"Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1379 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 892 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 282 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.05.2018 № 282 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1379 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1122-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларында:

      13-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. ПҚӨС ставкалары рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) үшін кен орнының (кен орындарының бiр тобының, кен орнының бiр бөлiгiнің) рентабельділігін нөлдік деңгейге жақындатуға мүмкіндік беретін шамаға дейін төмендетіледі, бірақ осы Қағидалардың 19-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 19-тармағында белгіленген ПҚӨС ең төменгі ставкасынан төмен емес.

      Бұл ретте, осы Қағидаларға сәйкес есептелген ПҚӨС ставкаларының мөлшері нөл бүтін жүзден бір қадаммен (0,01) үтірден кейінгі екі белгіге дейін үлкеніне қарай дөңгелетіліп, нақтылықпен белгіленеді.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. ПҚӨС ең төменгі ставкасы, осы Қағидалардың 19-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жоспарлы өндіру көлемін ескере отырып және ПҚӨС жеке ставкасы белгіленетін ағымдағы күнтізбелік жылдың бағалары бойынша 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қолданылған редакцияда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың талаптарында белгіленген салық салу базасы мен ставкасы бойынша есептелген роялти сомасының абсолюттік мәніне тең сомада ПҚӨС жер қойнауын пайдаланушының бюджетке төлеуін қамтамасыз ететін мөлшерде белгіленуі тиіс.

      Осы Қағидалардың 19-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, егер жер қойнауын пайдалану келісімшартының талаптарында 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша роялти ставкалары белгіленбеген болса, 2008 жылғы 31 желтоқсанға қолданылған редакциядағы Салық кодексіне сәйкес тиісті пайдалы қазбаға роялти ставкалары қолданылады.

      ПҚӨС ең төменгі ставкасын есептеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) тиісті күнтізбелік жылға жоспарланатын өндіру көлемін ескере отырып, 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қолданыста болған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарына сәйкес (салық салу объектісі, роялти ставкасы, тиісті күнтізбелік жылға салық салу базасы) жер қойнауын пайдаланушы бюджетке төлеуге жататын роялти сомасы айқындалады;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес есептелген роялти сомасы абсолюттік мәнде осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес есептелген кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша рентабельділік 0 %-дан аз болған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы бюджетке төлеуі тиіс ПҚӨС сомасын құрайды;

      3) рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жер қойнауын пайдаланушы үшін белгіленетін ПҚӨС ең төменгі ставкасы Салық кодексінде белгіленген тәртіппен есептелген пайдалы қазбаның тиісті түрі (пайдалы қазбалардың тиісті түрлері) бойынша ПҚӨС бойынша салық салу базасына осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес есептелген ПҚӨС сомасына қатынасы ретінде белгіленеді.

      Егер рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) үшін ПҚӨС ставкалары тиісті күнтізбелік жылға көрсетілген жыл ішінде белгіленген жағдайда өткен салық кезеңдеріндегі нақты қалыптасқан бағалардың негізінде күнтізбелік жылдың басынан есептелген және төленген ПҚӨС осы Қағидаларға сәйкес белгіленген ставкалар бойынша қайта есептеледі.";

      мынадай мазмұндағы 19-1 тармақпен толықтырылсын:

      "19-1. Егер осы Қағидалардың 19 тармағына сәйкес айқындалған ПҚӨС ең төменгі ставкасы кезінде кен орнының (кен орындарының бір тобының, кен орнының бiр бөлiгiнің) нөлдік рентабельділігіне қол жеткізілмеген жағдайда, онда ПҚӨС-тің, оның ішінде ілеспе пайдалы қазбалар бойынша ең төменгі ставкасы бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде кен орнының (кен орындарының бір тобының, кен орнының бiр бөлiгiнің) рентабельділігін нөлдік деңгейге жақындатуға мүмкіндік беретін шамаға дейін (0 %-ға дейін қоса алғанда) төмендетіледі:

      1) кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес бір құрамдауышты немесе көп құрамдауышты кен орны ретінде сыныптауға болады;

      2) минералды шикізатты өңдеу нәтижесінде алынған дайын өнімді өткізген кезде дайын өнімді өткізу бағасы мен оның толық өзіндік құны арасындағы айырма ретінде айқындалатын шығындар туындайды. Осы тармақтың мақсатында дайын өнімнің толық өзіндік құнына өткізілген дайын өнімнің өзіндік құны, өткізу бойынша шығыстар және жалпы және әкімшілік шығыстар қосылады. Өткізілген дайын өнімнің өзіндік құны халықаралық қаржы есептілігі стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады. Өткізілген дайын өнімнің толық өзіндік құнынан шығын сомасын айқындау мақсатында төленуге жататыннан (төленгеннен) басқа, халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржы есептілігі туралы заңнамасын қолданған кезде активтер мен (немесе) міндеттемелер құнының өзгеруіне байланысты бухгалтерлік есепке алуда туындайтын шығыстар баптан алынып тасталуға тиіс.

      2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың талаптарында ілеспе пайдалы қазбаларға арналған роялти ставкалары 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша белгіленбеген жағдайда, егер жер қойнауын пайдаланушының қызметі, тұтастай алғанда, шығынды болып табылса, онда осы Қағидалардың 19-тармағында айқындалған мұндай пайдалы қазбаларға қатысты ПҚӨС ең төменгі ставкасы 0 % мөлшерінде белгіленеді.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес белгіленген пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық ставкасын қолданған салық төлеуші тиісті салық жылының 4-тоқсанынан кейінгі 2-айдың 15-күнінен кеш емес мерзімде Салық кодексінің 45-тарауында белгіленген тиісті ставканы қолдана отырып, нақты деректер негізінде рентабельділік көрсеткіштерінің есептемесін жүргізеді.

      Егер келісімшарт бойынша жүргізілген есептеменің нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 15-тармағында белгіленген рентабельділік мәндері асып кетсе, салық төлеуші барлық салық жылындағы жалпыға белгіленген ставкалар негізінде пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық міндеттемелерін қайта есептейді және алынған мәндерді пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық бойынша қосымша декларацияда көрсетеді. Осы декларацияда көрсетілген пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық сомасы салық жылының 4-тоқсанының салық міндеттемесі болып табылады және жалпыға белгіленген тәртіппен айыппұлдар мен өсімпұлдарды қолданбастан бюджетке төлеуге жатады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2012 года № 1379 "Об утверждении Правил отнесения месторождения (группы месторождений, части месторождения) твердых видов полезных ископаемых, за исключением общераспространенных, к категории низкорентабельных и налогообложения в части налога на добычу полезных ископаемых"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 августа 2014 года № 892. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2018 года № 282 (вводится в действие с 1 января 2018 года)

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 21.05.2018 № 282 (вводится в действие с 01.01.2018).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2012 года № 1379 "Об утверждении Правил отнесения месторождения (группы месторождений, части месторождения) твердых видов полезных ископаемых, за исключением общераспространенных, к категории низкорентабельных и налогообложения в части налога на добычу полезных ископаемых" (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 75-76, ст. 1122) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах отнесения месторождения (группы месторождений, части месторождения) твердых видов полезных ископаемых, за исключением общераспространенных, к категории низкорентабельных и налогообложения в части налога на добычу полезных ископаемых, утвержденных указанным постановлением:

      подпункт 3) пункта 13 исключить;

      пункт 18 изложить в следующей редакции:

      "18. Ставки НДПИ для месторождения (группы месторождений, части месторождения), отнесенного к категории низкорентабельных, снижаются до величины, позволяющей приблизить рентабельность месторождения (группы месторождений, части месторождения) к нулевому уровню, но не ниже минимальной ставки НДПИ, установленной пунктом 19 настоящих Правил, за исключением случаев, предусмотренных пунктом 19-1 настоящих Правил.

      При этом размер ставки НДПИ, рассчитанный в соответствии с настоящими Правилами, устанавливается с точностью до двух знаков после запятой с округлением к большему с шагом в ноль целых одну сотую (0,01).";

      пункт 19 изложить в следующей редакции:

      "19. Минимальная ставка НДПИ, за исключением случаев, указанных в пункте 19-1 настоящих Правил, должна быть установлена в размере, который обеспечивает уплату в бюджет недропользователем суммы НДПИ, равной в абсолютном значении сумме роялти, исчисленному по ставке и налогооблагаемой базе, установленной условиями контракта на недропользование в редакции, действовавшей по состоянию на 31 декабря 2008 года, исходя из объема плановой добычи и по ценам текущего календарного года, на который устанавливается индивидуальная ставка НДПИ.

      В случае, если условиями контракта на недропользование ставки роялти по состоянию на 31 декабря 2008 года не были установлены, то применяются ставки роялти на соответствующее полезное ископаемое согласно Налоговому кодексу в редакции, действовавшей на 31 декабря 2008 года, за исключением случаев, предусмотренных в пункте 19-1 настоящих Правил.

