Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
орталық аппараттың функцияларында:
мынадай мазмұндағы 62-1) тармақшамен толықтырылсын:
«62-1) әлеуметтiк қызметтердi ғылыми-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi үйлестiрудi жүзеге асырады;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов