"Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1487 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 669 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2023 № 669 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 40 құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарында:

      3-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары

Лауазымдардың атауы

Білім алушылардың санына қарай штат бірліктерінің саны

280-ге дейін

281-560

561-840

841-1120

1121 және одан да көп

1

2

3

4

5

6

Директор

1

1

1

1

1

Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары

1

1

1

1

2

Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

1

1

1

1

1

Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары

1

1

1

1

1

Директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары

-

1

1

1

1

Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары

-

-

1

1

1

Кадрлар бөлімінің меңгерушісі

-

1

1

1

1

Кадрлар жөніндегі (арнайы жұмыс бойынша) инспектор

1

1

1

1

1

Аға шебер

1

1

1

2

2

Бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы

1

1

1

1

1

Педагог-психолог

1

1

1

1

2

Әдіскер

1

1

1

2

2

Медициналық бике (фельдшер)

1

1

1

2

2

Бас бухгалтер

1

1

1

1

1

Бухгалтер

1

1

1

2

2

Оқу бөлімінің хатшысы

-

1

1

1

1

Хатшы (ісқағаздарын жүргізуші)

1

1

1

1

1

Кітапхана меңгерушісі

-

-

1

1

1

Кітапханашы

1

1

1

1

2

Жатақхана меңгерушісі

1

1

1

1

1

Паспортшы (жатақхана бар болғанда)

0,5

0,5

1

1

1

Шаруашылық (қойма) меңгерушісі

1

1

1

1

1

Қоймашы

-

1

1

1

1

Комендант (әрбір ғимаратқа)

1

1

1

1

1

Бас аспаз

1

1

1

1

1

Аспаз

2

2

2

3

4

Ас үй жұмысшысы

1

1

1

2

2

Экспедитор

1

1

1

1

1

Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа)

1

1

1

2

2

Кір жуу машиналарының операторы

1

1

1

2

2

Күзетші (әрбір ғимаратқа)

3

3

3

3

3

Вахтер (әрбір ғимаратқа)

1

1

1

1

2

Жүк тасушы

1

1

1

1

1


      Ескертпелер:

      1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында штат бірліктерін айқындау кезінде оқу жылының 1 қаңтарындағы білім алушылардың тізімдік құрамы бойынша саны негізге алынады.

      2. Оқу процесіне электронды оқыту жүйесін енгізу кезінде немесе ақпараттық жүйені қолдану салалары бойынша мамандар даярлау кезінде білім алушылар санына қарамастан директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді.

      3. Белгіленген және жоғары біліктілік деңгейіндегі кадрлар даярлауды қарастыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылар санына қарамастан директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді.

      4. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында техникалық, технологиялық, ауылшаруашылық мамандықтары бойынша 12-15 білім алушыдан тұратын өндірістік оқу тобына бір штат бірлігі, ал күрделі жабдықтарға қызмет көрсетуге, қауіпті және күрделі жұмыстар орындауға байланысты кәсіптер бойынша 8-10 білім алушыдан тұратын топқа өндірістік оқыту шебері лауазымының штат бірлігі белгіленеді.

      5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 500 немесе одан да көп әскери міндеттілер және әскерге шақыру жасындағы білім алушылар болған жағдайда, кадр және арнайы жұмыс жөніндегі инспектор лауазымының штат бірлігі белгіленеді.

      6. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында бір немесе бірнеше мамандықтар бойынша кемінде 150 білім алушы бар болса, ал кәсіп немесе мамандық бейінінің ерекшелігіне байланысты кемінде 120 білім алушы болса, мамандықтар тобы бойынша бөлімше меңгерушісі лауазымының штат бірліктері қосымша белгіленеді.

      7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін мемлекеттік сатып алу бойынша менеджер лауазымының штат бірлігі енгізіледі.

      8. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік бірлестік болған кезде директордың оқу-әдістемелік бірлестік жөніндегі орынбасары, әдіскер, техник-бағдарламашы, аудармашының штат бірліктері қосымша белгіленеді.

      9. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жатақхана бойынша тәрбиеші лауазымының штат бірлігі жатақханада тұратын әрбір 75 білім алушыға және әрбір 25 жетім балаға қосымша енгізіледі.

      10. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 20 және одан да көп жұмыс істеп тұрған жабдықтар (станоктар, машиналар, автомобильдер, тракторлар және ауылшаруашылық машиналары) болған кезде механиктің штат бірлігі белгіленеді.

      11. Бірқатар пәндер шет тілінде оқытылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында шет тілі бойынша әдіскер лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді.

      12. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында бағдарламалар әкімшілерімен келісу бойынша еңбекақы төлеу қорының шегінде немесе көрсетілген ақылы қызметтерден түскен қаражат есебінен қажет болған жағдайда кәсіптердің (қызметшілер мен жұмысшылардың) мынадай штат бірліктері қосымша белгіленеді: аға оқытушы, экономист, әлеуметтік педагог, ұйымдастырушы педагог, консультант-заңгер, мұрағатшы, оқу бөлімінің меңгерушісі, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі, қойма меңгерушісі, медициналық пункттің меңгерушісі, асхана меңгерушісі, сүйемелдеуші, көркемдік жетекші, костюмер, суретші, киномеханик, үрмелі аспаптардың күйін келтіруші, дене шынықтыру және бұқаралық жұмыстар жөніндегі нұсқаушы, қосымша білім беру педагогы, музыкалық жетекші, жастар істері жөніндегі инспектор.

      13. Эксперимент режимінде бірнеше тілде қатар оқытатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылар саны 281-ден көп болғанда, директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымдарының штат бірліктері әр оқыту тілінің түріне жеке белгіленеді.";

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесінде:

      "1. Педагог қызметкерлердің лауазымы" деген бөлімде:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жалпы білім беретін, жоғары техникалық мектептің, гимназияның, колледждің, училищенің, мектеп-балабақша кешенінің, арнайы түзету ұйымдары мен барлық үлгідегі және түрдегі интернаттық ұйымдардың директоры (басшысы, меңгерушісі);";

      он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жалпы білім беретін мектептердің, мектеп-интернаттардың және басқа да бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдарындағы директордың (басшының) ғылыми, оқу, оқу-өндірістік, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік жұмысы, ақпараттық технологиялар, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 января 2008 года № 77 "Об утверждении Типовых штатов работников государственных организаций образования и перечня должностей педагогических работников и приравненных к ним лиц"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2013 года № 1487. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 августа 2023 года № 669.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 10.08.2023 № 669 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 января 2008 года № 77 "Об утверждении Типовых штатов работников государственных организаций образования и перечня должностей педагогических работников и приравненных к ним лиц" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 3 ст. 40) следующие изменения:

      1) в Типовых штатах работников государственных организаций образования, утвержденных указанным постановлением:

      раздел 3 изложить в следующей редакции:

"3. Типовые штаты работников организаций технического и профессионального, послесреднего образования

      Организации технического и профессионального, послесреднего образования

Наименование должностей

Количество штатных единиц в зависимости от количества обучающихся

до

280

281

-560

561

-840

841

-1120

1121 и

более

1

2

3

4

5

6

Директор

1

1

1

1

1

Заместитель директора по учебной работе

1

1

1

1

2

Заместитель директора по учебно-воспитательной работе

1

1

1

1

1

Заместитель директора по учебно-производственной работе

1

1

1

1

1

Заместитель директора по хозяйственной работе

-

1

1

1

1

Заместитель директора по учебно-методической работе

-

-

1

1

1

Заведующий отделом кадров

-

1

1

1

1

Инспектор по кадрам (по специальной работе)

1

1

1

1

1

Старший мастер

1

1

1

2

2

Преподаватель-организатор начальной военной подготовки

1

1

1

1

1

Педагог-психолог

1

1

1

1

2

Методист

1

1

1

2

2

Медицинская сестра (фельдшер)

1

1

1

2

2

Главный бухгалтер

1

1

1

1

1

Бухгалтер

1

1

1

2

2

Секретарь учебной части

-

1

1

1

1

Секретарь (делопроизводитель)

1

1

1

1

1

Заведующий библиотекой

-

-

1

1

1

Библиотекарь

1

1

1

1

2

Заведующий общежитием

1

1

1

1

1

Паспортист (при наличии общежития)

0,5

0,5

1

1

1

Заведующий хозяйством (складом)

1

1

1

1

1

Кладовщик

-

1

1

1

1

Комендант (на каждое здание)

1

1

1

1

1

Шеф-повар

1

1

1

1

1

Повар

2

2

2

3

4

Кухонный рабочий

1

1

1

2

2

Экспедитор

1

1

1

1

1

Рабочий по обслуживанию и текущему ремонту зданий (на каждое здание)

1

1

1

2

2

Оператор стиральных машин

1

1

1

2

2

Сторож (на каждое здание)

3

3

3

3

3

Вахтер (на каждое здание)

1

1

1

1

2

Грузчик

1

1

1

1

1


      Примечания:

      1. При определении штатных единиц в организациях технического и профессионального, послесреднего образования за основу берется количество обучающихся по списочному составу на 1 января учебного года.

