2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2014 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мүдделі республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірлесіп, тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізсін.
3. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы қаулыға қол қойылған сәттен бастап бір ай мерзімде стратегиялық жоспарларға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 23 сәуірдегі
№ 390 қаулысына
қосымша
2014 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету
мың теңге
Функционалдық топ |
Атауы |
Өзгерістер |
||
Әкімші |
||||
Бағдарлама |
||||
II. Шығындар |
0 |
|||
1 |
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
-525 441 |
||
101 |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі |
562 652 |
||
005 |
Ведомстволық бағыныстағы мекемелердің күрделі шығыстары |
38 644 |
||
008 |
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының қызметін қамтамасыз ету |
524 008 |
||
104 |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi |
-1 088 093 |
||
004 |
Ведомстволық бағыныстағы мекемелердің күрделі шығыстары |
-38 644 |
||
011 |
Назарбаев орталығының қызметін қамтамасыз ету |
-1 049 449 |
||
8 |
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк |
525 441 |
||
238 |
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі |
525 441 |
||
010 |
Тарихи-мәдени мұраларды сақтауды қамтамасыз ету |
525 441 |