Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 1015 және 1016 қаулыларымен енгізілген «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алынсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов