Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1074 қаулысы

      «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне Жамбыл облысының Қаратау және Шу қалаларының белгіленген қуаты 100 Гкал/сағ дейінгі қазандықтарына 2014 – 2015 жылдардағы жылыту маусымына отын сатып алуға Жамбыл облысының әкімдігіне аудару үшін 2014 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 352261100 (үш жүз елу екі миллион екі жүз алпыс бір мың жүз) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Жамбыл облысының әкімі 2014 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы жөнінде есеп берсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
К.Мәсімов

О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 октября 2014 года № 1074

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 3 декабря 2013 года «О республиканском бюджете на 2014 – 2016 годы» и постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220 «Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Выделить Министерству национальной экономики Республики Казахстан из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2014 год на неотложные затраты, средства в сумме 352261100 (триста пятьдесят два миллиона двести шестьдесят одна тысяча сто) тенге для перечисления акимату Жамбылской области в виде целевых текущих трансфертов для приобретения топлива на отопительный сезон 2014 – 2015 годов для котельных городов Каратау и Шу Жамбылской области с установленной мощностью до 100 Гкал/час.
      2. Министерству финансов Республики Казахстан обеспечить контроль за целевым использованием выделенных средств.
      3. Акиму Жамбылской области в срок до 1 декабря 2014 года представить в Министерство национальной экономики Республики Казахстан отчет по целевому использованию выделенных средств.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов