"Жаңартылатын энергия көздерінің пайдалану объектілері құрылысының техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобаларын келісу және бекіту ережесін, мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2190 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 418 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 475 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.06.2015 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жаңартылатын энергия көздерінің пайдалану объектілері құрылысының техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобаларын келісу және бекіту ережесін, мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2190 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 1, 11-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салудың техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобаларын келісу және бекіту қағидаларын, мерзімдерін бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салудың техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобаларын келісу және бекіту қағидалары, мерзімдері бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерінің пайдалану объектілері құрылысының техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобаларын келісу және бекіту ережесі, мерзімдері осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі                            К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 29 сәуірдегі
№ 418 қаулысына 
қосымша      

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2009 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 2190 қаулысымен   
бекітілген      

Жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін
пайдалану объектілерін салудың техникалық-экономикалық
негіздемелері мен жобаларын келісу және бекіту қағидалары,
мерзімдері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерінің пайдалану объектілерін салудың техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобаларын келісу және бекіту қағидалары, мерзімдері (бұдан әрі - Қағидалар) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салудың техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобаларын келісу және бекіту тәртібін, мерзімдерін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі - жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін игеру үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі меншік иесінің теңгеріміндегі, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылым;
      2) тапсырыс беруші (инвестор) - жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салуды жүзеге асыру ниеті бар жеке немесе заңды тұлға;
      3) жобалардың мемлекеттік сараптамасы (бұдан әрі - мемсараптама) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асыратын салу жобаларын (жобалау алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттамасын) міндетті түрде кешенді бағалау;
      4) жылу желісі - жылу энергиясын беруге, таратуға арналған құрылғылар жиынтығы.
      3. Осы Қағидалардың әрекеті республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу жобаларына қолданылмайды.

2. Жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия
көздерін пайдалану объектілерін салудың техникалық-экономикалық
негіздемелерін келісу және бекіту тәртібі, мерзімдері

      4. Тапсырыс беруші (инвестор) жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салудың техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі - техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлегеннен кейін мынадай кезеңдерді қамтитын оны келісу рәсімін жүргізеді:
      1) техникалық-экономикалық негіздемеге санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарынан халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу;
      2) техникалық-экономикалық негіздемеге мемлекеттік экологиялық сараптама объектісінің санатына байланысты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органынан (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алу;
      3) техникалық-экономикалық негіздемеге мемсараптаманың оң қорытындысын алу.
      5. Тапсырыс берушінің (инвестордың) техникалық-экономикалық негіздемеге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алуы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 62-бабының 2-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
      6. Тапсырыс берушінің (инвестордың) техникалық-экономикалық негіздемеге мемлекеттік экологиялық сараптаманы алуы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 49-бабының 2-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Тапсырыс берушінің (инвестордың) техникалық-экономикалық негіздемеге мемсараптама алуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Тапсырыс беруші (инвестор) техникалық-экономикалық негіздемеге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны, техникалық-экономикалық негіздемеге мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын және техникалық-экономикалық негіздемеге мемсараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде техникалық-экономикалық негіздемені бекітеді.

3. Жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия
көздерін пайдалану объектілерін салу жобасын келісу және бекіту
тәртібі, мерзімдері

      9. Тапсырыс беруші (инвестор) жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасын (бұдан әрі - салу жобасы) әзірлегеннен кейін мынадай кезеңдерді қамтитын оны келісу рәсімін жүргізеді:
      1) салу жобасына санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарынан халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу;
      2) салу жобасына мемлекеттік экологиялық сараптама объектісінің санатына байланысты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан немесе жергілікті атқарушы органнан мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алу;
      3) салу жобасына мемсараптаманың оң қорытындысын алу;
      4) салу жобасын аумағында жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жоспарланатын жергілікті атқарушы органмен келісу.
      10. Тапсырыс берушінің (инвестордың) салу жобасына халықтыңсанитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтікқұқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялыққорытындыны алуы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесітуралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 62-бабының 2-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
      11. Тапсырыс берушінің (инвестордың) салу жобасына мемлекеттік экологиялық сараптаманы алуы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 49-бабының 2-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
      12. Тапсырыс берушінің (инвестордың) салу жобасына мемсараптама алуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      13. Тапсырыс беруші (инвестор) салу жобасын аумағында жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жоспарланатын жергілікті атқарушы органмен келісу үшін мынадай құжаттарды қоса бере отырып, салу жобасын жергілікті атқарушы органға жібереді:
      1) тапсырыс беруші (инвестор) бекіткен техникалық-экономикалық негіздеменің көшірмесі;
      2) жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салуға жер учаскесін беру туралы жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесі;
      3) жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін энергия таратушы ұйымның жылу желісіне қосу мүмкіндігін растайтын құжаттың (хаттың) көшірмесі;
      4) салу жобасына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысы;
      5) салу жобасына мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы;
      6) салу жобасына мемсараптаманың оң қорытындысы.
      14. Жергілікті атқарушы орган салу жобасын алған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды және келіседі.
      15. Тапсырыс беруші (инвестор) салу жобасын жергілікті атқарушы органмен келісілген күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде бекітеді.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 декабря 2009 года № 2190 "Об утверждении Правил, сроков согласования и утверждения технико-экономических обоснований и проектов строительства объектов по использованию возобновляемых источников энергии"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 2014 года № 418. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 июня 2015 года № 475

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 23.06.2015 № 475 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 5) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2009 года «О поддержке использования возобновляемых источников энергии» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 декабря 2009 года № 2190 «Об утверждении Правил, сроков согласования и утверждения технико-экономических обоснований и проектов строительства объектов по использованию возобновляемых источников энергии» (САПП Республики Казахстан 2010 г., № 1, ст. 11) следующие изменения:
      заголовок изложить в следующей редакции:
      «Об утверждении Правил, сроков согласования и утверждения технико-экономических обоснований и проектов строительства объектов по использованию возобновляемых источников энергии для целей теплоснабжения»;
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      «1. Утвердить прилагаемые Правила, сроки согласования и утверждения технико-экономических обоснований и проектов строительства объектов по использованию возобновляемых источников энергии для целей теплоснабжения.»;
      Правила, сроки согласования и утверждения технико-экономических обоснований и проектов строительства объектов по использованию возобновляемых источников энергии, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Приложение          
к постановлению Правительства
Республики Казахстан    
от 29 апреля 2014 года № 418

Утверждены          
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 25 декабря 2009 года № 2190

Правила,
сроки согласования и утверждения технико-экономических
обоснований и проектов строительства объектов по использованию
возобновляемых источников энергии для целей теплоснабжения 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила согласования и утверждения технико-экономических обоснований и проектов строительства объектов по использованию возобновляемых источников энергии для целей теплоснабжения (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 5) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2009 года «О поддержке использования возобновляемых источников энергии» и другими нормативными правовыми актами Республики Казахстан и устанавливают порядок, сроки согласования и утверждения технико-экономических обоснований и проектов строительства объектов по использованию возобновляемых источников энергии для целей теплоснабжения.
      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) объект по использованию возобновляемых источников энергии – технические устройства, предназначенные для производства электрической и (или) тепловой энергии с использованием возобновляемых источников энергии, и взаимосвязанные с ними сооружения и инфраструктура, технологически необходимые для эксплуатации объекта по использованию возобновляемых источников энергии и находящиеся на балансе собственника объекта по использованию возобновляемых источников энергии;
      2) заказчик (инвестор) – физическое или юридическое лицо, имеющее намерение осуществить строительство объекта по использованию возобновляемых источников энергии для целей теплоснабжения;
      3) государственная экспертиза проектов (далее – госэкспертиза) – обязательная комплексная оценка проектов (предпроектной или проектно-сметной документации) строительства, осуществляемая республиканским государственным предприятием на праве хозяйственного ведения, созданным по решению Правительства Республики Казахстан;
      4) тепловая сеть – совокупность устройств, предназначенных для передачи, распределения тепловой энергии.
      3. Действие настоящих Правил не распространяется на проекты строительства объектов по использованию возобновляемых источников энергии для целей теплоснабжения, финансируемые из республиканского или местного бюджетов.

2. Порядок, сроки согласования и утверждения
технико-экономических обоснований строительства объектов
по использованию возобновляемых источников
энергии для целей теплоснабжения

      4. Заказчик (инвестор) после разработки технико-экономического обоснования строительства объектов по использованию возобновляемых источников энергии для целей теплоснабжения (далее – технико-экономическое обоснование) проводит процедуру его согласования, которая включает следующие этапы:
      1) получение в органах санитарно-эпидемиологической службы санитарно-эпидемиологического заключения на технико-экономическое обоснование о соответствии нормативным правовым актам в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения;
      2) получение положительного заключения государственной экологической экспертизы к технико-экономическому обоснованию в уполномоченном органе в области охраны окружающей среды или в местном исполнительном органе области, города республиканского значения, столицы (далее - местный исполнительный орган) в зависимости от категории объекта государственной экологической экспертизы;
      3) получение положительного заключения госэкспертизы технико-экономического обоснования.
      5. Получение Заказчиком (инвестором) санитарно-эпидемиологического заключения на технико-экономическое обоснование о соответствии нормативным правовым актам в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения осуществляется в соответствии с порядком, предусмотренным пунктом 2 статьи 62 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года «О здоровье народа и системе здравоохранения».
      6. Получение Заказчиком (инвестором) государственной экологической экспертизы к технико-экономическому обоснованию осуществляется в соответствии с порядком, предусмотренным пунктом 2 статьи 49 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года.
      7. Получение Заказчиком (инвестором) госэкспертизы технико-экономического обоснования осуществляется в соответствии с Правилами проведения экспертизы предпроектной (технико-экономических обоснований) и проектной (проектно-сметной) документации на строительство независимо от источников финансирования, а также утверждения проектов, строящихся за счет государственных инвестиций, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2002 года № 918.
      8. Заказчик (инвестор) утверждает технико-экономическое обоснование в течение тридцати календарных дней после получения санитарно-эпидемиологического заключения на технико-экономическое обоснование о соответствии нормативным правовым актам в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения, получения положительного заключения государственной экологической экспертизы к технико-экономическому обоснованию и получения положительного заключения госэкспертизы к технико-экономическому обоснованию.

3. Порядок, сроки согласования и утверждения проекта
строительства объектов по использованию возобновляемых
источников энергии для целей теплоснабжения

      9. Заказчик (инвестор) после разработки проекта строительства объектов по использованию возобновляемых источников энергии для целей теплоснабжения (далее – проект строительства) проводит процедуру его согласования, которая включает следующие этапы:
      1) получение в органах санитарно-эпидемиологической службы санитарно-эпидемиологического заключения на проект строительства о соответствии нормативным правовым актам в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения;
      2) получение положительного заключения государственной экологической экспертизы к проекту строительства в уполномоченном органе в области охраны окружающей среды или в местном исполнительном органе в зависимости от категории объекта государственной экологической экспертизы;
      3) получение положительного заключения госэкспертизы проекта строительства;
      4) согласование проекта строительства с местным исполнительным органом, на территории которого планируется строительство объекта по использованию возобновляемых источников энергии для целей теплоснабжения.
      10. Получение Заказчиком (инвестором) санитарно-эпидемиологического заключения на проект строительства о соответствии нормативным правовым актам в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения осуществляется в соответствии с порядком, предусмотренным пунктом 2 статьи 62 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года «О здоровье народа и системе здравоохранения».
      11. Получение Заказчиком (инвестором) государственной экологической экспертизы к проекту строительства осуществляется в соответствии с порядком, предусмотренным пунктом 2 статьи 49 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года.
      12. Получение Заказчиком (инвестором) госэкспертизы проекта строительства осуществляется в соответствии с Правилами проведения экспертизы предпроектной (технико-экономических обоснований) и проектной (проектно-сметной) документации на строительство независимо от источников финансирования, а также утверждения проектов, строящихся за счет государственных инвестиций, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2002 года № 918.
      13. Заказчик (инвестор) для согласования проект строительства с местным исполнительным органом, на территории которого планируется строительство объекта по использованию возобновляемых источников энергии для целей теплоснабжения, направляет в местный исполнительный орган проект строительства с приложением следующих документов:
      1) копия утвержденного заказчиком (инвестором) технико-экономического обоснования;
      2) копия решения местного исполнительного органа о предоставлении земельного участка под строительство объекта по использованию возобновляемых источников энергии для целей теплоснабжения;
      3) копия документа (письма), подтверждающего возможность подключения объекта по использованию возобновляемых источников энергии для целей теплоснабжения к тепловым сетям энергопередающей организации;
      4) заключение санитарно-эпидемиологической экспертизы на проект строительства о соответствии нормативным правовым актам в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения;
      5) положительное заключение государственной экологической экспертизы к проекту строительства;
      6) положительное заключение госэкспертизы проекта строительства.
      14. Местный исполнительный орган рассматривает и согласовывает проект строительства в течение пятнадцати календарных дней со дня его получения.
      15. Заказчик (инвестор) утверждает проект строительства в течение тридцати календарных дней после дня его согласования с местным исполнительным органом.