Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.04.2016 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 6-4/1072 бұйрығын қараңыз.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 134 қаулысымен
бекітілген
«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің
құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап және көрсетілетін қызметті берушінің шешімі туралы хабарламаны алғанға дейін – күнтізбелік 14 (он төрт) күннен аспайды.
Аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну – көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды тапсырғаннан кейін күнтізбелік 14 (он төрт) күннен аспайды;
2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының банк шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияны аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) субсидиялар алуға арналған тізілімге енгізу үшін көрсетілетін қызметті алушы (ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшін гидротехникалық құрылыстарды, құрылғыларды және жабдықтарды бірлесіп басқару үшін мүшелік негізінде жүктелген аумақта жер учаскелерін иеленуші (пайдаланушы) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ерікті бірлестігі) (бұдан әрі – САТК) арқылы мыналарды:
ағымдағы жылғы 20 ақпанға дейінгі мерзімде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді;
САТК жарғысының көшірмесін;
өтінімді ұсыну және субсидия алу бойынша өкілеттіктерді беру туралы САТК мүшелері жиналысының хаттамасын;
көрсетілетін қызметті берушінің тарифті бекіту туралы бұйрығының көшірмесін;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес үлгілік нысан бойынша әрбір көрсетілетін қызметті алушы үшін су пайдалану лимитін айлар бойынша көрсете отырып, алдағы суару кезеңіне су беру туралы САТК су берушімен шартын;
әрбір көрсетілетін қызметті алушының жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттарының көшірмелерін;
әрбір көрсетілетін қызметті алушының суаруға арналған құрылыстарына, жабдықтары мен құрылғыларына техникалық паспорттардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелерін;
әрбір көрсетілетін қызметті алушының суаруға арналған суды есепке алудың аттестатталған құралдарының болуы туралы құжаттардың көшірмелерін;
заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесін (көрсетілетін қызметті алушының шотына ақша аударған жағдайда жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе дара кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің көшірмесі);
салық органы берген, көрсетілетін қызметті алушыны салықтық есепке қою фактісін растайтын құжаттың көшірмесін;
банк шотының деректемелерін көрсете отырып, оның болуы туралы банктің анықтамасын ұсынады.
Көрсетілетін қызметті берушінің каналынан жалғыз көрсетілетін қызметті алушы болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы субсидия алу үшін САТК жарғысының көшірмесін және өкілеттіктерді беру туралы САТК мүшелері жиналысының хаттамасын қоспағанда, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды өз бетінше ұсынады;
2) жиынтық тізілімге енгізілген САТК әрбір айдың 20 күніне дейін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің су беру жөніндегі қызметтер көрсету актісін;
көрсетілетін қызметті берушіге су жеткізу жөніндегі алынған қызметтер үшін қаражатты аударуды растайтын төлем құжаттарының көшірмелерін ұсынады. Бұл ретте тараптардың уағдаласуы бойынша көрсетілетін қызметті алушы (көрсетілетін қызметті алушы атынан САТК) субсидия алғаннан кейін қалған бөлігін төлеу міндеттемесін өзіне ала отырып, көрсетілетін қызметті беруші көрсеткен қызметтер құнының кемінде 50 %-ын төлей алады.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінімдер мен құжаттар топтамасын қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі және аты-жөні, қабылданған күні және уақыты көрсетілген талон береді.
3. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті
берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне,
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша интернет-ресурста орналасқан көрсетілетін қызметті берушінің басшысының блогына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға шағым қабылданған күні және уақыты, қабылдаған лауазымды адамның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру шағымды қабылдауды растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті беруші атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «Қолдау және қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілерге су беру қызметтерінің
құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
Суармалы суды беру жөніндегі
қызметтерге бюджеттік субсидияларды
алушы су пайдаланушылардың
тізімін бекіту жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның
төрағасы
___________________________________
(Т.А.Ә.)
Нысан
201__ жылы суландыру үшін су беру жөніндегі көрсетілетін
қызметтерге субсидиялар алуға
ӨТІНІМ
1. САТК және су пайдаланушы: __________________________________
(САТК атауы және су пайдаланушы)
2. Орналасқан жері: ___________________________________________
(облыс, аудан, кент, көше)
3. Суландыратын жер _______________________________________ га.
оның ішінде пайдалану межеленген __________________________ га.
4. Су көзінің атауы (өзен, бұлақ, суландыру жүйесі, бөлуші, су
бөлу) _______________________________________________________________
5. Суармалы суды жеткізу бойынша шарт жасалған су берушінің
атауы: ______________________________________________________________
6. Су беруші үшін бекітілген тариф: ___________________________
(тариф, ТМРА бұйрығының № және күні)
7. Өңделетін ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша
суармалы суды тұтыну көлемі (су пайдаланушылар бойынша):
Р/с |
Егілетін дақыл |
Егістік көлемі, га |
Суландыру нормасы, м3/га |
Су тұтыну көлемі, мың м3 (лимит) |
Суару тәсілі |
1-су пайдаланушы |
|||||
1 |
|||||
2 |
|||||
БАРЛЫҒЫ |
Х |
Х |
|||
2-су пайдаланушы |
|||||
1 |
|||||
2 |
|||||
БАРЛЫҒЫ |
Х |
Х |
|||
3-су пайдаланушы |
|||||
1 |
|||||
2 |
|||||
БАРЛЫҒЫ |
Х |
Х |
|||
ЖИЫНЫ |
Х |
Х |
8. Су тұтыну көлемін айлар бойынша бөлу (су пайдаланушылар
бойынша):
Айлар |
Суландыру алаңы, га |
Суару нормасы бойынша су тұтыну көлемі, мың м3 |
Бекітілген тариф бойынша қызмет құны, мың теңге |
Субсидиялау көлемі, % |
Субсидия сомасы, мың теңге |
Субсидиялау есебімен 1 м3 құны, теңге/м3 |
1-су пайдаланушы |
||||||
БАРЛЫҒЫ |
Х |
Х |
Х |
|||
2-су пайдаланушы |
||||||
БАРЛЫҒЫ |
Х |
Х |
Х |
|||
3-су пайдаланушы |
||||||
БАРЛЫҒЫ |
Х |
Х |
Х |
|||
4-су пайдаланушы |
||||||
БАРЛЫҒЫ |
Х |
Х |
Х |
|||
ЖИЫНЫ |
Х |
Х |
Х |
9. ЖИЫНЫ: бір жылға __________________________ мың теңге төлеу.
Ескертпе: Айлар бойынша есептелген су тұтыну көлемі су
берушімен жасалған шарт бойынша су беру көлемінен (су пайдалану
лимитінен) аспауға тиіс.
Субсидиялау құнының мөлшерін ескере отырып су беру жөніндегі
қызметтер құны асып кеткен жағдайда субсидия төленбейді.
САТК: _________________ ___________________________________
(қолы) (Т.А.Ә)
201__ жылғы «___» _______________
«Ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілерге су беру қызметтерінің
құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
Суландыру үшін суармалы суды жеткізу жөніндегі қызметтер
көрсету туралы ұсынылатын шарттың үлгі нысаны
_______________ ауылы (қаласы) 20__ жылғы «___» _____________________
Кәсіпорын жарғысы негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Су беруші» деп
аталатын ________________________ атынан ____________________________
(заңды тұлғаның атауы)
бір тараптан, __________ негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Су
пайдаланушы» деп аталатын ____________________________________ атынан
(заңды немесе жеке тұлғаның атауы)
_________________ екінші тараптан бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп
аталатындар осы Субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша су беру
бойынша қызметтер көрсету шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты және
төмендегілер туралы келісімге келді:
Осы Шартта төменде келтірілген ұғымдарға мынадай түсініктеме
беріледі:
1) Шарт – барлық қосымшаларымен және оған толықтырулармен,
сондай-ақ Шартта сілтемесі бар барлық құжаттамалармен бірге осы Шарт;
2) қызметтер – Шарт шеңберінде Су беруші Су пайдаланушыға
көрсетуі тиіс, табиғи монополияларды реттеу жөніндегі көрсетілетін
мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша суармалы суды
жеткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді білдіреді;
3) Су беруші – Шартта көрсетілген жағдайларда суару суын
жеткізу бойынша қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) Су пайдаланушы – қызметі ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру
үшін суландырылатын жерлерді пайдалануға байланысты заңды немесе жеке
тұлға;
5) тариф – табиғи монополияларды реттеу жөніндегі мемлекеттік
уәкілетті орган бекіткен суару суын жеткізу жөніндегі көрсетілетін
қызметтердің тарифі.
1. Шарттың мәні
1. Осы Шарт бойынша Су беруші суармалы суды жеткізу жөнінде
көрсетілетін қызметтерді тариф бойынша көрсетуге, ал Су пайдаланушы
қабылдауға және төлеуге міндеттенеді.
2. Тараптардың міндеттері
Су беруші:
1. Барлық суару маусымы ішінде _____ жылға белгіленген _______
мың текше метр суды пайдалану лимиті шегінде онкүндік шығыстар
кестесіне сәйкес су шаруашылығы жүйесінің Су бөлу орындарында Су
пайдаланушыға су беруге.
2. Су пайдаланушыға суды берудегі күтілетін өзгерістер туралы
кемінде екі тәулік бұрын хабарлауға.
3. Су көзінде су ресурстары тапшылығы болған кезде әр су
пайдаланушы үшін белгіленген кестелер бойынша судың көлемін
төмендетуге.
4. Қолда бар су есептеу құралының сенімді жұмысын қамтамасыз
етуге.
5. Вегетациялық кезең басталғанға дейін суармалы дренаж
желісінің су қабылдауға әзірлігін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Су пайдаланушы:
6. Шаруашылық ішіндегі суару желісін жұмысқа жарамды жағдайда
ұстауға және оларды тұрақты тазалауды жүргізуге.
7. Су берушіге су қабылдау кестесіндегі күтілетін өзгерістер
туралы кемінде 2 тәулік бұрын хабарлауға.
8. Берілген суармалы суды нысаналы мақсаты бойынша, яғни суару
үшін ғана ұтымды пайдалануға.
9. Суармалы суды мақсатсыз пайдаланған жағдайда, субсидиялар
сомасын бюджетке қайтаруды және мақсатсыз пайдаланғаны үшін _______
мөлшерінде айыппұл төлеуді қамтамасыз етуге міндеттенеді.
3. Қосымша талаптар
1. Суды беру-қабылдау суармалы суды берудің бекітілген
кестесіне сәйкес су бөлу орындарында жүзеге асырылады. Суды
беру-қабылдау белгіленген нысанда екі данадағы журналда тіркеледі
(біреуі Су берушіде, екіншісі Су пайдаланушыда сақталады). Жазу қара
немесе көк сиямен шарикті немесе қаламсапты қаламмен жазылады.
2. Суды беру-қабылдау келісілген мерзімде тәулігіне кемінде 2
рет тараптардан ресми түрде уәкілетті өкілдердің бірігіп
қадағалауымен жүргізіледі, нәтижелері журналдарға тіркеледі.
Тараптардың бірі келмеген жағдайда, екінші тараптың жазуына дау
айтылмайды.
3. Шаруашылықаралық каналдар мен өзендерде сорғыларды орнату
міндетті түрде Су берушімен келісілуге тиіс.
Судың жеткізілген көлемін суландырудан басқа мақсаттарға
пайдалануға рұқсат етілмейді. Бұлай болмаған жағдайда су алу суды өз
бетінше алу болып саналады.
