Қазақстан Республикасының аумағына астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 маусымдағы № 616 қаулысы

      «Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдеріне қатысты импорттық квота енгізу арқылы арнайы қорғау шарасын қолдану туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 143 шешімін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелуге арналған импорттық квота көлемдерін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 5 маусымдағы
№ 616 қаулысымен  
бекітілген     

Астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының
модульдерін әкелуге арналған импорттық квота көлемдерін
сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидалары

1. Жалпы ережелер

       1. Осы Астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелуге арналған импорттық квота көлемдерін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдеріне қатысты импорттық квота енгізу арқылы арнайы қорғау шарасын қолдану туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 143 шешімімен бекітілген Астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдеріне қатысты импорттық квота көлемдерін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу әдістемесінің 12-тармағына сәйкес әзірленді және сыртқы сауда қызметін реттеу құралы ретінде импорттық квотаны бөлу тәртібі мен әдісін айқындайды.
      2. Лицензиялар беру тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасымен айқындалады.

2. Терминдер мен анықтамалар

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) импорттық квота көлемі – Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 143 шешіміне № 1 қосымшада импорттық квотаның қолданылу кезеңіне белгіленген астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндары модульдерінің көлемі;
      2) есептік кезең – импорттық квота белгіленген жылдың тікелей алдындағы үш жыл.
      Есептік кезең деп мыналар түсіндіріледі:
      2011 – 2013 жылдар – 2014 жылға арналған импорттық квотаны бөлген кезде;
      2012 – 2014 жылдар – 2015 жылға арналған импорттық квотаны бөлген кезде;
      2013 – 2015 жылдар – 2016 жылға арналған импорттық квотаны бөлген кезде;
      3) тауар – КО СЭҚ ТН 8433 51 000 1, 8433 51 000 9 және 8433 90 000 0 кодтарымен сыныпталатын, Еуразиялық экономикалық комиссия оларға қатысты импорттық квота белгілеген, кемінде астық бастыру-айыру құрылғысынан тұратын, бастыру барабанымен жабдықталған немесе жабдықталмаған астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдері, белдіктер, доңғалақтар немесе шынжыр табандар орнатуды көздейтін тірек негізінде немесе шанақ рамасында орнатылған қозғалтқышты тазарту жүйелері;
      4) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды немесе жеке тұлғалар;
      5) тарихи сатып алушы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепті кезең ішінде тауарды ішкі тұтыну үшін шығару немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінде әкелуді жүзеге асыратын сыртқы сауда қызметіне қатысушы;
      6) уәкілетті орган – тауар импортына лицензиялар беруге уәкілеттік берілген мемлекеттік орган.

3. Импорттық квота көлемдерін бөлу тәртібі

      4. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 143 шешіміне № 1 қосымшада Қазақстан Республикасы үшін тауарларды әкелуге белгіленген импорттық квота көлемдерін бөлу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға тиісті жылға арналған импорттық квотаның жалпы көлемінің 30 %-ы;
      тарихи сатып алушыларға тиісті жылға арналған импорттық квотаның жалпы көлемінің 70 %-ы мөлшерінде.
      Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес импорттық квота көлемін бөлу нәтижесінде бөлшек мәндер алынған жағдайда, есептеулер нәтижелері бүтін мәнге дейін дөңгелектеуге жатады.

4. Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында импорттық
квота көлемдерін бөлу әдісі

      5. Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында импорттық квота көлемін бөлу сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың (тарихи сатып алушыларды қоса алғанда) импортқа лицензия алуға өтініш беру кезектілігі тәртібімен әрбір сыртқы сауда қызметіне қатысушы үшін жалпы импорттық квота көлемінің 20 %-ынан аспайтын көлемде жүзеге асырылады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес импорттық квота көлемін бөлу нәтижесінде бөлшек мәндер алынған жағдайда, есептеулер нәтижелері бүтін мәнге дейін дөңгелектеуге жатады.
      Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында импорттық квота көлемін бөлу былайша жүзеге асырылады:
      1) 2014 жылға – осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап;
      2) 2015 және 2016 жылдарға – тиісті күнтізбелік жылғы 1 ақпаннан бастап.
      6. Сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға импортқа лицензияларды уәкілетті орган сыртқы сауда қызметіне қатысушылар үшін көзделген импорттық квота көлемі таусылғанға дейін береді.
      7. Уәкілетті орган оларға лицензиялар берілген тауар әкелуге импорттық квота көлемдері және бөлінбей қалған көлемдер туралы мәліметтерді www.minplan.gov.kz және www.comtorg.kz интернет ресурстарында апта сайын жариялайды.

5. Тарихи сатып алушылар арасында импорттық квота
көлемдерін бөлу әдісі

      8. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган сыртқы сауда қызметіне қатысушылардан тауар әкелуге өтінімдерді қабылдау және қабылдау мерзімдері туралы, импорттық квота көлемдерін бөлу тәртібі және шарттары туралы хабарландыруды www.minagri.gov.kz интернет ресурсында:
      1) 2014 жылға осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде;
      2) 2015 – 2016 жылдарға тиісті күнтізбелік жылғы 15 қаңтарға дейін орналастырады.
      9. Импорттық квота көлемін алу үшін өтінімді тарихи сатып алушылар:
      1) 2014 жылға – өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде;
      2) 2015 – 2016 жылдарға – тиісті күнтізбелік жылғы 1 сәуірге дейін береді.
      10. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген өтінімдер беру мерзімі аяқталғанға дейін сыртқы сауда қызметіне қатысушы кері қайтарған өтінім берілген жоқ деп саналады.
      11. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға ішкі тұтыну үшін шығару немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімдеріне (осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген уақыт кезеңінде) орналастырылған тауарды әкелудің заттай көлемдері туралы ақпаратты Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 10 белгісінің деңгейінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар бөлігінде КО СЭҚ ТН мынадай: 8433 51 000 1, 8433 51 000 9, 8433 90 000 0 кодтары бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:
      1) 2014 жылға осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде;
      2) 2015 – 2016 жылдарға оның ішінде тауарды әкелу көзделетін тиісті күнтізбелік жылғы 1 сәуірге дейін ұсынады.
      12. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган кеден ісі саласындағы уәкілетті орган деректерінің негізінде осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген өтінімдер беру мерзімі аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға тарихи сатып алушылар тізбесі жөніндегі ақпаратты олар үшін есептелген импорттық квоталар көлемдерімен бірге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
      Тарихи сатып алушылар үшін импорттық квота көлемдерін есептеуді агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия жүргізеді.
      13. Уәкілетті орган агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органнан осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде импорттық квота көлемдерін ұсынылған деректер негізінде тарихи сатып алушылар арасында бөледі.
      14. Тауар импортына лицензия беруді уәкілетті органның тауар әкелуге импорттық квотаны тарихи сатып алушылар арасында бөлу туралы тиісті бұйрығы қолданысқа енгізілгеннен кейін уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
      15. Тарихи сатып алушы өзіне бөлініп отырған импорттық квотаның барлық көлемін не өзіне бөлініп отырған квота көлемінің бір бөлігін әкелуге лицензия беру туралы өтініш беруге құқылы.
      16. Тарихи сатып алушылар үшін айқындалған импорттық квоталар көлемдерін бөлуге қатысу үшін тарихи сатып алушылар тауар әкелуге импорттық квотаның көзделетін көлемін көрсете отырып, агроөнеркәсіптік кешенді реттеу саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша өтінімді ұсынады.
      17. Егер барлық тарихи сатып алушылар өтінім берген тауар көлемі тарихи сатып алушылар үшін айқындалған импорттық квота көлеміне тең немесе одан кем болса, онда импорттық квота көлемі тарихи сатып алушылар үшін сұратылатын көлемдерге сәйкес бөлінеді.
      Тарихи сатып алушылар жете пайдаланбаған импорттық квоталар көлемдері жекелеген тауар түрлерінің импортына лицензия алуға өтініштер көрсетілген өтінім берілген тауар көлеміне сәйкес сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында кезектілік тәртібімен бөлу үшін беріледі.
      Уәкілетті орган тарихи сатып алушылар пайдаланбаған импорттық квота көлеміне тауар әкелуге лицензияларды тауар әкелуге импорттық квотаны тарихи сатып алушылар арасында бөлу туралы тиісті бұйрық күшіне енгеннен кейін кезектілік тәртібімен береді.
      18. Егер барлық тарихи сатып алушылар өтінім берген тауар көлемі тарихи сатып алушылар үшін бөлінген импорттық квота көлемінен артық болса, онда импорттық квота көлемі тарихи сатып алушылар үшін есептік кезең ішінде ішкі тұтыну үшін шығару немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімдеріне орналастырылған тауарды әкелудің жалпы көлеміндегі олардың үлесіне барабар есептеледі.
      Тарихи сатып алушыға бөлінетін импорттық квота көлемі осы тарихи сатып алушының өтінімінде көрсетілген тауар санынан (данада) артық болмайды.
      19. Тарихи сатып алушыға тиісті жылы бөлінетін импорттық квота көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

Vi =V ір * D,

      мұнда:
      Vi – і-ші тарихи сатып алушыға бөлінетін импорттық квота көлемі;
      Vіp – тарихи сатып алушылар үшін импорттық квота көлемі;
      D – есепті кезеңде ішкі тұтыну үшін шығару немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімдеріне тауар әкелудің жалпы көлеміндегі тарихи сатып алушының үлесін көрсететін коэффициент.
      D коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі (коэффициенттің мәні жүздік бөлшекке дейін дөңгеленеді):

D =Vipt / Vt

      мұнда:
      Vipt– осы тарихи сатып алушы есепті кезең ішінде ішкі тұтыну үшін шығару немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімдеріне тауарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу көлемі;
      Vt – барлық тарихи сатып алушылар есепті кезең ішінде ішкі тұтыну үшін шығару немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімдеріне тауарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелудің жиынтық көлемі.
      20. 2015 – 2016 жылдары импорттық квотаны тарихи сатып алушылар үшін есептеген кезде тарихи сатып алушыға бөлінетін импорттық квота көлемі өткен жылы бөлінген импорттық квотаны пайдаланбаудың әрбір он пайызы үшін он пайызға кемітіледі.
      21. Егер көрсетілген формулалар бойынша есептелген тарихи сатып алушыға бөлінетін импорттық квота көлемі бөлшек мәндерге ие болса, онда есептік шама математикалық дөңгелету жолымен белгіленеді.
      22. Егер тарихи сатып алушылар өтінім берген импорттық квота көлемі осы тарихи сатып алушы үшін жоғарыда көрсетілген формулалар бойынша есептелген импорттық квота көлемінен кем болса, онда тарихи сатып алушыға өтінім берілген импорттық квота көлемі айқындалады. Қалған көлемдер қалған тарихи сатып алушылар арасында осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес есепті кезеңде тауар әкелудің жалпы көлеміндегі олардың үлесіне барабар қосымша есептеулер жолымен бөлінеді.

Астық жинау комбайндары мен астық   
жинау комбайндарының модульдерін   
әкелуге арналған импорттық квота   
көлемдерін сыртқы сауда қызметіне  
қатысушылар арасында бөлу қағидаларына
1-қосымша             

Сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелу көлемі туралы ақпарат

(тиісті есепті кезеңге)

Р/с №

СЭҚ қатысушы

ЖСН/БСН

Әкелінген тауар саны, бірлік

Есепті кезеңде әкелу көлеміндегі СЭҚ қатысушының тауар әкелу үлесі, %

Барлығы

Соның ішінде:

_______*жыл

______* жыл

_____* жыл

























































































































БАРЛЫҒЫ







      Ескертпе: *- Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында сәйкес олар бойынша ақпарат берілетін есепті кезең жылдары көрсетіледі.

Астық жинау комбайндары мен астық   
жинау комбайндарының модульдерін   
әкелуге арналған импорттық квота   
көлемдерін сыртқы сауда қызметіне   
қатысушылар арасында бөлу қағидаларына
2-қосымша             

Тарихи сатып алушылар және астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелуге олар үшін есептелген импорттық квоталар көлемі жөніндегі ақпарат

Р/с

СЭҚ қатысушысы

ЖСН/БСН

Әкелінген тауар саны, дана

Есептік кезеңде жалпы әкелу көлеміндегі СЭҚ қатысушысының тауар әкелу үлесі, %-бен

Өтінім берілген тауар саны,
дана

Есептелген импорттық квота көлемі,
дана

Барлығы

Соның ішінде:

----* жыл

----* жыл

----* жыл















































































































БАРЛЫҒЫ









      * - Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында сәйкес олар бойынша ақпарат берілетін есепті кезең жылдары көрсетіледі.

      Ескертпе. Осы құжаттың әрбір парағы дәйектелуі тиіс.

Астық жинау комбайндары мен астық   
жинау комбайндарының модульдерін   
әкелуге арналған импорттық квота   
көлемдерін сыртқы сауда қызметіне  
қатысушылар арасында бөлу қағидаларына
3-қосымша             

Тарихи сатып алушы ретінде астық жинау комбайндары мен астық
жинау комбайндарының модульдерін әкелуге импорттық квота алуға
өтінім

Өтінім беруші:            ___________________________________________
БСН:                      ___________________________________________
Заңды мекенжайы:          ___________________________________________
Қызмет түрі:              ___________________________________________
Байланыс деректері:       ___________________________________________

Осымен ________________ астық жинау комбайндары (СЭҚ ТН коды
8433 51 000 1, 8433 51 000 9) мен астық жинау комбайндарының
модульдерін (СЭҚ ТН коды 8433 90 000 0) _______ данада (_______________ жазбаша) _______ жыл ішінде әкелуге импорттық квота
бөлуді сұрайды, соның ішінде:

Атауы

СЭҚ ТН коды

Саны, дана










      Қосымша ақпарат (қажет болған кезде): есепті кезеңде жүргізілген атауын өзгерту (растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып), есепті кезеңде тауар әкелу көлемі және т.б. туралы көрсетуге болады.

Басшы __________________________ қолы

М.О.

О некоторых вопросах ввоза зерноуборочных комбайнов и модулей зерноуборочных комбайнов на территорию Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 июня 2014 года № 616

      В целях реализации решения коллегии Евразийской экономической комиссии от 25 июня 2013 года № 143 «О применении специальной защитной меры посредством введения импортной квоты в отношении зерноуборочных комбайнов и модулей зерноуборочных комбайнов, ввозимых на единую таможенную территорию Таможенного союза» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила распределения объемов импортной квоты между участниками внешнеторговой деятельности на ввоз зерноуборочных комбайнов и модулей зерноуборочных комбайнов.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 5 июня 2014 года № 616

Правила
распределения объемов импортной квоты между участниками
внешнеторговой деятельности на ввоз зерноуборочных комбайнов
и модулей зерноуборочных комбайнов

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила распределения объемов импортной квоты между участниками внешнеторговой деятельности на ввоз зерноуборочных комбайнов и модулей зерноуборочных комбайнов (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 12 методики распределения между участниками внешнеторговой деятельности объемов импортной квоты в отношении зерноуборочных комбайнов и модулей зерноуборочных комбайнов, утвержденной решением коллегии Евразийской экономической комиссии от 25 июня 2013 года № 143 «О применении специальной защитной меры посредством введения импортной квоты в отношении зерноуборочных комбайнов и модулей зерноуборочных комбайнов, ввозимых на единую таможенную территорию Таможенного союза», и определяют порядок и метод распределения импортной квоты как инструмента регулирования внешнеторговой деятельности.
      2. Порядок и сроки выдачи лицензий определяются законодательством Республики Казахстан о лицензировании.

2. Термины и определения

      3. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) объем импортной квоты – объем зерноуборочных комбайнов и модулей зерноуборочных комбайнов, установленный в приложении № 1 к решению коллегии Евразийской экономической комиссии от 25 июня 2013 года № 143 – на период действия импортной квоты;
      2) расчетный период – три года, непосредственно предшествующие году, на который установлена импортная квота.
      Под расчетным периодом понимаются:
      2011 - 2013 годы - при распределении импортной квоты на 2014 год;
      2012 - 2014 годы - при распределении импортной квоты на 2015 год;
      2013 - 2015 годы - при распределении импортной квоты на 2016 год;
      3) товар – зерноуборочные комбайны и модули зерноуборочных комбайнов, состоящие по крайней мере из молотильно-сепарирующего устройства, оснащенного или не оснащенного молотильным барабаном, системы очистки двигателя, установленных на несущем основании или раме шасси, предусматривающих установку мостов, колес или гусениц, классифицируемых кодами 8433 51 000 1, 8433 51 000 9 и 8433 90 000 0 ТН ВЭД ТС, в отношении которых Евразийской экономической комиссией установлена импортная квота;
      4) участники внешнеторговой деятельности – юридические или физические лица в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      5) исторический покупатель – участник внешнеторговой деятельности, осуществлявший в соответствии с законодательством Республики Казахстан ввоз товара в течение расчетного периода в таможенной процедуре выпуска для внутреннего потребления или переработки для внутреннего потребления;
      6) уполномоченный орган – государственный орган, уполномоченный на выдачу лицензий на импорт товара.

3. Порядок распределения объемов импортной квоты

      4. Распределение объемов импортной квоты на ввоз товара, установленных в приложении № 1 к решению коллегии Евразийской экономической комиссии от 25 июня 2013 года № 143 – для Республики Казахстан, производится в следующем порядке:
      30 % – от общего объема импортной квоты на соответствующий год – участникам внешнеторговой деятельности;
      70 % – от общего объема импортной квоты на соответствующий год – историческим покупателям.
      В случае, если в результате распределения объема импортной квоты в соответствии с частью первой настоящего пункта получены дробные значения, результаты расчетов подлежат округлению до целого значения.

4. Метод распределения объемов импортной квоты
между участниками внешнеторговой деятельности

      5. Распределение объемов импортной квоты между участниками внешнеторговой деятельности осуществляется в порядке очередности подачи заявлений участниками внешнеторговой деятельности (включая исторических покупателей) на получение лицензии на импорт в объеме, не превышающем 20 % от общего объема импортной квоты для каждого участника внешнеторговой деятельности.
      В случае, если в результате распределения объема импортной квоты в соответствии с частью первой настоящего пункта получены дробные значения, результаты расчетов подлежат округлению до целого значения.
      Распределение объемов импортной квоты между участниками внешнеторговой деятельности осуществляется:
      1) на 2014 год – со дня введения в действие настоящих Правил;
      2) на 2015 и 2016 годы – с 1 февраля соответствующего календарного года.
      6. Лицензии на импорт участникам внешнеторговой деятельности выдаются уполномоченным органом до исчерпания объемов импортной квоты, предусмотренной для участников внешнеторговой деятельности.
      7. Уполномоченный орган еженедельно публикует на интернет- ресурсах: www.minplan.gov.kz и www.comtorg.kz сведения об объемах импортной квоты на ввоз товара, на которые выданы лицензии, и объемах, оставшихся нераспределенными.

5. Метод распределения объемов импортной квоты
между историческими покупателями

      8. Уполномоченный орган в области развития агропромышленного комплекса размещает объявление о приеме и сроках приема заявок от участников внешнеторговой деятельности на ввоз товара, о порядке и условиях распределения объемов импортной квоты на интернет-ресурсе www.minagri.gov.kz:
      1) на 2014 год в течение 5 календарных дней со дня введения в действие настоящих Правил;
      2) на 2015 - 2016 годы до 15 января соответствующего календарного года.
      9. Для получения объема импортной квоты заявки историческими покупателями подаются:
      1) на 2014 год – в течение 15 календарных дней с момента опубликования объявления о приеме заявок;
      2) на 2015 - 2016 годы - до 1 апреля соответствующего календарного года.
      10. Заявка, отозванная участником внешнеторговой деятельности до истечения срока подачи заявок, указанного в пункте 9 настоящих Правил, считается неподанной.
      11. Уполномоченный орган в сфере таможенного дела представляет в уполномоченный орган в области развития агропромышленного комплекса информацию о натуральных объемах ввоза товара, помещенного под таможенные процедуры выпуска для внутреннего потребления или переработки для внутреннего потребления (в течение расчетного периода, указанного в подпункте 2) пункта 3 настоящих Правил), в разрезе участников внешнеэкономической деятельности на уровне 10 знаков Товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Таможенного союза по следующим кодам ТН ВЭД ТС: 8433 51 000 1, 8433 51 000 9, 8433 90 000 0, по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам:
      1) на 2014 год в течение 15 календарных дней со дня введения в действие настоящих Правил;
      2) на 2015-2016 годы до 1 апреля соответствующего календарного года, в течение которого предполагается ввоз товара.
      12. Уполномоченный орган в области развития агропромышленного комплекса на основании данных уполномоченного органа в сфере таможенного дела в течение 10 рабочих дней с даты окончания срока подачи заявок, указанного в пункте 9 настоящих Правил, в соответствии с пунктами 16-22 настоящих Правил представляет в уполномоченный орган информацию по перечню исторических покупателей с рассчитанными для них объемами импортных квот по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.
      Расчет объемов импортных квот для исторических покупателей производится комиссией, создаваемой уполномоченным органом в области развития агропромышленного комплекса.
      13. Уполномоченный орган в течение 10 рабочих дней после получения информации от уполномоченного органа в области развития агропромышленного комплекса, указанной в пункте 12 настоящих Правил, на основании представленных данных распределяет объемы импортной квоты между историческими покупателями.
      14. Выдача лицензий на импорт товара осуществляется уполномоченным органом в установленном законодательством порядке после введения в действие соответствующего приказа уполномоченного органа о распределении импортной квоты на ввоз товара между историческими покупателями.
      15. Исторический покупатель подает заявление о выдаче лицензии на ввоз всего выделяемого ему объема импортной квоты либо части выделяемого ему объема импортной квоты.
      16. Исторические покупатели для участия в распределении объемов импортной квоты, определенных для исторических покупателей, представляют в уполномоченный орган в области развития агропромышленного комплекса заявку по форме, установленной в приложении 3 к настоящим Правилам, с указанием заявляемого объема импортной квоты на ввоз товара.
      17. Если совокупный объем товара, заявленный всеми историческими покупателями, равен или меньше объема импортной квоты, определенной для исторических покупателей, то объем импортной квоты для исторических покупателей рассчитывается в соответствии с запрашиваемыми объемами.
      Неиспользованные историческими покупателями объемы импортных квот передаются для распределения в порядке очередности между участниками внешнеторговой деятельности в соответствии с заявленным объемом товара, указанным в заявлении на получение лицензии на импорт отдельных видов товаров.
      Уполномоченный орган выдает лицензии на ввоз товара на неиспользованный историческими покупателями объем импортной квоты в порядке очередности после вступления в силу соответствующего приказа о распределении импортной квоты на ввоз товара между историческими покупателями.
      18. Если совокупный объем товара, заявленный всеми историческими покупателями, превышает объем импортной квоты, выделенный для исторических покупателей, то объем импортной квоты рассчитывается для исторических покупателей пропорционально их доле в общем объеме ввоза товара, помещенного под таможенные процедуры выпуска для внутреннего потребления или переработки для внутреннего потребления в течение расчетного периода.
      Объем импортной квоты, выделяемый историческому покупателю, не может превышать количества товара (в штуках), указанного в заявке этого исторического покупателя.
      19. Расчет объема импортной квоты, выделяемого историческому покупателю в соответствующем году, производится по следующей формуле:

Vi = Vір * D,

      где:
      Vi - объем импортной квоты, выделяемый і-му историческому покупателю;
      Vір – объем импортной квоты для исторических покупателей;
      D – коэффициент, отражающий долю исторического покупателя в общем объеме ввоза товара в расчетном периоде, помещенного под таможенные процедуры выпуска для внутреннего потребления или переработки для внутреннего потребления.
      Коэффициент D рассчитывается по следующей формуле (значение коэффициента округляется до сотой дроби):

D = Vipt / Vt

      где:
      Vipt – объем ввоза данным историческим покупателем на территорию Республики Казахстан товара, помещенного под таможенные процедуры выпуска для внутреннего потребления или переработки для внутреннего потребления, в течение расчетного периода;
      Vt – совокупный объем ввоза товара всеми историческими покупателями на территорию Республики Казахстан, помещенного под таможенные процедуры выпуска для внутреннего потребления или переработки для внутреннего потребления, в течение расчетного периода.
      20. В 2015-2016 годы при расчете импортной квоты для исторических покупателей объем импортной квоты, выделяемый историческому покупателю, уменьшается на десять процентов за каждые десять процентов неиспользования импортной квоты, выделенной в предыдущем году.
      21. В случае, если рассчитанный по указанным формулам объем импортной квоты, выделяемый историческому покупателю, будет иметь дробные единицы, то расчетная величина устанавливается путем математического округления до целого значения.
      22. Если заявленный историческим покупателем объем импортной квоты меньше объема импортной квоты, рассчитанного для данного исторического покупателя по вышеуказанным формулам, то историческому покупателю определяется заявленный объем импортной квоты.
      Оставшиеся объемы делятся путем дополнительных расчетов между остальными историческими покупателями пропорционально их доле в общем объеме ввоза товара в расчетном периоде в соответствии с пунктом 19  настоящих Правил.

Приложение 1      
к Правилам распределения
объемов импортной квоты 
между участниками   
внешнеторговой деятельности
на ввоз зерноуборочных 
комбайнов и модулей  
зерноуборочных комбайнов

                             Информация
     об объемах ввоза участниками внешнеторговой деятельности
    зерноуборочных комбайнов и модулей зерноуборочных комбайнов
                    (за соответствующий расчетный период)


п/п

Участник
ВЭД

ИИН/БИН

Количество ввезенного товара, шт.

Доля ввоза товара участником ВЭД в общем объеме ввоза в расчетном периоде, в %

Всего

В том числе:

----* год

----* год

----* год

























































































































ВСЕГО







      Примечание: * - указываются годы расчетного периода, по которым представляется информация, в соответствии с подпунктом 2) пункта 3 Правил.

Приложение 2      
к Правилам распределения
объемов импортной квоты 
между участниками   
внешнеторговой деятельности
на ввоз зерноуборочных 
комбайнов и модулей  
зерноуборочных комбайнов

                              Информация
         по историческим покупателям и рассчитанными для них
       объемами импортных квот на ввоз зерноуборочных комбайнов
                   и модулей зерноуборочных комбайнов

№ п/п

Участник
ВЭД

ИИН/БИН

Количество ввезенного товара, шт.

Доля ввоза товара участником ВЭД в общем объеме ввоза в расчетном периоде, в %

Заявленное количество товара, шт.

Рассчитанный объем импортной квоты, шт.

Всего

В том числе:

----* год

----* год

----* год















































































































ВСЕГО









      * - указываются годы расчетного периода, по которым представляется информация, в соответствии с подпунктом 2) пункта 3 Правил.
      Примечание. Каждый лист данного документа должен быть запарафирован.

Приложение 3      
к Правилам распределения
объемов импортной квоты 
между участниками   
внешнеторговой деятельности
на ввоз зерноуборочных 
комбайнов и модулей  
зерноуборочных комбайнов

                             Заявка
                   на получение импортной квоты
            на ввоз зерноуборочных комбайнов и модулей
   зерноуборочных комбайнов в качестве исторического покупателя

      Заявитель: ______________________________
      БИН: ____________________________________
      Юридический адрес: ______________________
      Вид деятельности: _______________________
      Контактные данные: ______________________

      Настоящим ________________ просит выделить импортную квоту на
ввоз в течение _______ года ______ цифрами (______________ прописью)
(количество) зерноуборочных комбайнов (код ТН ВЭД 8433 51 000 1, 8433
51 000 9) и модулей зерноуборочных комбайнов (код ТН ВЭД 8433 90 000
0), в том числе:

Наименование

Код ТН ВЭД

Количество, штук










      Дополнительная информация (при необходимости): можно указать об производившемся переименовании (с приложением копий подтверждающих документов), объемах ввоза товара в расчетном периоде и т.п.

      Руководитель __________________________ подпись
      М.П.