«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2), 3) тармақшыларына, 12-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық меншіктегі акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттеріне қатысты республикалық меншік құқығы субъектісінің құқығы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (келісім бойынша) берілсін.
2. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 134 қаулысына(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 383-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (келісім бойынша) берілсін.».
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік меншік және жекешелендіру комитеті мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі K. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 тамыздағы
№ 884 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берілетін
республикалық меншіктегі акционерлік қоғамдар акцияларының
мемлекеттік пакеттерінің тізбесі
Р/с |
Акционерлік қоғамның атауы |
Акциялардың мемлекеттік пакетінің мөлшері, % |
1 |
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының академиясы» акционерлік қоғамы |
100 |
2 |
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының рейтингтік агенттігі» акционерлік қоғамы |
57 |