«2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне 2014 - 2015 жылдардағы жылыту маусымына Көкшетау қаласындағы белгіленген қуаты 100 Гкал/сағ дейінгі жылыту желілерінде және қазандықтардағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін Ақмола облысының әкімдігіне ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде аудару үшін 2014 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 425105707 (төрт жүз жиырма бес миллион бір жүз бес мың жеті жүз жеті) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
2.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3.
Ақмола облысының әкімі 2014 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылғаны жөнінде есеп берсін.
4.
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
К. Мәсімов |