«Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 798 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жергілiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттері мен облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерi орынбасарларының шектi санында:
«Барлығы, штат саны* (бірлік)» деген 2-бағанда:
«Алматы» деген жолдағы «4058» деген сандар «3976» деген сандармен ауыстырылсын;
«Алматы қаласы» деген жолдағы «1203» деген сандар «1361» деген сандармен ауыстырылсын;
«ЖИЫНЫ» деген жолдағы «42235» деген сандар «42311» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов