"Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚAУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын жеткізуге тіркелген тарифтер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысымен бекітілген |
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер
өндіретін электр энергиясын жеткізуге тіркелген тарифтер
Ескерту. Тарифтерге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.03.2015 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.09.2022 № 732 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Р/с № | Электр энергиясын алу үшін пайдаланылатын жаңартылатын энергия көздерінің технологиясы | Тариф мөлшері, теңге/ кВтсағ. (ҚҚС-сыз) |
1 | Жел энергиясын түрлендіру үшін қуаты 100 МВт "Астана ЕХРО-2017" жел электр станциясының жобасы үшін тіркелген тарифті қоспағанда, жел электр станциялары | 22,68 |
1-1 | Жел энергиясын түрлендіру үшін қуаты 100 МВт "Астана ЕХРО-2017" жел электр станциясы | 59,7 |
2 | Қазақстандық кремний (Kaz PV) негізінде күн сәулесінің энергиясын түрлендіру үшін фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын күн электр станцияларының жобалары үшін тіркелген тарифті қоспағанда, күн энергиясын фотоэлектрлік түрлендіргіштер | 34,61 |
3 | Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 23.09.2022 № 732 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. | |
3-1 | Гидродинамикалық су энергиясын пайдаланатын гидроэлектр станциялары | 41, 23 |
4 | Биогаз қондырғылары | 32,23 |