Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қылмыстық заңның және қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне, жетілдірілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға және қылмыстық жазаларды атқару жүйесіне көшу жөніндегі бірыңғай мемлекеттік іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Казахстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қылмыстық заңның және қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне,
жетілдірілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға және
қылмыстық жазаларды атқару жүйесіне көшу жөніндегі бірыңғай
мемлекеттік іс-қимыл жоспарын бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық заңның және қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне, жетілдірілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға және қылмыстық жазаларды атқару жүйесіне көшу жөніндегі бірыңғай мемлекеттік іс-қимыл жоспары (бұдан әрі — Бірыңғай мемлекеттік жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, орталық және жергілікті атқарушы органдар, басқа да мемлекеттік органдар Бірыңғай мемлекеттік жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2015 жылғы 20 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Бірыңғай мемлекеттік жоспардың іске асырылуы туралы ақпарат берсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы
№ өкімімен
бекітілген
Қылмыстық заңның және қылмыстық сот өндірісінің жаңа
моделіне,жетілдірілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы
заңнамаға және қылмыстық жазаларды атқару жүйесіне көшу
жөніндегі бірыңғай мемлекеттік іс-қимыл жоспары
Р/с № |
Іс-шаралар атауы |
Аяқтау нысаны |
Жауапты орындаушы |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету |
||||
1 |
Жаңа ҚК іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі |
БП |
2014 жылғы шілде |
2 |
Жаңа ҚІЖК іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі |
БП |
2014 жылғы шілде |
3 |
Жаңа ҚАК іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі |
ІІМ |
2014 жылғы шілде |
4 |
Жаңа ӘҚБК іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі |
Әділетмині |
2014 жылғы шілде |
5 |
Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттері нәтижесінде келтірілген залалды өтеу тәртібін регламенттеу |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
БП, ЭСЖКА, Қаржымині, ІІМ, ТЖМ, ЭБЖМ, Әділетмині |
2014 жылғы қыркүйек |
6 |
Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақша қаражатын, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау және жою тәртібі регламенттеу |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
БП, ЖС, ҰҚК, ЭСЖКА, ІІМ, ТЖМ, Қорғанысмині, Қаржымині, ЭБЖМ, Әділетмині |
2014 жылғы қыркүйек |
7 |
Тергеуден немесе соттан жасырынып жүрген күдіктіні, айыпталушыны және сотталушыны іздестіруге байланысты жұмсалған сомаларды есептеу тәртібін регламенттеу |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭСЖКА, ЖС, БП, ҰҚҚ, ПКҚ, ІІМ, ТЖМ, Қаржымині, Қорғанысмин і, ЭБЖМ, Әділетмині |
2014 жылғы қыркүйек |
8 |
Кепілді қолдану тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді қайта өңдеу |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
БП, ЖС, ҰҚК, ЭСЖКА, ІІМ |
2014 жылғы қыркүйек |
9 |
Шетелдік азаматтың ұсталғаны туралы елшіліктерге, консулдықтарға немесе шетелдік мемлекеттердің өзге де өкілдіктеріне хабарлау тәртібін регламенттеу |
Бірлескен бұйрық |
БП, СІМ |
2014 жылғы қыркүйек |
10 |
Үй қамауына алуды қолдану тәртібін қайта өңдеу |
Бірлескен бұйрық |
БП, ҰҚК, ЭСЖКА, ІІМ, |
2014 жылғы қыркүйек |
11 |
Тергеу амалдарының барысы мен нәтижелерін тіркеудің техникалық құралдарын қолдану тәртібін регламенттеу |
БП бұйрығы |
БП, ЖС, ҰҚК, ПКҚ, ЭСЖКА, ІІМ, Қорғанысмині, ТЖМ, Қаржымині |
2014 жылғы қыркүйек |
12 |
Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау және тіркеу тәртібін әзірлеу |
БП бұйрығы |
БП, ЖС, ҰҚК, ІІМ, ЭСЖКА, ПКҚ Қорғанысмині, ТЖМ, Қаржымині |
2014 жылғы қыркүйек |
13 |
Құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүргізу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қайта өңдеу |
БП бұйрығы |
БП, ЖС, ҰҚК, ІІМ, ЭСЖКА, ПКҚ, Қорғанысмині, ТЖМ, Әділетмині, Қаржымині |
2014 жылғы қыркүйек |
14 |
Жасырын тергеу әрекеттері институтын енгізуге байланысты жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыруды және оның тактикасын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді қайта өңдеу |
Бұйрықтар |
БП, ҰҚК, ЭСЖКА, ПКҚ, ІІМ, Қорғанысмині, Қаржымині |
2014 жылғы қыркүйек |
15 |
Қылмыстық-атқару қызметінің мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қайта өңдеу |
Нормативтік құқықтық актілер |
ІІМ |
2014 жылғы қыркүйек |
16 |
Жаңа редакциядағы ҚК, ҚІЖК, ҚАК және ӘҚБК қабылдауға байланысты ЖС нормативтік қаулыларына мониторинг жүргізу |
Нормативтік қаулылар |
ЖС, БП |
2014 жылғы қыркүйек |
17 |
Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорын құру және оның жұмыс істеуі мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
Қазақстан Республикасының Үкіметі |
2014 жылғы желтоқсан |
Ақпараттық-насихаттау іс-шаралары |
||||
18 |
Жаңа ҚК, ҚІЖК, ҚАК және ӘҚБК негізгі новеллалары бойынша республикалық, және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында (оның ішінде интернет-ресурстары) кең ақпараттық және құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Баспасөз-конференциялары, |
БП, ЖС, ЭСЖКА, ІІМ, Әділетмині, Қаржымині, ТЖМ, БАА |
2014 жылдың 2-жартыжылдығы |
19 |
Жаңа ҚК, ҚІЖК, ҚАК және ӘҚБК негізгі новеллалары бойынша жұртшылықты, мүдделі органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, құқық түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер, конференциялар |
БП, ІІМ, Әділетмині, ЖС, жергілікті атқарушы органдар |
2014 жылдың 2-жартыжылдығы |
20 |
Жаңа ҚІЖК, сондай-ақ ҚК, ҚАК және ӘҚБК негізгі новеллалары бойынша адамның және сотталғандардың құқықтарын қорғайтын бөлігінде, қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелерде және қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Сабақтар |
ІІМ, ҰҚК, БП, Әділетмині |
2014 жылдың 2-жартыжылдығы |
Оқу-әдістемелік іс-шаралар |
||||
21 |
Құқық, қорғау және арнайы органдардың, соттардың қызметкерлерін және ведомстволық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамын жаппай қайта оқытуды өткізу бағдарламалары мен кестелерін әзірлеу |
Қайта даярлау бағдарламалары мен кестесі |
БП, ЖС, ҰҚК, ЭСЖКА, ІІМ, ТЖМ, Қаржымині, БҒМ |
2014 жылғы тамыз |
22 |
Ведомстволық оқу орындарының, сондай-ақ облыстық және оларға теңестірілген соттардың оқу орталықтарының жаппай қайта оқыту бағдарламасын және оқу-әдістемелік құжаттамасын әзірлеу |
Қайта оқыту бағдарламалары |
БП, ЖС, ІІМ, ЭСЖКА, БҒМ |
2014 жылғы тамыз |
23 |
Жаңа ҚК, ҚІЖК, ҚАК және ӘҚБК түсіндірулер және оларды жаңадан енгізу жөнінде түсініктер әзірлеу |
Түсіндірулер және түсініктер |
БП, ЖС, БҒМ, ІІМ, ҰҚК, мүдделі мемлекеттік органдар |
2014 жылғы 1 қазанға дейін |
24 |
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың санаттары бойынша қылмыстық істер оқуларын және оларды енгізу жөніндегі әдістемелік құралдарды дайындау |
Оқу-әдістемелік көмекші құралдар |
БП, ІІМ, ҰҚК, ЭСЖКА, Қаржымині, ТЖМ, Қорғанысмині |
2014 жылғы қазан |
25 |
Іс жүргізу құжаттарының және оларды ресімдеу жөніндегі әдістемелік құралдары үлгілерін әзірлеу |
Оқу-әдістемелік көмекші құралдар |
БП,ІІМ, ҰҚК, ЭСЖКА, Қаржымині, ТЖМ, Қорғанысмині |
2014 жылғы қазан |
26 |
ҚК, ҚІЖК, ҚАК және ӘҚБК новеллаларын түсіндіру және қолдану жөніндегі, оның ішінде жаңа заңнамаларды қолданған кезде құқық бұзғаны үшін жауапкершіліктен бұлтартпауды қамтамасыз етуге бағытталған ұсынымдар әзірлеу және оларды жергілікті және басқа да соттарға жіберу |
Ұсынымдар |
ЖС |
2014 жылғы қазан |
27 |
БП-ның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық жүйесінің базасында сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімін енгізу бойынша оқуларды өткізу |
Оқыту семинарлары |
БП |
2014 жылдың 2-жартыжылдығы |
28 |
Құқық қорғау және арнайы органдардың, соттардың практикалық қызметкерлерін, сондай-ақ ведомстволық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамын жаппай қайта оқыту іс-шараларын ұйымдастыру |
Қайта оқыту іс-шаралары |
БП, ЖС, ІІM, ҰҚК,ЭСЖКА, МҚА, Қаржымині, БҒМ |
2014 жылдың 2-жартыжылдығы |
Материалдық-қаржылай қамтамасыз ету |
||||
29 |
Жаңа ҚК, ҚІЖК және ҚАК тергеушілер мен анықтаушылардың, прокурорлардың, тергеу судьяларының, қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің қосымша штат санын енгізу қажеттілігі мәніне сот алдындағы тергеуді жүзеге асыратын органдардың штат саны лимиттерін ұлғайту кешенді талдау жүргізу |
ПӘ-ге ақпарат |
БП, ІІМ, ҰҚК, ЭСЖКА, ПКҚ,ЖС,ТЖМ,Қаржымині, Қорғанысмині |
2014 жылғы мамыр |
30 |
Қылмыстық теріс қылықтар жасағаны үшін қамауға алуға сотталған адамдарды ұстауды ұйымдастыру мәселесін пысықтау |
ПӘ-ге ақпарат |
ІIM, Қорғанысмині |
2014 жылғы мамыр |
31 |
Қамауға алуға сотталған адамдарды ұстауға арналған арнайы қабылдау үй-жайларын материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселесін пысықтау |
ПӘ-ге ақпарат |
ІІМ, ЭБЖМ |
2014 жылғы маусым |
32 |
ІІМ-нің «Тергеуші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру мәселесін пысықтау |
ПМК-ге ақпарат |
ІІМ, ЭБЖМ, БАА |
2014 жылғы қыркүйек |
33 |
Бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтардың қылмыстық теріс қылықтарға көшуіне байланысты жалпы және қылмыстық юрисдикциядағы соттардың, мамандандырылған әкімшілік соттардың нормативтік жүктемелерін талдауды жүргізу |
ПӘ-гe ақпарат |
ЖС, БП, ЭБЖМ |
2014 жылғы қыркүйек |
34 |
Шартты түрде сотталғандарды қадағалаудың электронды құралдарын сынау қызметін практикаға енгізу үшін инвестициялық ұсыныс әзірлеу |
Инвестициялық ұсыныс |
ІІМ |
2014 жылғы қыркүйек |
35 |
Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандарды және сот әкімшілік қадағалау белгілеген адамдарды қадағалаудың электронды құралдарын ішкі істер органдарының практикасына енгізу үшін инвестициялық ұсыныс әзірлеу |
Инвестициялық ұсыныс |
ІІМ |
2014 жылғы қыркүйек |
36 |
Ведомстволық жоғары оқу орындарын заманауи оқу құралдарымен, арнайы жабдықтармен және оқу-әдістемелік әдебиеттермен қайта жарақтандыру бойынша шаралар қабылдау |
ПӘ-ге ақпарат |
БП, ПМ, ҰҚК, ЭСЖКА, ТЖМ, Қорғанысмині |
2014 жылғы қараша |
37 |
Соттарды, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарды, Қорғанысминінің сотқа дейінгі тергеу органдарының, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын және оқу орындарын белгіленген тәртіппен шығарылған жаңа ҚК, ҚІЖК, ҚАК және ӘҚБК басылым даналарымен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау |
ПӘ-ге ақпарат |
ЖС, БП, ІІМ, ҰҚК, ЭСЖКА, ТЖМ, Қаржымині, Қорғанысмині |
2014 жылғы желтоқсан |
38 |
Сотқа, дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімін құру мәселесін пысықтау |
ПӘ-гe ақпарат |
БП ҰҚҚ, ІІМ, ЭСЖКА, ПКҚ, ТЖМ, Қаржымині, Қорғанысмині |
2015 жылғы |
39 |
Тергеу судьяларын материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді пысықтау |
ПӘ-ге ақпарат |
ЖС, ЭБЖМ |
2015 жылғы 1 қаңтарға дейін |
40 |
Іс жүргізуші прокурорларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді пысықтау |
ПӘ-ге ақпарат |
БП, ЭБЖМ |
2015 жылғы 1 қаңтарға дейін |
41 |
Тергеу бөлімшелері мен анықтау органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз жөніндегі мәселелерді пысықтау |
ПӘ-гe ақпарат |
ІІМ, ҰҚК ЭСЖКА, БП, ТЖМ, Қорғанысмині, Қаржымині, ЭБЖМ |
2015 жылғы 1 қаңтарға дейін |
42 |
Телекоммуникация арналарында жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді жүзеге асыратын бөлімшелерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді пысықтау |
ПӘ-ге ақпарат |
ҰҚК, БП, ЭБЖМ |
2015 жылға 1 қаңтарға дейін |
Ескертпе:
18, 19, 20, 23, 27, 28, 36, 39, 40, 41 және 42-тармақтарда көзделген іс-шараларды іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттерде тиісті мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету үшін көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылатын болады.
аббервиатуралардың толық жазылуы:
ЭСЖКА - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
агенттігі(қаржы полициясы)
МҚА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
істер агенттігі
ПӘ - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
БАА - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат
агенттігі
ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитеті
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ПКҚ - Қазақстан Республикасы Президентінің күзет
комитеті
ҚК - Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі
ҚІЖК - Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу
кодексі
ҚАК - Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексі
ӘҚБК - Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы кодексі
ҚАЖ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
қылмыстық-атқару жүйесі