Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау
қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат, № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы, 2014 жылғы 13 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы):
319-бапта 5-тармақта «жеке немесе» деген сөздер алып тасталсын.
2. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы, 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 10-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) бағалау ұйымы;»;
2) 53-1-баптың 3-тармағының жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының не сақтандыру холдингінің белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сенімгерлік басқару тағайындалған мерзім өткенге дейін сенімгерлік басқаруға беру үшін негіздер жойылмаған кезде уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сенімгерлік басқарудағы акцияларын оларды сату туралы шешім қабылдау күніне қалыптасқан нарықтық құн бойынша бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында оларды сату арқылы иеліктен шығарады. Акциялардың нарықтық құны туралы ақпарат болмаған жағдайда, бағалау ұйымы акцияларды сату бағасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындауы мүмкін. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары сенімгерлік басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.».
3. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
3-тарау мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
«17-1-бап. Әділет органдарының бағалау қызметі саласындағы
функциялары
Әділет органдары бағалау қызметі саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) әділет органдарының құзыретіне жататын, азаматтар мен заңды тұлғалардың бағалау қызметі мәселелері жөніндегі өтініштерін қабылдау, қарау және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде өтініш берушілерге қабылданған шешімдер туралы хабарлау;
2) Қазақстан Республикасының бағалау қызметі саласындағы заңнамасының қолданылу практикасын талдауды және қорыту және оны жетілдіру, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасының бұзылуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиісті ұсыныстар енгізу;
3) бағалаушылар палаталарының, бағалау ұйымдарының «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды орындауын бақылау;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктер.».
4. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 25-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат):
1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бағалау ұйымы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – уәкілетті орган) өзі белгілеген тәртіпке сәйкес аккредиттеген, мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлға;»;
2) 18-1-бапта:
1-тармақта:
3) тармақша алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) растайтын құжаттар («бағалаушы» біліктілігін тану туралы куәліктің көшірмесі) қоса беріліп, штатта уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша «бағалаушы» біліктілігін тану туралы куәлігі бар кемінде екі қызметкердің болуы туралы мәліметтер.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Бағалаушы» біліктілігін тану туралы куәлігі бар заңды тұлға қызметкерлерінің құрамы өзгерген кезде заңды тұлға мұндай өзгеріс болған күннен бастап бір ай мерзімде уәкілетті органға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жаңа қызметкерлердің тізімін ұсынады.»;
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;».
5. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат):
203-баптың 2, 3-тармақтарындағы, 204-баптағы, 205-баптың 2-тармағындағы, 206-баптың 2, 3-тармақтарындағы, 207-баптың 1-тармағындағы, 208-баптың 2-тармағындағы, 209-баптың 1-тармағындағы «бағалаушы», «бағалаушыға», «бағалаушыны» деген сөздер «бағалау ұйымы», «бағалау ұйымына», «бағалау ұйымын» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған):
«Екінші санаттағы рұқсаттар тізбесі» деген 2-қосымшада:
67-тармақта:
«жеке немесе» деген сөздер алып тасталсын;
362, 363-тармақтар алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң қол қойылған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті