«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы
Дін істері агенттігінің қарамағындағы аумақтық органдар (бұдан әрі – аумақтық органдар) таратылсын.
2. Қазақтан Республикасы Дін істері агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 наурыздағы
№ 182 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің қарамағындағы
таратылатын аумақтық органдардың
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Ақмола облысының Дін істері департаменті» мемлекеттік мекемесі.
2. «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Ақтөбе облысының Дін істері департаменті» мемлекеттік мекемесі.
3. «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Алматы облысының Дін істері департаменті» мемлекеттік мекемесі.
4. «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Атырау облысының Дін істері департаменті» мемлекеттік мекемесі.
5. «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Батыс Қазақстан облысының Дін істері департаменті» мемлекеттік мекемесі.
6. «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Жамбыл облысының Дін істері департаменті» мемлекеттік мекемесі.
7. «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Қарағанды облысының Дін істері департаменті» мемлекеттік мекемесі.
8. «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Қостанай облысының Дін істері департаменті» мемлекеттік мекемесі.
9. «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Қызылорда облысының Дін істері департаменті» мемлекеттік мекемесі.
10. «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Маңғыстау облысының Дін істері департаменті» мемлекеттік мекемесі.
11. «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Дін істері департаменті» мемлекеттік мекемесі.
12. «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Павлодар облысының Дін істері департаменті» мемлекеттік мекемесі.
13. «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысының Дін істері департаменті» мемлекеттік мекемесі.
14. «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Шығыс Қазақстан облысының Дін істері департаменті» мемлекеттік мекемесі.
15. «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Алматы қаласының Дін істері департаменті» мемлекеттік мекемесі.
16. «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Астана қаласының Дін істері департаменті» мемлекеттік мекемесі.