Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 10.09.2015 № 764 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Ақтоғай кен байыту комбинатын салу», «Бозшакөл кен байыту комбинатын салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталар белгіленсін.
1-1. Қоса беріліп отырған:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Ақтоғай кен байыту комбинатын салу» басым жобасын (өтініш беруші – «KAZ Minerals Aktogay (КАЗ Минералз Ақтоғай)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Бозшакөл кен байыту комбинатын салу» басым жобасын (өтініш беруші – «KAZ Minerals Bozshakol (КАЗ Минералз Бозшакөл)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары бекітілсін.
Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 10.09.2015 № 764 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. «Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квоталарды белгілеу және басым жобалар бойынша шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң шарттарын бекіту және «Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу қағидаларын және Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң қағидалары мен шарттарын бекiту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 маусымдағы № 817 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 57, 792-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақтоғай кен байыту комбинатын салу» жобасын (өтініш беруші – «Kazakhmys Aktogay (Қазақмыс Ақтоғай)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттарында:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкiлеттi органына жұмыс берушi не ол уәкiлеттiк берген тұлға ұсынатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуға тиіс:»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Бозшакөл кен байыту комбинатын салу» жобасын (өтініш беруші – «Kazakhmys Bozshakol (Қазақмыс Бозшакөл)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттарында:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкiлеттi органына жұмыс берушi не ол уәкiлеттiк берген тұлға ұсынатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуға тиіс:».
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 25 қарашадағы
№ 1230 қаулысына
қосымша
«Ақтоғай кен байыту комбинатын салу», «Бозшакөл кен байыту
комбинатын салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін
тартуға квоталар
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 10.09.2015 № 764 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с № |
Жобаның атауы |
Өтініш беруші |
Іске асыру орны |
Іске асыру мерзімі |
Квота (адам) |
|
Жыл |
Барлығы |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. |
Ақтоғай кен байыту комбинатын салу |
«KAZ Minerals Aktogay (КАЗ Минералз Ақтоғай)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы |
2011 – 2017 жылдар |
2015 |
2700 |
2016 |
2700 |
|||||
2017 |
2700 |
|||||
2. |
Бозшакөл кен байыту комбинатын салу |
«KAZ Minerals Bozshakol (КАЗ Минералз Бозшакөл)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Павлодар облысы, Екібастұз ауданы |
2010 – 2016 жылдар |
2015 |
2320 |
2016 |
2320 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 25 қарашадағы
№ 1230 қаулысымен
бекітілген
«Ақтоғай кен байыту комбинатын салу» басым жобасын
(өтініш беруші – «KAZ Minerals Aktogay (КАЗ Минералз Ақтоғай)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары
Ескерту. Қаулы шартпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 10.09.2015 № 764 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкiлеттi органына жұмыс берушi не ол уәкiлеттiк берген тұлға ұсынатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуы тиіс:
1) тегi, аты, әкесiнiң аты (оның iшiнде латын әрiптерiмен), туған күнi, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмiрi, берiлген күнi және оны берген орган, тұрақты тұратын елi, шыққан елi, бiлiмi, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекiтетiн Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына, жұмысшылар кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және 01-99 «Кәсiптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес мамандығының, бiлiктiлiгiнiң (лауазымының) атаулары көрсетiле отырып, тартылатын шетелдiк қызметкерлер туралы мәлiметтер;
2) Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен заңдастырылған бiлiмi туралы құжаттардың нотариат растаған аудармалары (егер құжат мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде толтырылған болса, көшiрмелерi);
3) бұрын iстеген жұмыс берушiсiнiң ресми бланкiсiндегі қызметкердiң еңбек қызметi туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берiлгені қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпарат (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде);
4) басым жобаны іске асыруға қатысқанын куәландыратын шарттан нотариат растаған үзiндi не салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынумен көшірмесі (мердiгер және қосалқы мердiгер ұйымдар үшін).
2. Шетелдік қызметкерлердің келуі «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады.
3. Өздеріне үшінші және төртінші санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуге болмайды.
4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларында және шарттарында регламенттеледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 25 қарашадағы
№ 1230 қаулысымен
бекітілген
«Бозшакөл кен байыту комбинатын салу» басым жобасын
(өтініш беруші – «KAZ Minerals Bozshakol (КАЗ Минералз Бозшакөл)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары