үшін жауапкершілігі.
2. Сапаны қамтамасыз ету (СҚ)
8. Осы бөлімді әзірлеген кезде көрсетілетін қызметтерді тексеру мен бақылаудың – өнімдер мен көрсетілетін қызметтердегі ақаулықтарды анықтауға бағытталған, бірақ осы ақаулықтары болдырмауды қамтамасыз етпейтін «сапаны бақылау» шаралары ғана екенін есепке алу керек. СҚ мақсаты азаматтық авиация мамандарын кәсіптік даярлау процесін жетілдіру және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ проблемалардың туындауының басты себептері болып табылатын факторларды анықтау, болдырмау немесе, кем дегенде, барынша азайту болып табылады. СҚ әртүрлі бақылау кезеңдері мен тетіктерін белгілеу арқылы бүкіл оқу процесі барысында стандарттардың тұрақты сақталуын көздейді. Содан басқа, СҚ ресми бекітілген саясатты, процестерді, рәсімдерді мүлтіксіз сақтау мақсатында аудит жүйесін көздейді және оны «қамтамасыз ететін» сапаны басқарудың сол бөлігі болып табылады.
9. Осы мақсатпен кем дегенде, мынадай іс-шараларға жататын қағидаттар, рәсімдер мен процестерден тұратын СҚ жоспары жасалады:
1) кәсіптік даярлау бойынша ұсынылатын қызметтер мониторингі және оқу процесін бақылау тетіктері;
2) бағалау мен тексеру әдістерінің мониторингі;
3) АОО персоналының біліктілік және даярлық деңгейінің мониторингі;
4) оқу тренажерлерінің сәйкес болуының, бапталуының және функционалдығының мониторингі (егер қолданылуы мүмкін болса);
5) ішкі және сыртқы аудитті жүргізу;
6) түзетуші және профилактикалық іс-шараларды, сондай-ақ олармен байланысты есептілік жүйелерін әзірлеу, іске асыру және мониторингілеу;
7) туындайтын беталыстарды анықтау және оларға тиісінше ден қою үшін тиісті статистикалық талдауды қолдану.
3. Сапаны қамтамасыз ету жүйесі
10. Осы бөлімді әзірлеген кезде келісілген күш-жігерді жұмсау арқылы сапаны қамтамасыз ету жүйесінің сапаны басқаруға кешендік тәсілді қамтамасыз етуге бағытталған АОО барлық іс-шараларының, жоспарларының, саясатының, процестерінің, рәсімдерінің, ресурстарының, бастамалары мен инфрақұрылымның жиынтығын білдіретіндігін есепке алу керек.
11. Бұл үшін осы бөлімде сапаны басқару саласында озық тәжірибені енгізу арқылы жоғары сапаға қол жеткізгені үшін барлық қызметкерлердің жауапкершілігін нығайтатын құжаттамалық саясаттың, процестердің, рәсімдер мен ресурстардың толық жиынтығын қамтитын әзірленген ұйымдық құрылым келтіріледі.
12. Сапаны қамтамасыз етудің тиімді жүйесінің негізгі элементтері кем дегенде мыналарды қамтуға тиіс:
1) шешімдерді қабылдауға жауапты тұлғаларға сөзсіз және кедергісіз қолжетімділікті жеңілдететін және ықпал ететін басқару құрылымы;
2) барынша аз талаптарды құр сақтап қана қоймай, барынша көп даярлау сапасын қамтамасыз ететін АОО-ның кешенді міндеттемесі;
3) сапа саласында әзірленген саясат, процестер мен рәсімдер, сондай-ақ қолдану, қайта қарау және оңтайландыру тәртібі;
4) сапаны басқаруда озық тәжірибені енгізу мен таратуды қамтамасыз ететін АОО персоналын кәсіптік даярлау жоспары;
5) ұйым тәуекелдерінің сипаттамасы және жиынтығында АОО қызметіне байланысты қауіптердің түбегейлі тізбесін қалыптастыратын және тиімділіктің қалаулы стандарттарына қол жеткізуге қауіп төндіретін тәуекелдерді тиімді басқару бойынша өтеу шараларын белгілейтін тәуекелдерді басқарудың тиісті жоспары;
6) салада өзгеріп жатқан беталыстарды немесе АОО ішінде болып жатқан өзгерістерді есепке ала отырып, олардың орындылығын тексеру негізінде АОО ағымдағы міндеттері мен жоспарларын бағалайтын саясат пен рәсімдерді стратегиялық қайта қарау.
4. Тәуекелдер сипаттамасы
13. Осы бөлімді әзірлеген кезде тәуекелдер сипаттамасы тиімділіктің қажетті стандарттарын сақтауға кедергі жасауы мүмкін анықталған қауіптер мен қатерлерді түгендеу екенін ескеру керек.
14. «Сапаға қауіптер» тізбесін қалыптастыру, кем дегенде, мыналарды қамтитын оқу бағдарламаларын іске асыру кезінде оған тән болатын іс-шараларды бастапқы жасау арқылы жүзеге асырылады:
1) АОО персоналын іріктеу және оқыту;
2) оқу бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және қайта қарау;
3) оқу курсының бағдарламалық қамтамасыз етілуін әзірлеу және өзектілендіру;
4) оқу бағдарламасын қамтамасыз ету жөніндегі әкімшілік персоналдың, нұсқаушылар мен емтихан алушылардың, сондай-ақ тыңдаушылардың міндеттері;
5) кәсіптік даярлау бағдарламаларын іске асыру;
6) құжаттаманы жүргізу;
7) бағалау және емтихандық тексеру тәртібі;
8) білім алушылармен және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен кері байланыс жасау тәртібі.
15. Қалыптастырылған тізбе оқу бағдарламаларын іске асыру кезінде осы іс-шаралардың әрбіреуіне байланысты қауіптер мен қатерлер туралы мәліметтермен толықтырылады.
16. Осы процесс нәтижесінде анықталған тәуекелдер сондай-ақ қолданыстағы мән-жайларды немесе жағдайларды өзгерткен кезде көрініс табуы мүмкін әлеуетті тәуекелдерді қамтуға тиіс.
17. Тәуекелдерді (бар немесе әлеуетті) төмендету және/немесе жою, сондай-ақ тиісті бақылау шараларын қолдану арқылы оларды тиімді басқару мақсатында Тәуекелдерді басқару жоспары жасалады.
18. АОО персоналының оны дәл орындауы және жақсарту бойынша пікірлерді қалыптастыру мақсатында тәуекелдерді басқарудың қолданыстағы жоспарына еркін қолжетімділігі болуға тиіс.
5. Талаптардың келісілгендігінің матрицасы
19. Осы бөлімді әзірлеген кезде нормативтік құжаттаманы қолдануға байланысты барлық аспектілерді есепке алып, төменде көрсетілген ұсынымдарды ұстану керек.
20. Осы бөлімде АОО сақтауға міндетті барлық қолданыстағы нормативтік талаптарды егжей-тегжейлі қамтитын, кесте түрінде ресімделген құжат түрінде болатын Талаптардың келісілгендігінің матрицасы (сәйкестік матрицасы) деп аталатын жоғарыда көрсетілген іс-шараларға қосымша элемент ашып көрсетіледі.
21. Сонымен қатар, келісілгендік матрицасы:
1) нақты нормативтік-құқықтық актіге және/немесе стандартқа тұрақты сәйкестікті қамтамасыз етуге арналған қолданыстағы процестерді;
2) әрбір процесті тиімді жүзеге асыру үшін жауап беретін басшының лауазымын айқындайтын кем дегенде екі сипаттаушы элементті қамтуға тиіс.
22. Келісілгендік матрицасында аталған процестердің әрбіреуінің функционалдығын тексеруге арналған соңғы өткізілген және кезекті жоспарланған аудиттер көрсетіледі.
23. Кез келген соңғы аудит барысында жасалған қорытындылар матрицада көрсетіледі немесе бөлек журналда құжаттамалық ресімделеді.
24. Талаптардың келісілгендігі матрицасын сапаны қамтамасыз ету жөніндегі маман жасайды, жүргізеді және оны қайта қарау процестерін бақылайды.
25. АОО персоналының оны дәл орындауы және жақсарту бойынша пікірлер қалыптастыру мақсатында ағымдағы келісілгендік матрицасына еркін қолжетімділігі болуға тиіс.
6. Түзетуші және профилактикалық шаралар туралы есептер
26. Осы бөлімді әзірлеген кезде сапаны қамтамасыз етудің кез келген жоспарлары сапаны қамтамасыз етудің қажетті элементі ретінде түзетуші және профилактикалық шараларға қатысты АОО персоналының ұсыныстарын тіркеуді және оларға дереу ден қоюды қамтамасыз ететін есептіліктің нақты құрылымдалған жүйесін қамтитынын есепке алу керек.
27. Әрбір нақты жағдайда айырмашылықты және/немесе сәйкес келмеушілікті жоюға тиіс тұлғаны және/немесе тұлғалар тобын, сондай-ақ түзетуші шаралар белгіленген мерзімде қолданылмаған болса, іс-қимылдар тәртібін айқындау.
28. Есептілік жүйесінде тексерістер жүргізуге және қызмет нормативтерінің талаптарын бұзушылықтардың алдын алуға қабілетті шаралар көрсетілген ақпаратқа ден қоюға міндетті жауапты тұлғаны айқындау.
29. Барынша ашық және тиімді есептілік үшін мүмкіндіктерді жасау мақсатында түзетуші және профилактикалық шаралар бөлігінде ақпаратты жасырын жіберуге қатысты саясат қосымша айқындалады.
30. Есептілік жүйесін жасау, сүйемелдеу және түзету кезінде сапа жөніндегі маманның функцияларын айқындау.
7. Сапа мәселелері жөніндегі құжаттама
31. Осы бөлімде сапаны қамтамасыз етуге сілтемелер мен АОО сапасын қамтамасыз ету жүйесінде қолданылатын құжаттаманың толық сипаттамасы бар АОО барлық құжаттамасының тізбесі, қысқаша сипаттамасы келтіріледі.
32. Кем дегенде, персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаудың сапаны қамтамасыз ету мәселелерін қозғайтын бөліктерінің тізбесі мен қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ мыналарды:
1) сапа саласындағы саясат пен стратегияны;
2) терминдер глоссарийін;
3) ұйым тәуекелдерінің сипаттамасын;
4) тәуекелдерді басқару жоспарын;
5) талаптардың келісілгендігінің матрицасын;
6) түзетуші және профилактикалық шараларға қатысты есептілік тәртібі мен жүйесін;
7) даярлаудың нақты стандарттарын;
8) ұйымның сипаттамасын;
9) функциялар мен міндеттерді бөлуді;
10) белгіленген нормативтік талаптарды сақтауға бағытталған сапаны қамтамасыз ету жүйесінің шеңберіндегі оқу рәсімдерін қамтитын АОО сапасын қамтамасыз ету жүйесінде әзірленетін, сүйемелденетін және қайта қаралатын құжаттама келтіріледі.
33. Сондай-ақ, мыналарды:
1) аудиторлық тексерістерді жүргізу кестесі мен тәртібін;
2) есептілік тәртібі мен сапаны тексеру мен аудитінің нәтижелері туралы есептерді;
3) кейінгі бақылау және түзету іс-қимылдарын қабылдау тәртібін;
4) түзетуші және профилактикалық шаралар туралы есептерді;
5) есеп жүргізу жүйесін;
6) басшылықтың бақылау-талдамалық есептерін;
7) сапа жөніндегі құжаттаманы бақылауды қамтитын АОО үшін талап етілетін сапаны қамтамасыз ету аудиті жүйесінің құжаттамасы егжей-тегжейлі сипатталады.
8. Сапаны қамтамасыз ету аудитінің бағдарламасы және сапаны
тексеру
34. Осы бөлімді әзірлеген кезде сапаны қамтамасыз ету аудиті бағдарламасының даярлаудың барлық түрлері қолданыла алатын талаптарға, стандарттарға, рәсімдер мен нормативтерге сәйкес жүргізілгеніне сенімділікті қалыптастыру үшін қажетті барлық жоспарланған және жүйелі шараларды қамтитынын есепке алу керек.
35. Сондай-ақ сапаны тексерудің негізгі мақсаты белгіленген стандарттардың, нормативтердің, рәсімдер мен талаптардың сақталуына көз жеткізу мақсатында нақты құжатты зерделеуден немесе нақты іс-шараны, іс-қимылды және т.б. бақылаудан тұратынын ескеру керек.
