Мемлекеттің, ғылымның, мәдениеттің аса көрнекті қайраткерлерінің, сондай-ақ Қазақстанның дамуына үлес қосқан тұлғалардың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласы әкімінің «Ұлттық пантеон» объектісін құру туралы ұсынысына келісім берілсін.
2. Астана қаласы мен Ақмола облысының әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) «Ұлттық пантеон» объектісінің орналасатын жерін анықтасын;
2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов