Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 шілдедегі № 801 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 54) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидалары бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылсын:
      1) "Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері құрылмаған елді мекендердегі өртті сөндіру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 542 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 22, 248-құжат):
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 36-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 43, 492-құжат):
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 19 шілдедегі
№ 801 қаулысымен  
бекітілген      

Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет
бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидалары

      1. Осы Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидалары дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттердің алдын алу және сөндіру жұмыстарын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
      2. Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіруді тиісті аумақтағы жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
      3. Өрттерді байқаған кезде жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік өртке қарсы қызметке хабарлайды және өрттерді сөндіруге өртке қарсы ерікті құралымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларына сәйкес құрылған өрт сөндіру бекеттерінің күштері мен құралдарын тартуды ұйымдастырады.
      4. Ерікті өрт сөндірушілерді жинау тәрітбі мен оларды өрт орнына жеткізу тәсілін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша өртке қарсы ерікті құралымның басшысы айқындайды.
      5.  Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің күштері мен құралдары келгенге дейін жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақта:
      1) өрттер туралы барлық келіп түсетін ақпаратты жедел тексеруді және жинауды қамтамасыз етеді;
      2) шыққан өрттер, олардың ықтимал таралуы туралы халықты уақтылы хабардар етуді, сондай-ақ олардың салдарын шектеу жөнінде қажетті шаралар қабылдауды жүзеге асырады;
      3) өрт орнындағы жағдайдың барлық өзгерістері туралы жақын орналасқан мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерін уақтылы жедел хабардар етуді қамтамасыз етеді;
      4) өрттерді сөндіру бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады.
      6. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері өртке келгенде өрт сөндіруге басшылық ету өртке қарсы қызмет гарнизонының аға лауазымды адамына жүктеледі.
      7. Өрттерді сөндіру кезінде жергілікті атқарушы органдар тартылатын күштер мен құралдарын меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жанар-жағармай материалдарымен, тамақ өнімдерімен және медициналық көмекпен қамтамасыз етеді.
      8. Өрттердің алдын алуда және жоюда келісілген іс-қимылды жүзеге асыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп, дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттердің алдын алу және сөндіру жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын, сондай-ақ тиісті аумақтарда дала өрттері туындаған жағдайда жер пайдаланушыларымен бірлескен іс-қимыл жасау жоспарларын әзірлейді және бекітеді.

Об утверждении Правил тушения степных пожаров, а также пожаров в населенных пунктах, в которых отсутствуют подразделения государственной противопожарной службы

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 июля 2014 года № 801. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 июня 2015 года № 457

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 18.06.2015 № 457 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 54) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года «О гражданской защите» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила тушения степных пожаров, а также пожаров в населенных пунктах, в которых отсутствуют подразделения государственной противопожарной службы.
      2. Признать утратившими силу:
      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 27 июня 2007 года № 542 «Об утверждении Правил тушения степных пожаров, а также пожаров в населенных пунктах, в которых не созданы государственные учреждения пожаротушения» (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 22, ст. 248);
      2) пункт 36 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан в области пожарной безопасности, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 ноября 2008 года № 1068 «О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан в области пожарной безопасности» (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 43, ст. 492).
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных после дня его официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 19 июля 2014 года № 801

Правила
тушения степных пожаров, а также пожаров
в населенных пунктах, в которых отсутствуют подразделения
государственной противопожарной службы

      1. Настоящие Правила тушения степных пожаров, а также пожаров в населенных пунктах, в которых отсутствуют подразделения государственной противопожарной службы определяют порядок организации работ по профилактике и тушению степных пожаров, а также пожаров в населенных пунктах, в которых отсутствуют подразделения государственной противопожарной службы.
      2. Тушение степных пожаров, а также пожаров в населенных пунктах, в которых отсутствуют подразделения государственной противопожарной службы, осуществляется местными исполнительными органами на соответствующей территории.
      3. При обнаружении пожаров местные исполнительные органы сообщают в государственную противопожарную службу и организуют привлечение к тушению пожаров сил и средств добровольных противопожарных формирований, а также пожарных постов, созданных в соответствии с Правилами создания местными исполнительными органами пожарных постов, их материально-технического оснащения в населенных пунктах, в которых отсутствуют подразделения государственной противопожарной службы, утверждаемыми Правительством Республики Казахстан.
      4. Порядок сбора добровольных пожарных и способ их доставки к месту пожара определяются руководителем добровольного противопожарного формирования по согласованию с территориальным подразделением уполномоченного органа в сфере гражданской защиты.
      5. До прибытия сил и средств подразделений государственной противопожарной службы местные исполнительные органы на соответствующей территории:
      1) обеспечивают оперативную проверку и сбор всей поступающей информации о пожарах;
      2) осуществляют своевременное информирование населения о возникших пожарах, возможном их распространении, а также принятие необходимых мер по ограничению их последствий;
      3) обеспечивают своевременное оперативное информирование ближайших подразделений государственной противопожарной службы обо всех изменениях обстановки на месте пожара;
      4) осуществляют общее руководство по тушению пожаров.
      6. По прибытию на пожар подразделений государственной противопожарной службы руководство тушением пожара возлагается на старшее должностное лицо гарнизона противопожарной службы.
      7. При тушении пожаров местные исполнительные органы обеспечивают привлекаемые силы и средства, независимо от форм собственности, горюче-смазочными материалами, продуктами питания и медицинской помощью в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      8. В целях осуществления согласованных действий в предупреждении и ликвидации пожаров местные исполнительные органы совместно с территориальными подразделениями уполномоченного органа в сфере гражданской защиты разрабатывают и утверждают ежегодные планы мероприятий по профилактике и тушению степных пожаров, пожаров в населенных пунктах, в которых отсутствуют подразделения государственной противопожарной службы, а также планы совместных действий с землепользователями на случай возникновения степных пожаров на соответствующих территориях.