36. Сапаны тексеруді жүргізген кезде, кем дегенде, қызметтің мынадай үлгі салаларын қамтитын барлық кезеңдер егжей-тегжейлі ашып көрсетіледі:
1) нақты оқу сабақтары;
2) техникалық қызмет көрсету (егер қолданылуы мүмкін болса);
3) техникалық стандарттар (егер қолданылуы мүмкін болса);
4) кәсіптік даярлау стандарттары.
9. Аудиторлар мен сапа аудиті
37. Осы тараудың ережелері сапа аудитін жүзеге асыратын аудиторларға қатысты АОО саясатын айқындауға тиіс, атап айтқанда:
1) аудиторлар тобы құрамына тексерілетін қызмет үшін тікелей жауапты тұлғалардың кіру мүмкіндігіне жол бермей, сапалық және сандық құрамды айқындау;
2) сапа аудиті саласындағы тысқары мамандарды тарту;
3) аудиторларды оқыту;
4) АОО-да қабылданған қағидалар мен ресімдеуге сәйкес бекітілген аудиторларға арналған міндеттер мен нұсқаулықтар.
38. Сапа аудиті саласында арнайы даярлыққа ие және мыналарға:
1) сапаны тұрақты қамтамасыз ету аясында сапаны тексеруге және оның аудитін жүргізуге;
2) кез келген проблемаларды немесе тұжырымдарды және осындай проблемаларды немесе тұжырымдарды растайтын қажетті дәлелдемелерді айқындауға және бекітуге;
3) проблемаларға немесе тұжырымдарға қатысты ұсыныстармен немесе ұсынымдармен АОО-да белгіленген каналдар арқылы шығуға;
4) белгіленген және ақылға қонымды мерзімдерде шешімдердің орындалуын тексеруге;
5) сапаны қамтамасыз ету жөніндегі маманға тікелей есеп беруге уәкілетті сапаны қамтамасыз ету аудиті бағдарламасының шеңберінде қызметті жүзеге асыру үшін жауапты тұлғаларды айқындау.
39. 12 айлық кезеңде оқытудың барлық аспектілерін зерделеу үшін сапаны қамтамасыз ету аудиті бағдарламасының егжей-тегжейлі сипаттамасы.
40. Аудит бағдарламасына сәйкес әзірленетін және тәуекелдерді басқару жоспарында, сол сияқты келісілгендік матрицасын қамтитын құжаттарда да көрсетілетін аудиторлық тексерістер кестесін әзірлеу және бекіту тәртібі мен рәсімдері.
41. Сол немесе өзге тұжырымға байланысты түзетуші шаралардың қабылданғанын және олардың қаншалықты тиімді болып табылатынын тексеру үшін мониторинг рәсімдерінің, түзетуші шаралар мен бақылау тексерістерінің сипаттамасы.
42. Сондай-ақ аудит – даярлаудың қолданылатын тәсілінің және нақты маманданудың мамандарын оқытудың жария етілген әдістемесіне сәйкес қолданылуы тиіс тәсілді жүйелі және тәуелсіз салыстыру екендігін есепке алу керек.
43. Осы аспектіде, кем дегенде, оның сапасын қамтамасыз ететін мынадай рәсімдер мен процестерді қамтуға тиіс аудитті жүргізудің сипаттамасы келтіріледі:
1) аудитке жататын АОО персоналына түсіндірілуі тиіс аудит көлемінің сипаттамасы;
2) жоспарлау мен даярлау;
3) алынған ақпаратты жинау мен хаттамалау;
4) алынған ақпаратты талдау.
44. Аудиттің жүргізілуін толыққанды көрсету үшін мыналар сияқты аудиттің тиімділігін қамтамасыз ететін рәсімдер ашылады:
1) жарияланған құжаттарды шолу;
2) әңгімелесу немесе қызметкерлермен талқылау;
3) есептіліктің барабар үлгісін зерделеу;
4) оқу іс-шараларын бақылау;
5) құжаттарды сақтау және қадағалау нәтижелерін тіркеу.
45. Осы өзгерістердің қалаулы нәтижелерге шынында әкелгенін белгілеу мақсатында процестерді үздіксіз жетілдіру аспектісіндегі рәсімдер.