Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.11.2016 № 659 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын, сондай-ақ конкурстың қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге бір көзден сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № 341 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 37, 498-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын, сондай-ақ конкурстың немесе аукционның қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге бір көзден сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажеттi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын, сондай-ақ конкурстың немесе аукционның қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге бір көзден сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажеттi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын, сондай-ақ конкурстың қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге бір көзден сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажеттi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiнде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын, сондай-ақ конкурстың немесе аукционның қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге бір көзден сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажеттi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов