Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 43 қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Күләш Байсейiтова атындағы ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Астана қаласында «Ақ Орда» опера және балет театрын ашу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қаңтардағы № 114 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 3, 41-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қаңтардағы № 114 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 сәуiрдегі № 507 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 190–191-құжаттар);
      3) «Астана қаласындағы опера және балет театры туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 шілдедегі № 1048 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 28, 351-құжат).
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 3 ақпандағы
№ 43 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      3. «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 610 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 316-құжат):
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағына берілетін ұйымдар тізбесі» деген қосымшада:
      «Театрлар» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 2-жол алынып тасталсын.

О ликвидации Республиканского государственного казенного предприятия "Национальный театр оперы и балета имени Куляш Байсеитовой" Комитета по культуре Министерства культуры и информации Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 февраля 2014 года № 43

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года «О государственном имуществе» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Ликвидировать Республиканское государственное казенное предприятие «Национальный театр оперы и балета имени Куляш Байсеитовой» Комитета по культуре Министерства культуры и информации Республики Казахстан.
      2. Комитету по культуре Министерства культуры и информации Республики Казахстан совместно с Комитетом государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке принять меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Утвердить прилагаемые изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.
      4. Признать утратившим силу:
      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 22 января 2000 года № 114 «Об открытии Театра оперы и балета «Ак Орда» в г. Астане» (САПП Республики Казахстан, 2000 г., № 3, ст. 41);
      2) постановление Правительства Республики Казахстан от 5 апреля 2000 года № 507 «О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 января 2000 года № 114» (САПП Республики Казахстан, 2000 г., № 18, ст. 190 – 191);
      3) постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2000 года № 1048 «О театре оперы и балета в городе Астане» (САПП Республики Казахстан, 2000 г., № 28, ст. 351).
      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
3 февраля 2014 года № 43  

Изменения, которые вносятся в некоторые решения
Правительства Республики Казахстан

      1. Утратил силу постановлением Правительства РК от 23.09.2014 № 1003.
      2. Утратил силу постановлением Правительства РК от 28.08.2015 № 683.
      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 26 июня 2008 года № 610 «Некоторые вопросы Министерства культуры Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 31, ст. 316):
      в приложении «Перечень организаций, передаваемых в ведение Комитета по культуре Министерства культуры Республики Казахстан»:
      в разделе «Театры»:
      строку, порядковый номер 2, исключить.