4. Есеп айырысу тәртібі
1. Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік
орган бекіткен суды жеткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге
тарифтер ҚҚС-ты ескере отырып __________ жылға мың текше метрге
_________ теңге көлемін құрайды.
(Су пайдаланушы көрсетілген қызметтерге тариф бойынша толық
көлемде ақы төлейді) немесе (Су пайдаланушы көрсетілген қызметтің
құнының 50 %-ын төлейді, ал қалған 50 %-ын - субcидиялар алғаннан
кейін) немесе (Су пайдаланушы осы Шартқа қол қойғаннан кейін жылдық
көлемнің ________ %-ы көлемінде аванс төлейді және Су беруші авансқа
жұмысты істегеннен кейін ай сайын нақты көрсетілген қызмет көлеміне
төлейді) (қажетін уағдаласу бойынша қалдыру керек)
2. Су пайдаланушының жылдық лимиті, барлығы _______________ мың
текше метр.
3. Тариф бойынша су пайдаланудың жылдық лимитінің құны
____________ теңге, ҚҚС есебімен.
4. Осы Шартқа қол қойылмаған жағдайда, суару маусымы
басталғанға дейін Су беруші Су пайдаланушыға су беруді жүзеге
асырмайды.
5. Төлем шарты
1. Осы Шарт бойынша төлем теңгемен жүргізіледі.
2. Қызметтер толық немесе ішінара көрсетілмеген жағдайда Су
беруші осы Шарттың мерзімі өткен кезден бастап _____ күннен
кешіктірмей аванстық төлемнің тиісті сомасын қайтарады және Су
пайдаланушыға _________ мөлшерінде айыппұл төлеуге тиіс.
3. Жазылған есептерге Су пайдаланушыға тапсырылғаннан кейін 20
күн мерзімде ақы төленуге тиіс.
6. Айыппұл санкциялары
1. Тарифтер бойынша уақтылы ақы төленбеген кезде Су пайдаланушы
Су берушіге мерзімі өткен әр күнге төлем сомасының _______ мөлшерінде
өсімпұл төлеуге тиіс. Айыппұл санкцияларының (өсімпұлдың) жалпы
сомасы төлем сомасының ____ %-ынан аспауы тиіс.
7. Дауларды реттеу тәртібі
1. Осы Шарт бойынша туындаған немесе оған байланысты барлық
келіспеушіліктер мен даулар Тараптар арасында келіссөздер арқылы
шешілуге тиіс.
2. Егер Тараптар келісімге келе алмаса, онда келіспеушіліктер
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттелуге
тиіс.
8. Тараптардың жауапкершілігі
1. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны және/немесе
тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
9. Форс-мажорлық міндеттемелер
1. Егер осы Шарт бойынша су көлемі Су пайдаланушыға дүлей
апаттар, суару көзіндегі судың тапшылығы сияқты еңсерілмейтін күш
мән-жайлары салдарынан түгел жеткізілмесе, Су беруші ол үшін жауап
бермейді.
2. 9.1-тармақта көрсетілген мән-жайлар тиісті мемлекеттік
органдар тиісті түрде растаса, заңды болады.
3. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мүмкіндігі жоқ
Тарап ______ күн мерзімде жоғарыда көрсетілген мән-жайлардың
басталғаны мен тоқтағаны және олардың ұзақтығы туралы басқа Тарапқа
хабарлауға міндетті.
10. Өзге де жағдайлар
1. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде
жасалса және оларға Тараптардың құқылы өкілдері қол қойса, қолданыста
болып табылады.
2. Осы Шарт _______ тілдерінде ____ данада Тараптардың
әрқайсысына бірдей заңды күші бар бір данадан жасалды.
3. Шарт өзара келісім бойынша бұзылуы және тоқтатылуы мүмкін.
Ол үшін мұны қолдайтын Тарап Шартты бұзудың болжамды мерзіміне дейін
_______ ай бұрын екінші Тарапқа хабарлайды.
11. Шартқа қоса берілетін құжаттардың тізбесі
1. Суландыруға арнайы су пайдалануға рұқсат (су көзінен суды өз еркімен алғанда). |
3. Бекітілген тариф бойынша су алуға өтінім. |
4. Су пайдаланушыға су берудің онкүндік кестесі. |
|
2. БСН/ЖСН, жеке басының куәлігі, банк деректемелері. |
5. Күн сайын су беру есебінің журналы. |
6. Жерге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі. |
12. Қорытынды ережелер
1. Осы Шарт оған тараптар қол қойған күннен бастап күшіне
енеді.
2. Шарттың қолданылу мерзімі:
20__ жылғы «___» _________ басталады
20__ жылғы «___» _________ аяқталады
Тараптардың мекенжайлары:
Су беруші Су пайдаланушы
______________________________ ______________________________
(индекс, облыс, аудан, ауыл) (толық атауы)
______________________________ ______________________________
(республика) (мекенжайы)
______________________________ ______________________________
банктің атауы, және.б. (тел. факс)
______________________________ БСН __________________________
е./шот
______________________________ ______________________________
______________________________ е./шот
______________________________ ______________________________
Қол қоюшының лауазымы, Т.А.Ә. жұмыс телефоны
Басшы: Басшы:
______________________________ ______________________________
Бас бухгалтер: Бас бухгалтер:
______________________________ ______________________________
Ескертпе: Шарт нөмірі облыстық ауыл шаруашылығы департаменті
(басқармасы) бекіткен субсидия алатын су пайдаланушылар тізбесіндегі
Су пайдаланушының реттік нөміріне сәйкес келуі тиіс.
«Ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілерге су беру қызметтерінің
құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
Суландыру үшін суармалы суды жеткізу жөніндегі қызмет көрсету
актісі
____________________________ ауылы 20__ жылғы «___» _________
(елді мекеннің атауы)
__________________ негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Су беруші» деп
(құжаттың атауы)
аталатын ____________________________________________________________
(ұйымның атауы)
атынан _________________________ және _______________________________
(Т.А.Ә.) (құжаттың атауы)
негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Су пайдаланушы» деп аталатын
______________________________ төмендегілер туралы осы актіні жасады:
(Т.А.Ә.)
Осы акт 201__ жылғы __________ айына «Су беруші» «Су
пайдаланушымен» жасалған 201__ жылғы «___» _________ № ___ суландыру
үшін суармалы суды жеткізу бойынша қызмет көрсету туралы шарт
негізінде бөлу орнына ______ текше метр суармалы суды жеткізгені, ал
«Су пайдаланушы» бөлу орнында жоғарыда көрсетілген су көлемін алғаны
туралы жасалды.
Акт су есептеу аспаптарының көрсеткіштеріне сәйкес берілген
суды күн сайын есептеу журналының деректері негізінде жасалды.
Бекітілген тариф бойынша суландыру үшін суармалы суды жеткізу
бойынша «Су пайдаланушыға» көрсетілген қызметтің жалпы сомасы
_____________ теңгені құрады, оның ішінде ҚҚС __________ теңге.
«Су беруші» мен «Су пайдаланушы» екеуінің арасында жасалған
20__ жылғы «___» ___________ № ____ шартқа сәйкес толық көлемде
актіге қол қойылған күннен бастап суды беру кестесіне сәйкес қызмет
көрсетті. Қызмет көрсеткен кезде наразылықтар болған жоқ.
«Су беруші» үшін: «Су пайдаланушы» үшін:
________________________ __________________________
(Т.А.Ә.) (Т.А.Ә.)
________________________ __________________________
(қолы, мөр) (қолы, мөр)
20__ жылғы «___» _______ 20__ жылғы «___» _________
«Ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілерге су беру қызметтерінің
құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
4-қосымша
ТАЛОН
Өтініш берушінің тіркеу № ___________________________________________
Құжаттардың саны ________________ дана(лар) ________________ бет(тер)
Орындалған күні ____________________________________________ 20__ жыл
Өтініш қарауға «___» ___________________________ 20__ жылы қабылданды
_____________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (қолы)