Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру шарттарын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 587 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қарыз алушы) қарыз алушыға кредит берудің мынадай шарттарында бюджеттік кредит берілсін:
      1) бюджеттік кредит беру есебінен қаржыландыру болжанатын «Жолаушылар вагондарын сатып алу» инвестициялық жобасы бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның 2011 жылғы 4 тамыздағы № 18-2/6339 қорытындысының және 2011 - 2014 жылдарға арналған «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы мен «Тұлпар-Тальго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы 2010 жылғы 5 қарашадағы № 11-16/ЦЛП Теміржол жолаушылар вагондарын сатып алу шартының негізінде 9225879775 (тоғыз миллиард екі жүз жиырма бес миллион сегіз жүз жетпіс тоғыз мың жеті жүз жетпіс бес) теңге сомасында:
      кредиттің мақсаты бюджеттік кредит беру арқылы «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының теміржол жолаушылар вагондарының жылжымалы құрамының паркін жаңарту болып табылады;
      кредит жеделділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында негізгі борышты өтеу бойынша бес жылдық жеңілдікті кезеңмен жылдық 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайызға тең сыйақы мөлшерлемесі бойынша 25 (жиырма бес) жыл мерзімге беріледі;
      кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы негізгі борышты мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігімен осы тармақтың тармақшасында көрсетілген жеңілдікті кезеңнің мерзімі өткен соң тең үлестермен жүзеге асырады:
      кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жылдық кезеңділікпен жүзеге асырылады. Есептелген сыйақыны алғашқы төлеу кредит қарыз алушының шотына аударылған кезден бастап 12 (он екі) ай өткен соң жүргізіледі;
      қарыз алушы үшін игеру кезеңі қарыз алушының шотына кредит аударылған күннен бастап 3 (үш) жылды құрайды;
      2) бюджеттік кредит беру есебінен қаржыландыру болжанатын «Жолаушылар вагондары паркін жаңарту» инвестициялық жобасы бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 25-2/24622 қорытындысының және 2014 - 2019 жылдарға арналған «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы мен «Тұлпар-Тальго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы 2013 жылғы 26 маусымдағы № 6-34/ЦЛП Теміржол жолаушылар вагондарын сатып алу шартының негізінде 9705531225 (тоғыз миллиард жеті жүз бес миллион бес жүз отыз бір мың екі жүз жиырма бес) теңге сомасында:
      кредиттің мақсаты бюджеттік кредит беру арқылы «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының теміржол жолаушылар вагондарының жылжымалы құрамының паркін жаңарту болып табылады;
      кредит жеделділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарымен негізгі борышты өтеу бойынша он жылдық жеңілдікті кезеңмен жылдық 0,05 (нөл бүтін жүзден бес) пайызға тең сыйақы мөлшерлемесі бойынша 30 (отыз) жыл мерзімге беріледі;
      кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы негізгі борышты мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігімен осы тармақтың тармақшасында көрсетілген жеңілдікті кезеңнің мерзімі аяқталған соң тең үлестермен жүзеге асырады;
      кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жарты жылдық кезеңділікпен жүзеге асырылады. Есептелген сыйақыны алғашқы төлеу кредит қарыз алушының шотына аударылған кезден бастап 12 (он екі) ай өткен соң жүргізіледі;
      қарыз алушы үшін игеру кезеңі қарыз алушының шотына кредит аударылған күннен бастап 3 (үш) жылды құрайды.
      2. Кредитті беру, өтеу және қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - кредит беруші), Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (бұдан әрі - әкімші) және қарыз алушы кредит шартының тараптары болып табылады.
      4. Кредит беруші мен әкімші заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген кредит шартын жасасуды қамтамасыз етсін.
      5. Әкімші заңнамада белгіленген тәртіппен кредиттің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуі мен оған қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингтеуді қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Об определении условий предоставления бюджетного кредита акционерному обществу "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына" для обеспечения конкурентоспособности и устойчивости национальной экономики

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 мая 2014 года № 587

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Предоставить акционерному обществу «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына» (далее – заемщик) в соответствии с Законом Республики Казахстан от 3 декабря 2013 года «О республиканском бюджете на 2014 – 2016 годы» бюджетный кредит на следующих условиях предоставления кредита заемщику:
      1) в сумме 9225879775 (девять миллиардов двести двадцать пять миллионов восемьсот семьдесят девять тысяч семьсот семьдесят пять) тенге на основании заключения центрального уполномоченного органа по государственному планированию по инвестиционному проекту «Приобретение пассажирских вагонов», предполагаемому к финансированию за счет предоставления бюджетного кредита, от 4 августа 2011 года № 18-2/6339 и договора на закупку железнодорожных пассажирских вагонов между акционерным обществом «Пассажирские перевозки» и товариществом с ограниченной ответственностью «Тулпар-Тальго» на 2011-2014 годы от 5 ноября 2010 года № 11-16/ЦЛП:
      целью кредита является обновление парка подвижного состава железнодорожных пассажирских вагонов акционерного общества «Пассажирские перевозки» путем предоставления бюджетного кредита;
      кредит предоставляется на условиях срочности, платности и возвратности сроком на 25 (двадцать пять) лет по ставке вознаграждения, равной 0,5 (ноль целых пять десятых) процента годовых, с пятилетним льготным периодом по погашению основного долга;
      погашение основного долга по кредиту осуществляется заемщиком равными долями по истечении срока льготного периода, указанного в настоящем подпункте, с возможностью досрочного погашения основного долга;
      выплата начисленного вознаграждения по кредиту осуществляется с годовой периодичностью. Первая выплата начисленного вознаграждения производится по истечении 12 (двенадцать) месяцев с момента перечисления кредита на счет заемщика;
      период освоения для заемщика составляет 3 (три) года со дня перечисления кредита на счет заемщика;
      2) в сумме 9705531225 (девять миллиардов семьсот пять миллионов пятьсот тридцать одна тысяча двести двадцать пять) тенге на основании заключения центрального уполномоченного органа по государственному планированию по инвестиционному проекту «Обновление парка пассажирских вагонов», предполагаемому к финансированию за счет предоставления бюджетного кредита, от 30 января 2014 года № 25-2/24622 и договора на закуп железнодорожных пассажирских вагонов между акционерным обществом «Пассажирские перевозки» и товариществом с ограниченной ответственностью «Тулпар-Тальго» на 2014-2019 годы от 26 июня 2013 года № 6-34/ЦЛП:
      целью кредита является обновление парка подвижного состава железнодорожных пассажирских вагонов акционерного общества «Пассажирские перевозки» путем предоставления бюджетного кредита;
      кредит предоставляется на условиях срочности, платности и возвратности сроком на 30 (тридцать) лет по ставке вознаграждения, равной 0,05 (ноль целых пять сотых) процента годовых, с десятилетним льготным периодом по погашению основного долга;
      погашение основного долга по кредиту осуществляется заемщиком равными долями по истечении срока льготного периода, указанного в настоящем подпункте, с возможностью досрочного погашения основного долга;
      выплата начисленного вознаграждения по кредиту осуществляется с годовой периодичностью. Первая выплата начисленного вознаграждения производится по истечении 12 (двенадцать) месяцев с момента перечисления кредита на счет заемщика;
      период освоения для заемщика составляет 3 (три) года со дня перечисления кредита на счет заемщика.
      2. Дополнительные условия по предоставлению, погашению и обслуживанию кредита устанавливаются в кредитном договоре в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.
      3. Сторонами кредитного договора являются Министерство финансов Республики Казахстан (далее – кредитор), Министерство экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан (далее – администратор) и заемщик.
      4. Кредитору и администратору в установленном законодательством порядке обеспечить заключение кредитного договора, указанного в пунктах 2 и 3 настоящего постановления.
      5. Администратору в установленном законодательством порядке обеспечить контроль и мониторинг целевого и эффективного использования, погашения и обслуживания кредита.
      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов