"Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 663 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 29, 327-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ережеде:
      «Кеңсенің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері» деген 2-бөлімде:
      10-1-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      3) мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шараларды әзірлеу;»;
      11-тармақта:
      29) және 30) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «29) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мемлекеттік құпияларды қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік құпияларды және мемлекеттік ақпараттық ресурстарды қорғау жүйесін дамыту мен жетілдіру;
      30) мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шараларды әзірлеу;»;
      мынадай мазмұндағы 30-1) және 30-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «30-1) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшелердің кадрларын даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру;
      30-2) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау мәселелері жөнінде практикалық және әдістемелік көмек көрсету;»;
      12-тармақта:
      13) тармақша алып тасталсын;
      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «22) Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық пен мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде кұпиялылық режимі мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстарды жүргізу;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 сентября 2002 года № 993 "Вопросы Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 июня 2014 года № 663

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 сентября 2002 года № 993 «Вопросы Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2002 г., № 29, ст. 327) следующие изменения и дополнения:
      в Положении о Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      в разделе 2 «Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности Канцелярии»:
      подпункты 2) и 3) пункта 10-1 изложить в следующей редакции:
      «2) реализация единой государственной политики в области защиты государственных секретов и обеспечение информационной безопасности;
      3) разработка правовых, административных, экономических, технических, программных и криптографических мер по защите государственных секретов и обеспечению информационной безопасности;»;
      в пункте 11:
      подпункты 29) и 30) изложить в следующей редакции:
      «29) реализация единой государственной политики в области защиты государственных секретов в государственных органах и организациях и обеспечение информационной безопасности, развитие и совершенствование системы защиты государственных секретов и государственных информационных ресурсов;
      30) разработка правовых, административных, экономических, технических, программных и криптографических мер по защите государственных секретов и обеспечению информационной безопасности;»;
      дополнить подпунктами 30-1) и 30-2) следующего содержания:
      «30-1) организация подготовки и переподготовки кадров подразделений по защите государственных секретов;
      30-2) оказание практической и методической помощи государственным органам и организациям по вопросам защиты сведений, составляющих государственные секреты;»;
      в пункте 12:
      подпункт 13) исключить;
      подпункт 22) изложить в следующей редакции:
      «22) проводить мероприятия и работы по обеспечению режима секретности и информационной безопасности в Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан в порядке, установленном Инструкцией по обеспечению режима секретности в Республике Казахстан, и другими нормативно-правовыми актами по защите государственных секретов и обеспечению информационной безопасности;».
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов