"Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау жөніндегі және облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобалардың басымдығы критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 971 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 496 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 1128 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.12.2023 № 1128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау жөніндегі және облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобалардың басымдығы критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 971 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 54, 761-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау жөніндегі және облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобалардың басымдығы критерийлерінде:

      мынадай мазмұндағы 4, 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:

      "4. Осы критерийлердің 3-тармағына сәйкес облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобаларды республикалық бюджеттен қаржыландыру басымдығы, мынандай критерийлердің жалпы меншікті үлесімен айқындалады:

      1) жолдардың жалпы ұзындығы;

      2) жергілікті бюджет шығыстары мен республикалық бюджеттен қаржыландырудың арақатынасы;

      3) орындалу сапасы;

      4) облыс халқының 10 мың адамына шаққанда автомобиль жолдарымен қамтамасыз етілуі;

      5) автомобиль көлігінің жүк айналымы мен жолаушылар айналымының көрсеткіштері;

      6) жақсы және қанағаттанарлық жай-күйдегі жолдардың ұзақтығы;

      7) мемлекеттік бюджетке кірістердің меншікті үлесі.

      5. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеудің әрбір жобасы бойынша республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемін және әрбір критерийдің жеке номиналдық мәндерін есептеудің әдістемесін автомобиль жолдары бойынша уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

      6. Республикалық бюджеттен облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобаларды қаржыландыру басымдылығының критерийі Қазақстан Республикасы Президентінің немесе осы критерийлердің 3-тармағының 1) тармақшасында көзделмеген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жеке тапсырмаларымен анықталған көліктік инфрақұрылымдардың жобаларын қаржыландыруға нысаналы ағымдағы трансферттерді жоспарлау кезінде қолданылмайды.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 сентября 2013 года № 971 "Об утверждении критериев приоритетности проектов по строительству и реконструкции автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения и строительству, реконструкции, а также капитальному и среднему ремонту автомобильных дорог областного и районного значения"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 мая 2014 года № 496. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2023 года № 1128.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 15.12.2023 № 1128 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 сентября 2013 года № 971 "Об утверждении критериев приоритетности проектов по строительству и реконструкции автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения и строительству, реконструкции, а также капитальному и среднему ремонту автомобильных дорог областного и районного значения" (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 54, ст. 761) следующие дополнения:

      критерии приоритетности проектов по строительству и реконструкции автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения и строительству, реконструкции, а также капитальному и среднему ремонту автомобильных дорог областного и районного значения, утвержденные указанным постановлением:

      дополнить пунктами 4, 5 и 6 следующего содержания:

      "4. Приоритетность финансирования из республиканского бюджета проектов по строительству, реконструкции, а также капитальному и среднему ремонту автомобильных дорог областного и районного значения, соответствующих пункту 3 настоящих критериев, определяется суммарной удельной долей следующих критериев:

      1) общая протяженность дорог;

      2) соотношение расходов местного бюджета и финансирования из республиканского бюджета;

      3) качество исполнения;

      4) обеспеченность автомобильными дорогами на 10 тысяч человек населения области;

      5) показатели грузооборота и пассажирооборота автомобильного транспорта;

      6) протяженность дорог в хорошем и удовлетворительном состоянии;

      7) удельная доля доходов в государственный бюджет.

      5. Методика расчета объема финансирования из республиканского бюджета и номинального значения каждого критерия в отдельности по каждому проекту строительства, реконструкции, а также капитального и среднего ремонта автомобильных дорог областного и районного значения определяется уполномоченным государственным органом по автомобильным дорогам.

      6. Критерии приоритетности финансирования проектов по строительству, реконструкции, а также капитальному и среднему ремонту автомобильных дорог областного и районного значения из республиканского бюджета не применяются при планировании целевых текущих трансфертов на финансирование проектов транспортной инфраструктуры, определенных отдельными поручениями Президента Республики Казахстан или Правительства Республики Казахстан, не предусмотренных подпунктом 1) пункта 3 настоящих критериев.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов