"Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1508 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 376 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 750 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.09.2015 № 750 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1508 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 1, 17-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларында:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «10-1) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы (бұдан әрі – есеп айырысу-қаржы орталығы) – жүйелік оператор құратын және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндірген және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын орталықтандырылған түрде сатып алуды және сатуды «Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
      46-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «46. Жүйелік оператор, есеп айырысу-қаржы орталығын қоспағанда, әрбір теңгерім провайдері үшін тәуліктің әрбір сағатына электр энергиясының теңгерімсіздігі үшін төлемдерді есептеуді жүзеге асырады:»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) есеп айырысу кезеңінің нәтижелері бойынша шектес мемлекеттердің ұйымдарымен және шаруашылық жүргізуші субъектілерімен, есеп айырысу-қаржы орталығымен жасалған шарттар мен өзара қарым-қатынастардың өзге талаптарымен негізделген есеп айырысу дебеті мен есеп айырысу кредитінің көлемдері сәйкес келмеген жағдайда, электр энергиясы оң теңгерімсіздігінің сағаттық бағалары түзетуші коэффициентті есепке ала отырып, қайта есептеледі;».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           К. Мәсімов

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 ноября 2012 года № 1508 "Об утверждении Правил функционирования балансирующего рынка электрической энергии"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 апреля 2014 года № 376. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 сентября 2015 года № 750

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 07.09.2015 № 750 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 ноября 2012 года № 1508 «Об утверждении Правил функционирования балансирующего рынка электрической энергии» (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 1, ст. 17) следующие изменения и дополнение:
      в Правилах функционирования балансирующего рынка электрической энергии, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 2 дополнить подпунктом 10-1) следующего содержания:
      «10-1) расчетно-финансовый центр по поддержке возобновляемых источников энергии (далее – расчетно-финансовый центр) – юридическое лицо, создаваемое системным оператором и определяемое Правительством Республики Казахстан, осуществляющее в порядке, предусмотренном Законом Республики Казахстан от 4 июля 2009 года «О поддержке использования возобновляемых источников энергии», централизованную покупку и продажу электрической энергии, произведенной объектами по использованию возобновляемых источников энергии и поставленной в электрические сети единой электроэнергетической системы Республики Казахстан;»;
      в пункте 46:
      абзац первый изложить в следующей редакции:
      «46. Системный оператор осуществляет для каждого провайдера баланса, за исключением расчетно-финансового центра, расчеты платежей за дисбалансы электрической энергии для каждого часа суток:»;
      подпункт 4) изложить в следующей редакции:
      «4) в случае несовпадения по результатам расчетного периода объемов расчетного дебета и расчетного кредита, обусловленного иными условиями договоров и взаимоотношений с организациями и хозяйствующими субъектами смежных государств, расчетно-финансовым центром, почасовые цены за положительные дисбалансы электрической энергии пересчитываются с учетом корректировочного коэффициента;».
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов