"Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2014 жылғы 17 ақпандағы № 96 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 шілдедегі № 785 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 475 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 07.08.017 № 475 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2014 жылғы 17 ақпандағы № 96 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:

      1) көрсетілген қаулымен құрылған Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      8, 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Комиссияның жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Комиссия отырысының жұмыс жоспары және оның күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні бұрын хаттама жобасымен қоса Комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.";

      9. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін Комиссия хатшысы хаттаманы ресімдейді.";

      10, 12-тармақтар алып тасталсын;

      14, 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.

      Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде төраға мен хатшы қол қоятын хаттама жасалады.

      Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.

      Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу, не себептерін негіздей отырып келіспеу туралы жауапты жібереді.

      15. Дауыс беру парақтарымен қоса, Комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 9 шілдедегі
№ 785 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 17 ақпандағы
№ 96 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті
дамыту және қолдау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің орынбасары, хатшы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

      Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi

      Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі

      Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі

      Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы

      Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшесі (келісім бойынша)

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2014 года № 96 "Об образовании Комиссии по вопросам развития и поддержки малого и среднего предпринимательства в Республике Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 июля 2014 года № 785. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 475

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 07.08.2017 № 475.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2014 года № 96 "Об образовании Комиссии по вопросам развития и поддержки малого и среднего предпринимательства в Республике Казахстан" следующие изменения:

      1) состав Комиссии по вопросам развития и поддержки малого и среднего предпринимательства в Республике Казахстан, образованный указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению;

      2) в Положении о Комиссии по вопросам развития и поддержки малого и среднего предпринимательства в Республике Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      пункты 8, 9 изложить в следующей редакции:

      "8. Рабочим органом Комиссии является Министерство регионального развития Республики Казахстан.

      Рабочий орган Комиссии осуществляет организационно-техническое обеспечение работы Комиссии, в том числе готовит предложения по плану работы и повестке дня заседания Комиссии, необходимые документы, материалы, которые должны быть направлены членам Комиссии за три рабочих дня до проведения заседания Комиссии с приложением проекта протокола.

      9. После проведения заседания Комиссии секретарь Комиссии оформляет протокол.";

      пункты 10, 12 исключить;

      пункты 14, 15 изложить в следующей редакции:

      "14. Решения Комиссии принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от общего количества членов Комиссии. Голосование проводится путем заполнения на заседании Комиссии листа голосования по форме согласно приложению к Инструкции о порядке создания, деятельности и ликвидации консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан и рабочих групп (далее – Инструкция), утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 марта 1999 года № 247. В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель Комиссии.

      Члены Комиссии имеют право на особое мнение, которое, в случае его выражения должно быть изложено в письменном виде и приложено к письму-отчету Комиссии, предусмотренному пунктом 24 Инструкции.

      По результатам проведения заседаний Комиссии и на основании листов голосования в течение трех рабочих дней составляется протокол, подписываемый председателем и секретарем.

      При изменении по итогам голосования содержания проекта протокола секретарь Комиссии направляет лист голосования с уточненной редакцией принятого решения членам Комиссии для согласования.

      Члены Комиссии после получения листа голосования направляют в течение одного рабочего дня ответ о согласии либо несогласии с обоснованием причин.

      15. Учет и хранение материалов и протокольных решений Комиссии с приложением листов голосования осуществляет рабочий орган Комиссии.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 9 июля 2014 года № 785
Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 17 февраля 2014 года № 96

Состав
Комиссии по вопросам развития и поддержки
малого и среднего предпринимательства
в Республике Казахстан

      Премьер-Министр Республики Казахстан, председатель

      Первый заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан, заместитель председателя

      заместитель Министра регионального развития Республики Казахстан, секретарь

      Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан

      Заместитель Премьер-Министра – Министр индустрии и новых технологий Республики Казахстан

      Заместитель Премьер-Министра – Министр финансов Республики Казахстан

      заместитель Генерального прокурора Республики Казахстан (по согласованию)

      первый заместитель Председателя Агентства Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция) (по согласованию)

      заместитель Председателя Национального Банка Республики Казахстан (по согласованию)

      член Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета Республики Казахстан (по согласованию)

      Министр по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

      Министр экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан

      Министр труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

      Министр регионального развития Республики Казахстан

      Министр транспорта и коммуникаций Республики Казахстан

      Министр юстиции Республики Казахстан

      Министр здравоохранения Республики Казахстан

      Министр окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан

      Министр нефти и газа Республики Казахстан

      Министр внутренних дел Республики Казахстан

      Министр культуры Республики Казахстан

      Министр сельского хозяйства Республики Казахстан

      Министр образования и науки Республики Казахстан

      Председатель Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры

      Председатель Агентства Республики Казахстан по защите прав потребителей

      Председатель Агентства Республики Казахстан по защите конкуренции Республики Казахстан (Антимонопольное агенство)

      Председатель Национального космического агентства Республики Казахстан

      Председатель Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий

      Председатель Агентства Республики Казахстан по связи и информации

      председатель правления Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан (по согласованию)

      заместитель председателя правления Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан (по согласованию)

      член президиума Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан (по согласованию)