Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.08.2023 № 751 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 105, 138, 143-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.08.2023 № 751 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Абай облысының бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағындағы босалқы жерлер санатынан алаңы 119,03 гектар жер учаскелері өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.08.2023 № 751 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Қазмырыш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – кәсіпорын) кәсіпорынның өнеркәсіптік қалдықтар полигонын салу және пайдалану үшін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелеріне 2039 жылға дейінгі мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы берілсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.08.2023 № 751 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Серіктестік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 891 қаулысына қосымша |
"Қазмырыш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен берілетін жер учаскелерінің экспликациясы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.08.2023 № 751 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с | Жер учаскесінің жалпы ауданы, гектар | Жер учаскесінің нысаналы мақсаты | Құқық беру мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | 50,0 | өнеркәсіптік қалдықтарды сақтау орнын салу және пайдалану үшін | 2039 жылға дейін |
2 | 18,4 | автожолы бар электр беру желісін пайдалану үшін | 2039 жылға дейін |
3 | 7,93 | автожолды пайдалану үшін | 2039 жылға дейін |
4 | 42,7 | теміржолды пайдалану үшін | 2039 жылға дейін |
Жиыны | 119,03 |