"Қызметтік тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 маусымдағы № 698 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 828 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.10.2015 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Қызметтік тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2014 жылғы 24 маусымдағы
№ 698 қаулысымен   
бекітілген       

«Қызметтік тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштерінің әскери қызметшілерін есепке қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Қызметтік тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің аудандық пайдалану бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайды;
      2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кезекке қою күні мен реттік нөмірін көрсете отырып, қызметтік тұрғын үйге мұқтаждардың есебіне қою туралы анықтаманы беру.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс, сондай-ақ мереке күндерінен басқа, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      Қабылдау жедел қызмет көрсетусіз «кезек күту» тәртібімен жүзеге асырылады.
      9. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат;
      2) отбасы құрамы туралы анықтама;
      3) қызмет орнынан анықтама;
      4) баянат берілген күнге дейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей алынған көрсетілетін қызметті алушыда және оның отбасы мүшелерінде осы елді мекенде меншік құқығында тұрғын үйдің болмауы (болуы) туралы анықтама (көрсетілетін қызметті алушы анықтаманы жыл сайын береді);
      5) қызметтік тізім;
      6) бұрынғы қызмет орны бойынша қызметтік тұрғын үйді тапсырғаны туралы анықтама;
      7) көрсетілетін қызметті алушының және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың, көрсетілетін қызметті алушыда отбасы мүшелері бар болса, балалардың туу туралы, некеге тұру (некені бұзу) туралы куәліктердің нотариат растаған көшірмелері (баянат берілген күнге дейін 10 күннен кешіктірмей);
      8) отбасында Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулардың тізімінде санамаланған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын мүшелер бар болса, мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесінің анықтамасы;
      9) отбасында күндізгі оқу нысанында оқитын жиырма үш жасқа дейінгі мүшелер бар болса, білім беру ұйымының анықтамасы;
      10) отбасында мүгедектік тобы бойынша он сегіз жасқа толмаған мүгедек баласы бар болса, халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік мекемесінің мүгедектік туралы анықтамасы;
      11) балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның кәмелетке толмағанды қорғаншылыққа және қамқоршылыққа алу туралы анықтамасы;
      12) басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп таныған жағдайларда, соңғысы оларды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің нотариат растаған көшірмесін ұсынады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану, шағым:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жазбаша түрде көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;
      2) 010000, Астана қаласы, Достық көшесі, № 14 үй мекенжайы бойынша жазбаша түрде Министрлік басшысының атына;
      3) Министрліктің www.mod.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде беріледі.
      Қолма-қол, сол сияқты почта арқылы келіп түскен шағымның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері журналында тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) қабылданғанын растау болып табылады.
      Шағымның қабылданғанын растау үшін шағымды қабылдаған адам көрсетілетін қызметті алушыға талон береді, онда байланыс деректері мен жауапты алу орнын көрсете отырып, нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі көрсетіледі.
      Министрліктің және көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген
жағдайда, көрсетілетін қызмет алушының Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mod.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы ақпаратты www.mod.gov.kz мекенжайы бойынша Министрліктің интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған анықтама қызметтерінің телефондары арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға болады.

«Қызметтік тұрғын үйге мұқтаж       
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
әскери қызметшілерін есепке қою»     
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                

Көрсетілетін
қызметті
берушінің
бұрыштама
мөртаңбасы

_______________________ гарнизонында
тұрғын үйге мұқтаждар есебіне кою туралы
анықтама

      Әскери қызметші _______________________________________________
                       (көрсетілетін қызметті алушының әскери атағы,
                                  тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
___________ жылдан бастап реттік нөмірі _______ болып _______________
(күні, айы, жылы)                                    (гарнизон атауы)

гарнизоны бойынша қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұратыны
туралы берілді.
      Осы анықтама 2 данада, әрбір тарап үшін бір данадан жасалды.

      _____________ гарнизоны тұрғын үй комиссиясының төрағасы
      _______________________________________________________________
       (әскери атағы)                         (аты-жөні, тегі)

      ___________________ гарнизоны тұрғын үй комиссиясының хатшысы
      _______________________________________________________________
       (әскери атағы)                          (аты-жөні, тегі)
      елтаңбалы мөр

      Орынд. Т.А.Ә.______
      Тел. ___________
      Алды: көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә./қолы

      20___ ж. «___» _______

«Қызметтік тұрғын үйге мұқтаж       
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
әскери қызметшілерін есепке қою»     
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                 

Әскери қызметші әскери
қызметін өткеретін
мемлекеттік мекеменің
бұрыштама мөртаңбасы

_________________________ гарнизоны
(гарнизонның атауы)             
тұрғын үй комиссиясының төрағасына
___________________________________
мекенжайы бойынша тұратын әскери
қызметші ___________________________
___________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының әскери
атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________
___________________________________
(мемлекеттік мекеменің (әскери бөлімнің)
атауы)             

Баянат

      Сізден мені _____________________ гарнизоны бойынша мемлекеттік
                  (гарнизонның атауы)
тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үй алу үшін тұрғын үйге мұқтаждар
есебіне қоюыңызды сұраймын.

      Қосымша ___ парақта:
      (қоса берілетін құжаттардың атауы)
      1) ________________
      2) ________________
      3) ...

      Осы баянат 2 данада, әрбір тарап үшін бір данадан жасалды.

___________________________________________
(күні, көрсетілетін қызметті алушының колы)

Об утверждении стандарта государственной услуги "Постановка на учет нуждающихся в служебном жилище военнослужащих Вооруженных Сил Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 июня 2014 года № 698. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 октября 2015 года № 828

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 15.10.2015 № 828 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра обороны Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 222.


      В соответствии с подпунктом 3) статьи 6 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года «О государственных услугах» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый стандарт государственной услуги «Постановка на учет нуждающихся в служебном жилище военнослужащих Вооруженных Сил Республики Казахстан».
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утвержден          
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 24 июня 2014 года № 698 

Стандарт государственной услуги
«Постановка на учет нуждающихся в служебном жилище
военнослужащих Вооруженных Сил Республики Казахстан»

1. Общие положения

      1. Государственная услуга «Постановка на учет нуждающихся в служебном жилище военнослужащих Вооруженных Сил Республики Казахстан» (далее – государственная услуга).
      2. Стандарт государственной услуги разработан Министерством обороны Республики Казахстан (далее – Министерство).
      3. Государственная услуга оказывается районными эксплуатационными частями Министерства (далее – услугодатель).

2. Порядок оказания государственной услуги

      4. Срок оказания государственной услуги с момента:
      1) сдачи необходимого пакета документов услугополучателем – не более 30 (тридцать) календарных дней;
      2) максимально допустимое время ожидания для сдачи пакета документов услугополучателем услугодателю – 15 минут;
      3) максимально допустимое время обслуживания услугополучателя – 15 минут.
      5. Форма оказываемой государственной услуги: бумажная.
      6. Результат оказания государственной услуги: выдача справки о постановке на учет нуждающихся в служебном жилище с указанием даты постановки и порядкового номера очереди по форме, согласно приложению 1 к настоящему стандарту государственной услуги.
      7. Государственная услуга оказывается бесплатно.
      8. График работы услугодателя: с понедельника по пятницу с 9.00 часов до 18.00 часов с перерывом на обед с 13.00 до 14.00, кроме выходных, а также праздничных дней, согласно трудовому законодательству Республики Казахстан.
      Прием осуществляется в порядке «живой очереди» без ускоренного обслуживания.
      9. Перечень документов, необходимых для оказания государственной услуги, представляемых услугополучателем при обращении к услугодателю:
      1) рапорт по форме, согласно приложению 2 к настоящему стандарту государственной услуги;
      2) справка о составе семьи;
      3) справка с места службы;
      4) справка об отсутствии (наличии) жилища на праве собственности в данном населенном пункте у услугополучателя и членов его семьи, полученная не позднее, чем за 10 календарных дней до дня подачи рапорта (справка представляется услугополучателем ежегодно);
      5) послужной список;
      6) справка о сдаче служебного жилища по прежнему месту службы;
      7) нотариально заверенные копии документов, удостоверяющих личность услугополучателя и членов его семьи, свидетельств о рождении детей, заключении (расторжении) брака, при наличии у услугополучателя членов семьи (не позднее, чем за 10 дней до дня подачи рапорта);
      8) справка государственного учреждения здравоохранения при наличии в семье членов, страдающих тяжелыми формами некоторых хронических заболеваний, перечисленных в списке заболеваний, утверждаемом Правительством Республики Казахстан;
      9) справка с организации образования при наличии в семье членов, обучающихся по очной форме обучения в возрасте до двадцати трех лет;
      10) справка об инвалидности с государственного учреждения социальной защиты населения при наличии ребенка-инвалида в семье до достижения им возраста восемнадцати лет по группе инвалидности;
      11) справка об опеке и попечительстве несовершеннолетнего
с уполномоченного органа в области защиты прав детей;
      12) в случаях признания других лиц членами семьи услугополучателя, последним представляется нотариально заверенная копия решения суда о признании их членами семьи заявителя.

3. Порядок обжалования решений, действий
(бездействий) услугодателя и (или) их должностных лиц

      10. Обжалование решений, действий (бездействия) услугодателя и (или) их должностных лиц, по вопросам оказания государственной услуги, жалоба подается:
      1) на имя руководителя услугодателя в письменном виде по адресам, указанным в пункте 12 настоящего стандарта государственной услуги;
      2) на имя руководителя Министерства в письменном виде по адресу: 010000, город Астана, улица Достык, дом № 14;
      3) на интернет-ресурсе Министерства по адресу www.mod.gov.kz в разделе «Государственные услуги».
      Подтверждением принятия жалобы, поступившей как нарочно, так и почтой, является ее регистрация в журнале обращений физических и юридических лиц (штамп, входящий номер и дата регистрации проставляются на втором экземпляре жалобы или сопроводительном письме к жалобе) в канцелярии услугодателя.
      Услугополучателю в подтверждение о принятии его жалобы лицом, принявшим жалобу, выдается талон, в котором указывается номер, дата, фамилия лица, принявшего жалобу с указанием контактных данных и место получение ответа.
      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес Министерства и услугодателя, подлежит рассмотрению в течение пяти рабочих дней со дня ее регистрации.
      В случае несогласия с результатами оказанной государственной услуги, услугополучатель может обратиться с жалобой в уполномоченный орган по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг.
      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, подлежит рассмотрению в течение пятнадцати рабочих дней со дня ее регистрации.
      11. В случаях несогласия с результатами оказанной государственной услуги, услугополучатель имеет право обратиться в суд в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

4. Иные требования с учетом особенностей
оказания государственной услуги

      12. Адреса мест оказания государственной услуги размещены на интернет-ресурсе Министерства по адресу www.mod.gov.kz в разделе «Государственные услуги».
      13. Информация о государственной услуге может быть получена в режиме удаленного доступа по телефонам справочных служб, размещенных на интернет-ресурсе Министерства по адресу www.mod.gov.kz в разделе «Государственные услуги».

Приложение 1            
к стандарту государственной услуги
«Постановка на учет нуждающихся в 
служебном жилище военнослужащих  
Вооруженных Сил Республики Казахстан»

Угловой штамп
услугодателя


                                Справка
                о постановке на учет нуждающихся в жилище
                  в __________________________ гарнизоне

      Выдана военнослужащему (ей) ___________________________________
                                    (воинское звание, фамилия, имя,
                                      отчество услугополучателя)
____________________________________________________________________
в том, что он (она) состоит на учете нуждающихся в служебном жилище
по ______________________________________________________ гарнизону
                     (наименование гарнизона)
с __________________________ года, под порядковым номером _________.
     (день, месяц, год)
      Настоящая справка составлена в 2 экземплярах, по одному для
каждой стороны.

      Председатель жилищной комиссии ________________ гарнизона
      _______________________________________________________________
             (Воинское звание)                 (инициалы, фамилия)

      Секретарь жилищной комиссии ________________ гарнизона
      _______________________________________________________________
             (Воинское звание)                 (инициалы, фамилия)
              гербовая печать

      Исп. Ф.И.О. ____________
      Тел.___________
      Получил: Ф.И.О. / подпись услугополучателя
      «___» ____________ 20__г.

Приложение 2            
к стандарту государственной услуги
«Постановка на учет нуждающихся в 
служебном жилище военнослужащих  
Вооруженных Сил Республики Казахстан»

Угловой штамп
государственного
учреждения,
в котором
военнослужащий
проходит
воинскую службу

Председателю жилищной комиссии
_______________________________ гарнизона     (наименование гарнизона)
________________________________________
от военнослужащего (ей) ________________________________________
(воинское звание, фамилия, имя, отчество услугополучателя)
_________________________________________
_________________________________________
(наименование государственного
учреждения (войсковой части)
проживающего (ей) по адресу: ____________
_________________________________________

                                    Рапорт

      Прошу Вас поставить меня на учет нуждающихся в жилище по
________________________ гарнизону для получения служебного жилища из
(наименование гарнизона)
государственного жилищного фонда.

      Приложение на ___ листах:
      (наименование прилагаемых документов)
      1) ____________________
      2) ____________________
      3) ….

      Настоящий рапорт составлен в 2 экз., по одному для каждой стороны.

                                __________________________________
                                 (дата, подпись услугополучателя)