      Расчет минимальной ставки НДПИ осуществляется в следующем порядке:

      1) исходя из планируемого объема добычи на соответствующий календарный год определяется сумма роялти, которая бы подлежала уплате недропользователем в бюджет в соответствующем календарном году, согласно условиям контракта на недропользование (объект обложения, ставка роялти, налогооблагаемая база на соответствующий календарный год), действовавшего по состоянию на 31 декабря 2008 года;

      2) исчисленная в соответствии с подпунктом 1) настоящего пункта сумма роялти составляет в абсолютном значении сумму НДПИ, подлежащую уплате недропользователем в бюджет, если рентабельность по месторождению (группе месторождений, части месторождения), исчисленная в соответствии с пунктом 17 настоящих Правил, менее 0%;

      3) минимальная ставка НДПИ, устанавливаемая для недропользователя по месторождению (группе месторождений, части месторождения), отнесенному к категории низкорентабельных, определяется как отношение суммы НДПИ, исчисленной в соответствии с подпунктом 1) настоящего пункта к налогооблагаемой базе по НДПИ по соответствующему виду полезного ископаемого (соответствующим видам полезных ископаемых), исчисленной в порядке, установленном Налоговому кодексу.

      В случае, если ставки НДПИ для месторождения (группы месторождений, части месторождения), отнесенного к категории низкорентабельных, на соответствующий календарный год устанавливаются в течение указанного года, то НДПИ, исчисленный и уплаченный с начала календарного года, пересчитывается по ставкам, установленным в соответствии с настоящими Правилами, исходя из фактически сложившихся цен за истекшие налоговые периоды.";

      дополнить пунктом 19-1 следующего содержания:

      "19-1. В случае, если при минимальной ставке НДПИ, определенной в соответствии с пунктом 19 настоящих Правил, не достигается нулевая рентабельность месторождения (группы месторождений, части месторождения), то минимальная ставка НДПИ, в том числе по попутным полезным ископаемым, снижается до величины (до 0% включительно), позволяющей приблизить рентабельность месторождения (группы месторождений, части месторождения) к нулевому уровню при одновременном соблюдении следующих условий:

      1) месторождение (группа месторождений, часть месторождения) может быть классифицировано как однокомпонентное или многокомпонентное в соответствии с пунктом 16 настоящих Правил;

      2) при реализации готовой продукции, полученной в результате переработки минерального сырья, возникают убытки, определяемые как разница между ценой реализации и полной себестоимостью готовой продукции. В целях настоящего пункта в полную себестоимость готовой продукции включаются себестоимость реализованной готовой продукции, расходы по реализации и общие и административные расходы. Себестоимость реализованной готовой продукции определяется в соответствии с международными стандартами финансовой отчетности и требованиями законодательства Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности. В целях определения суммы убытка из себестоимости реализованной готовой продукции подлежат исключению статьи расходов, возникающие в бухгалтерском учете в связи с изменением стоимости активов и (или) обязательств при применении международных стандартов финансовой отчетности и законодательства Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности, кроме подлежащих выплате (выплаченных).

      В случае, если условиями контракта на недропользование, заключенного до 1 января 2009 года, ставки роялти на попутные полезные ископаемые не были установлены по состоянию на 31 декабря 2008 года, то в отношении таких полезных ископаемых минимальная ставка НДПИ, определенная пунктом 19 настоящих Правил, устанавливается в размере 0% при условии, если деятельность недропользователя в целом является убыточной.";

      пункт 20 изложить в следующей редакции:

      "20. Налогоплательщик, применявший ставку налога на добычу полезного ископаемого, установленную в соответствии с пунктом 19 настоящих Правил, в срок не позднее 15-го числа 2-го месяца, следующего за 4-м кварталом соответствующего налогового года, производит расчет показателей рентабельности на основании фактических данных с применением соответствующей ставки, установленной главой 45 Налогового кодекса для соответствующего вида полезного ископаемого.

      В случае, если по результатам произведенного расчета по контракту будут превышены значения рентабельности, установленные пунктом 15 настоящих Правил, налогоплательщик производит перерасчет налоговых обязательств по налогу на добычу полезных ископаемых на основании общеустановленных ставок за весь налоговый год и отражает полученные значения в дополнительной декларации по налогу на добычу полезных ископаемых. Сумма налога на добычу полезных ископаемых, отраженная в данной декларации, является налоговым обязательством 4-го квартала налогового года и подлежит уплате в общеустановленном порядке в бюджет без применения штрафов и пени".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов