"Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша республикалық бюджеттен бағдарламалалық-нысаналы қаржыландыру 2014 - 2016 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы жүзеге асырылады деп белгіленсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 16 сәуірдегі
№ 357 қаулысына
қосымша
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырылуы тыс рәсімдер арқылы республикалық бюджеттен жүзеге асырылатын ғылыми-техникалық бағдарламалар
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:
денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер:
1) экологиялық қауіптер және халық денсаулығы;
2) балалар денсаулығын және ұрпақты болу денсаулығын сақтаудың жаңа технологияларын әзірлеу;
3) Арал маңы тұрғындарының денсаулық жағдайын басқарудағы кешенді тәсілдер.