Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.06.2022 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Дипломатиялық қызмет персоналын шет елдерде тұрғын үймен қамтамасыз ету нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 165 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген дипломатиялық қызмет персоналын шет елдерде тұрғын үймен қамтамасыз ету нормативтерінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 61, 62, 63, 64, 65, 66-жолдармен толықтырылсын:
"
61. | Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы | 35-ке дейін |
62. | Кувейт Мемлекеті | 35-ке дейін |
63. | Швеция Корольдігі | 40-қа дейін |
64. | Мексика Құрама Штаттары | 40-қа дейін |
65. | Вьетнам Социалистік Республикасы | 40-қа дейін |
66. | Оңтүстік Африка Республикасы | 40-қа дейін |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |