"Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 304 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 866 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 307 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 304 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 23, 374-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидаларында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидияларды (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) төлеу тәртібін айқындайды.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстың және Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде облыстың және Астана мен Алматы қалаларының тиісті жылға арналған бюджеттерінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      Қандай да бір аудан бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда, облыстың және Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органы заңнамада белгіленген тәртіппен оларды бекітілген субсидиялау көлемі шегінде басқа аудандар арасында қайта бөлуі мүмкін.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Элиттұқымшарлар және тұқым өткізушілер жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының, мақтаның элиталық тұқымдарын және көшеттерін отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге облыстың жергілікті атқарушы органы белгілеген шекті бағалардан аспайтын бағалар бойынша өткізеді.»;
      12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Облыстың жергілікті атқарушы органы Министрлікке бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 30 шілдеден кеш емес мерзімде, ал жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей бюджеттік субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпарат береді.»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға арналған субсидиялар сомасын айқындау үшін әрбір ауданда (облыстық маңызы бар қалада) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі - ауданның жергілікті атқарушы органы) шешімімен құрамына аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің, тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектордың, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың өкілдігінің қызметкерлері кіретін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) құрылады.
      Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі - бөлім) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.
      Бөлім осы Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде облыстың жергілікті атқарушы органының интернет-ресурстарында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында бюджеттік субсидияларды алуға құжаттарды қабылдау мерзімдерін көрсете отырып, субсидиялауға қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны, ВАК-тың жұмыс тәртібі туралы хабарландырудың жариялануын қамтамасыз етеді.»;
      31-тармақ алып тасталсын;
      32-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тұқым шаруашылығын қолдауға бөлінген субсидиялар туралы жиынтық ақпарат осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылына бір рет, тиісті жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей облыстардың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылады.»;
      33 және 34-тармақтар алып тасталсын;
      көрсетілген Қағидаларға 10-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тұқым шаруашылығын қолдауға жергілікті бюджеттен бөлінген субсидиялар туралы жиынтық ақпарат».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 марта 2013 года № 304 "Об утверждении Правил субсидирования на поддержку семеноводства"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 июля 2014 года № 866. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 апреля 2015 года № 307

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 25.04.2015 № 307 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 марта 2013 года № 304 «Об утверждении Правил субсидирования на поддержку семеноводства» (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 23, ст. 374) следующие изменения:
      в Правилах субсидирования на поддержку семеноводства, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      «1. Настоящие Правила субсидирования на поддержку семеноводства (далее – Правила) разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан от 8 февраля 2003 года «О семеноводстве» и от 8 июля 2005 года «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий» и определяют порядок выплаты субсидий на поддержку семеноводства за счет и в пределах средств, предусмотренных в местном бюджете на соответствующий финансовый год (далее – бюджетные субсидии).»;
      пункт 3 изложить в следующей редакции:
      «3. Финансирование осуществляется в установленном законодательством Республики Казахстан порядке на основании решения местного исполнительного органа области и городов Астаны и Алматы в пределах средств, предусмотренных в бюджетах области и городов Астаны и Алматы на соответствующий год.
      Местный исполнительный орган области и городов Астаны и Алматы в установленном законодательством порядке, в случае неполного освоения каким-либо районом выделенных средств, может перераспределить их между другими районами в пределах утвержденного объема субсидирования.»;
      пункт 10 изложить в следующей редакции:
      «10. Элитсемхозы и реализаторы реализуют элитные семена кукурузы, подсолнечника, риса, сахарной свеклы, хлопчатника и саженцы отечественным сельскохозяйственным товаропроизводителям по ценам, не превышающим предельных цен, установленных местным исполнительным органом области.»;
      часть первую пункта 12 изложить в следующей редакции:
      «Местный исполнительный орган области представляет в министерство по итогам первого полугодия в срок не позднее 30 июля, а по итогам года не позднее 1 февраля года, следующего за отчетным, сводную информацию об использовании бюджетных субсидий.»;
      пункт 14 изложить в следующей редакции:
      «14. Для определения сумм субсидий для каждого семхоза и потребителя семян по каждому виду элитных семян в каждом районе (городе областного значения) решением местного исполнительного органа района (города областного значения) (далее – местный исполнительный орган района) создается межведомственная комиссия (далее – МВК) в составе сотрудников акимата района (города областного значения), отделов сельского хозяйства и земельных отношений района (города областного значения), государственного инспектора по семеноводству, представителей общественных и научных организаций.
      Рабочим органом МВК является отдел сельского хозяйства района (далее – отдел).
      Отдел в течение двух рабочих дней после введения в действие настоящих Правил обеспечивает публикацию объявления о начале приема заявок для участия в субсидировании, порядка работы МВК на интернет-ресурсах местного исполнительного органа области и местных средствах массовой информации с указанием сроков приема документов на получение бюджетных субсидий.»;
      пункт 31 исключить;
      часть вторую пункта 32 изложить в следующей редакции:
      «Сводная информация о выделенных субсидиях на поддержку семеноводства размещается на интернет-ресурсах местных исполнительных органов областей по форме согласно приложению 10 к настоящим Правилам, один раз в год, не позднее 31 декабря соответствующего года.»;
      пункты 33 и 34 исключить;
      заголовок приложения 10 к указанным Правилам изложить в следующей редакции:
      «Сводная информация о выделенных субсидиях из местного бюджета на поддержку семеноводства».
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов