2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13, 84 және 89-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Талдықорған аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінен тұрақты жер пайдалану құқығындағы жалпы алаңы 1,4121 гектар жер учаскесі алып қойылсын.
2. Алматы облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерін аэронавигация объектілерін салу үшін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 16 сәуірдегі
№ 360 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінен алынып қойылатын
жер учаскелерінің экспликациясы
Жер пайдаланушының атауы |
Жер учаскелерінің орналасқан жері |
Жалпы алаңы, га |
оның ішінде |
|
ауыл шаруашылығы алқаптары |
өзге де алқаптар |
|||
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Талдықорған аудандық пайдалану бөлімі» РММ |
Алматы облысы Ескелді ауданы |
1,4121 |
- |
1,4121 |