      2. При внедрении в учебный процесс системы электронного обучения или при подготовке специалистов по областям применения информационной системы дополнительно устанавливается штатная единица должности заместителя директора по информационным технологиям независимо от количества обучающихся.

      3. В организациях технического и профессионального, послесреднего образования, предусматривающих подготовку кадров установленного и повышенного уровня квалификации, дополнительно устанавливается штатная единица должности заместителя директора по профессиональному обучению независимо от количества обучающихся.

      4. В организациях технического и профессионального образования штатная единица должности мастера производственного обучения устанавливается из расчета одной штатной единицы на группу производственного обучения из 12-15 обучающихся по техническим, технологическим, сельскохозяйственным специальностям, а по профессиям, связанным с обслуживанием сложного оборудования, выполнением опасных и сложных работ из 8-10 обучающихся.

      5. При наличии в организациях технического и профессионального, послесреднего образования от 500 или более военнообязанных и обучающихся призывного возраста устанавливается штатная единица должности инспектора по кадрам и специальной работе.

      6. При количестве обучающихся в организациях технического и профессионального, послесреднего образования не менее 150 обучающихся по одной или нескольким специальностям, дополнительно устанавливаются штатные единицы должности заведующего отделением по группе специальностей, а исходя из специфики профиля профессии или специальности – не менее 120 обучающихся.

      7. В организациях технического и профессионального, послесреднего образования для осуществления выполнения государственных закупок вводится штатная единица должности менеджера по государственным закупкам.

      8. При наличии в организациях технического и профессионального, послесреднего образования учебно-методического объединения дополнительно устанавливаются штатные единицы заместителя директора по учебно-методическому объединению, методиста, техника-программиста, переводчика.

      9. В организациях технического и профессионального образования, послесреднего штатная единица должности воспитателя по общежитию дополнительно вводится на каждые 75 обучающихся и каждые 25 детей-сирот, проживающих в общежитии.

      10. В организациях технического и профессионального, послесреднего образования при наличии от 20 и более единиц действующего оборудования (станков, машин, автомобилей, тракторов и сельскохозяйственных машин) устанавливается штатная единица механика.

      11. В организациях технического и профессионального, послесреднего образования с преподаванием ряда предметов на иностранном языке устанавливается дополнительно штатная единица должности методиста по иностранному языку.

      12. В организациях технического и профессионального, послесреднего образования по согласованию с администраторами программ в пределах фонда оплаты труда и за счет средств от представленных платных услуг при необходимости дополнительно устанавливаются следующие штатные единицы профессий (служащих и рабочих): старший преподаватель, экономист, социальный педагог, педагог-организатор, юрист-консультант, архивариус, заведующий учебной части, заведующий методическим кабинетом, заведующий складом, заведующий медицинским пунктом, заведующий столовой, аккомпаниатор, художественный руководитель, костюмер, художник, киномеханик, настройщик духовых инструментов, руководитель по физкультурно-массовой работе, педагог дополнительного образования, музыкальный руководитель, инспектор по делам молодежи.

      13. В организациях технического и профессионального, послесреднего образования, работающих в режиме эксперимента параллельно на разных языках обучения с контингентом свыше 281 обучающихся, штатные единицы должностей заместитель директора по научной работе, заместитель директора по учебной работе устанавливаются для каждого вида языкового обучения отдельно.";

      2) в перечне должностей педагогических работников и приравненных к ним лиц, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "1. Должности педагогических работников":

      абзац второй изложить в следующей редакции:

      "Директор (начальник, заведующий) общеобразовательной, высшей технической школы, гимназии, колледжа, училища, комплекса школа-детский сад, специальной коррекционной организации и интернатных организаций всех типов и видов;";

      абзац тринадцатый изложить в следующей редакции:

      "Заместитель директора (начальника) по научной, учебной, учебно-производственной, учебно-воспитательной, учебно-методической работе, информационным технологиям, воспитательной работе общеобразовательных школ, школ-интернатов и других организаций начального, основного среднего, общего среднего, технического и профессионального, послесреднего, дополнительного образования;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

С. Ахметов