"Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 120 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 30 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 651 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 651 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 19, 231-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасында:
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде геологиялық ақпараттың құнын айқындау үшiн тарихи шығындар сомасынан пайыздық ставкалар қолданылады. Пайыздық ставкалар пайдалы қазбалардың түрiне байланысты сараланады:
      Көмiрсутек шикiзаты:
      барлау және өндiру – 2 %, өндiру – 3 %.
      Қатты пайдалы қазбалар (кең таралған пайдалы қазбаларды қоса алғанда):
      барлау және өндiру – 2 %, өндiру – 2,5 %.
      Жер асты сулары (емдiк балшықты қоса алғанда):
      барлау және өндiру – 2,5 %, өндiру – 4 %.
      Барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде геологиялық ақпараттың құны мынадай формула бойынша айқындалады:

      геол. ақпар.= Каек х Sкелісімш. аум. х Кт, мұнда:

      геол. ақпар. – геологиялық ақпараттың құны;
      Каек – пайдалы қазбалардың түрлері бойынша айлық есептік көрсеткіш коэффициенті;
      Sкелісімш. аум. – келісімшарт аумағының жалпы алаңы;
      Кт – пайдалы қазбалардың түрлері бойынша түзету коэффициенті;
      Айлық есептік көрсеткіш коэффициенті пайдалы қазбалардың түрлеріне байланысты сараланады:
      көмірсутек шикізаты – 310 АЕК;
      қатты пайдалы қазбалар – 150 АЕК;
      кең таралған пайдалы қазбалар – 100 АЕК;
      жер асты сулары (емдiк балшықты қоса алғанда) – 50 АЕК.
      Түзету коэффициенті пайдалы қазбалардың түрлеріне байланысты сараланады:
      көмірсутек шикізаты – 0,01;
      қатты пайдалы қазбалар – 0,015;
      кең таралған пайдалы қазбалар – 0,015;
      жер асты сулары (емдiк балшықты қоса алғанда) – 0,015.
      Барлауға құқықты алу кезінде айқындалған геологиялық ақпарат құны өндіруге немесе бірлескен барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде айқындалатын геологиялық ақпарат құнына кірмейді.
      Жер қойнауын пайдаланудан бос объекті бойынша геологиялық ақпарат сатып алынған жағдайда, ақпараттың бір бірлігінің құны бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 февраля 2011 года № 120 "Об утверждении Правил определения исторических затрат и стоимости геологической информации"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 января 2014 года № 30. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 августа 2015 года № 651

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 20.08.2015 № 651 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

ПРЕСС-РЕЛИЗ

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 февраля 2011 года № 120 «Об утверждении Правил определения исторических затрат и стоимости геологической информации» (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 19, ст. 231) следующие изменения:
      в Правилах определения исторических затрат и стоимости геологической информации, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 12 изложить в следующей редакции:
      «12. Для определения стоимости геологической информации при получении права недропользования на добычу и совмещенную разведку и добычу применяются процентные ставки от суммы исторических затрат. Процентные ставки дифференцируются в зависимости от вида полезного ископаемого:
      Углеводородное сырье:
      разведка и добыча - 2 %, добыча - 3 %.
      Твердые полезные ископаемые (включая общераспространенные):
      разведка и добыча - 2 %, добыча - 2,5 %.
      Подземные воды (включая лечебные грязи):
      разведка и добыча - 2,5 %, добыча - 4 %.
      Стоимость геологической информации при получении права недропользования на разведку определяется по следующей формуле:
      геол.инф.= Кмрп х Sконт.тер. х Кп, где:
      геол.инф. – стоимость геологической информации;
      Кмрп – коэффициент месячного расчетного показателя по видам полезных ископаемых;
      Sконт.тер. – общая площадь контрактной территории;
      Кп – поправочный коэффициент по видам полезных ископаемых.
      Коэффициент месячного расчетного показателя дифференцируется в зависимости от вида полезного ископаемого:
      углеводородное сырье – 310 МРП;
      твердые полезные ископаемые – 150 МРП;
      общераспространенные полезные ископаемые – 100 МРП;
      подземные воды (включая лечебные грязи) – 50 МРП.
      Поправочный коэффициент дифференцируется в зависимости от вида полезного ископаемого:
      углеводородное сырье – 0,01;
      твердые полезные ископаемые – 0,015;
      общераспространенные полезные ископаемые – 0,015;
      подземные воды (включая лечебные грязи) – 0,015.
      Стоимость геологической информации, определенная при получении права на разведку, не входит в стоимость геологической информации, определяемой при получении права недропользования на добычу или совмещенную разведку и добычу.
      В случае приобретения геологической информации по свободному от недропользования объекту стоимость одной единицы геологической информации определяется в размере одного месячного расчетного показателя.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       C. Ахметов