Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 және "Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2011 жылғы 29 маусымдағы № 731 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 1235 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламада:
      «Бағдарлама паспорты» деген 1-бөлімдегі нысаналы индикаторда 7-тармақ алып тасталсын;
      «Бағдарламаның нысаналы индикаторлары, міндеттері және іске асырылу нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4.3.-кіші бөлімдегі нысаналы индикаторда 7-жол алып тасталсын;
      2) «Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 731 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 44, 584-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламада:
      «Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
      «Нысаналы индикаторлары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нысаналы индикаторлары Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін қолдана отырып, инвестициялық жобаларды іске асыру 2015 жылы 2008 жылмен салыстырғанда кем дегенде 2 есеге ұлғаяды»;
      «Ағымдағы жағдайды талдау» деген 3-бөлімде:
      мынадай мазмұндағы 3.6.-кіші бөліммен толықтырылсын:
      «3.6. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жобаларында инновациялық-технологиялық дамуды талдау
      Шетелдік тәжірибені талдай отырып, инфрақұрылымға инновациялық өзгерістер енгізудің тиімді және ұтымды тетігі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі арқылы жеке капиталды тарту болып табылады.
      Мұндай жобаларды мемлекеттің толық қаржыландыруымен салыстырғанда, жеке компаниялар басқаратын жобалар құрылыстың, сол сияқты кейіннен пайдаланудың құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Оның үстіне, осы инфрақұрылым объектілерінің тиімділігі объектіні салу мен пайдаланудың бүкіл кезеңдерінде едәуір ұлғаяды.
      Мұндай құбылыс МЖӘ бүкіл тетігінің негізі болып табылады – объектілердің шығындары неғұрлым төмен және сапасы жоғары болса, концессионер алатын табыс та жоғары, тиісінше жобаның өзін-өзі өтеу мерзімі төмендейді және концессионердің кредиторлармен тез есеп айырыуға мүмкіндігі болады.
      Бұл концессионердің неғұрлым прогрессивті техникалық шешімдерді, инновациялық технологияларды пайдалануы үшін қосымша және қажетті ынталандырулар жасайды, сондай-ақ құрылыс сатысында сапасын арттырады. Әлемдік тәжірибеде концессиялық компаниялар экономика мен өндіріс салаларының технологиялық, сол сияқты инновациялық дамуының негізгі қозғалтушы күші болып саналады, ал олардың әзірлемелері кейіннен қайталанады және концессиялық та, концессиялық емес те басқа жобаларды іске асыру кезінде пайдаланылады.
      Осылайша, концедент жеке меншік сектордан ең жаңа технологияларды, инновациялар мен ноу-хауды пайдалануды күте алады. Сондай-ақ басқаша түрде мемлекет қол жеткізе алмайтын немесе жоба үшін арнайы әзірленетін жеке меншік сектордың технологиялары мен қолда бар тәжірибеге қол жеткізу туралы да сөз болып отыр. Мемлекеттік сатып алудың дәстүрлі тетігін пайдаланған кезде мұндай міндетті шешу мүмкін емес, алайда МЖӘ-де негізі қаланған ынталандыру тетігінің арқасында бұл мақсатқа қол жеткізуге болады.
      Мемлекет инновациялық технологиялар мен инженерлік шешімдерді пайдалануда жеке компанияларға еркіндік бере алады. Бұл жағдайда концедент мұндай инновациялар қамтылған тендерлік ұсыныстарды бағалауға және салыстыруға дайын болуы тиіс. Жалпы, жобаны дайындауға неғұрлым көп қаражат инвестицияланса, тендерге қатысушыларға соғұрлым сапалы ақпарат беріледі, ал бұл, өз кезегінде бәсекелестікті күшейту мен неғұрлым сапалы және инновациялық тендерлік ұсыныстар алу үшін ынталандыру болып табылады.»;
      «Бағдарламаны мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-бөлімде:
      кіші бөлімнің тақырыбындағы «Бағдарламаны» деген сөз «Бағдарламаның» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «4.3. Міндеттері» деген кіші бөлімнің тақырыбындағы «4.3. Міндеттері» деген сөздер «4.2. Міндеттері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «4.2. Нысаналы индикаторлар» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «4.3. Нысаналы индикаторлар
      Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін қолдана отырып инвестициялық жобаларды іске асыру 2015 жылы 2008 жылмен салыстырғанда кемінде 2 есеге ұлғаяды.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2010 года № 1145 "Об утверждении Программы по привлечению инвестиций, развитию специальных экономических зон и стимулированию экспорта в Республике Казахстан на 2010 - 2014 годы" и от 29 июня 2011 года № 731 "Об утверждении Программы по развитию государственно-частного партнерства в Республике Казахстан на 2011 - 2015 годы и внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2010 года № 302"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 2014 года № 1235

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения и дополнение:
      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2010 года № 1145 «Об утверждении Программы по привлечению инвестиций, развитию специальных экономических зон и стимулированию экспорта в Республике Казахстан на 2010 – 2014 годы»:
      в Программе по привлечению инвестиций, развитию специальных экономических зон и стимулированию экспорта в Республике Казахстан на 2010 – 2014 годы, утвержденной указанным постановлением:
      пункт 7 целевого индикатора раздела 1 «Паспорт Программы» исключить;
      строку порядкового номера 7 подраздела 4.3. «Целевые индикаторы, задачи и показатели результатов реализации Программы» исключить;
      2) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 29 июня 2011 года № 731 «Об утверждении Программы по развитию государственно-частного партнерства в Республике Казахстан на 2011 – 2015 годы и внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2010 года № 302» (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 44, ст. 584):
      в Программе по развитию государственно-частного партнерства в Республике Казахстан на 2011 – 2015 годы, утвержденной указанным постановлением:
      в разделе 1 «Паспорт Программы»:
      строку «Целевые индикаторы» изложить в следующей редакции:

«Целевые индикаторы

Реализация инвестиционных проектов с применением механизма государственно-частного партнерства увеличится в 2015 году не менее чем в 2 раза по сравнению с 2008 годом»;

      разделе 3 «Анализ текущей ситуации»:
      дополнить подразделом 3.6. следующего содержания:
      «3.6. Анализ инновационно-технологического развития в проектах государственно-частного партнерства
      Анализируя зарубежный опыт, рациональным и эффективным механизмом внедрения инновационных изменений в инфраструктуру является привлечение частного капитала через механизмы государственно-частного партнерства.
      Проекты, управляемые частными компаниями, позволяют значительно снизить стоимость как строительства, так и дальнейшей эксплуатации по сравнению с полностью государственным финансированием подобных проектов. К тому же, эффективность данных объектов инфраструктуры значительно увеличивается на всех этапах строительства и эксплуатации объекта.
      Подобное явление является основой всего механизма ГЧП — чем ниже издержки и выше качество объектов, тем выше получаемые доходы концессионера, соответственно снижается срок окупаемости проекта и концессионер имеет возможность быстрее расплатиться с кредиторами.
      Это создает дополнительные и необходимые стимулы для использования концессионером наиболее прогрессивных технических решений, инновационных технологий, а также повышает качество на стадии строительства. В мировой практике концессионные компании являются основной движущей силой как технологического, так и инновационного развития отраслей экономики и производства, а их разработки в дальнейшем повторяются и используются при реализации как в других концессионных, так и неконцессионных проектах.
      Таким образом, концедент может ожидать от частного сектора использования новейших технологий, инноваций и ноу-хау. Речь также идет о доступе к имеющемуся опыту и технологиям частного сектора, которые иначе недоступны для государства, или которые разрабатываются специально для проекта. При использовании традиционного механизма государственных закупок решить такую задачу невозможно, однако благодаря механизмам стимулирования, заложенным в ГЧП, эта цель достижима.
      Государство может предоставить частным компаниям свободу в использовании инновационных технологий и инженерных решений. В этом случае концедент должен быть готов оценивать и сравнивать тендерные предложения, содержащие такие инновации. В целом, чем больше средств инвестируется в подготовку проекта, тем более качественная информация предоставляется участникам тендера, а это, в свою очередь, является стимулом для усиления конкуренции и получения более качественных и инновационных тендерных предложений.»;
      в заголовок раздела 4 внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не изменяется;
      в заголовок подраздела 4.2. внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не изменяется;
      подраздел 4.3. изложить в следующей редакции:
      «4.3. Целевые индикаторы
      Реализация инвестиционных проектов с применением механизма государственно-частного партнерства увеличится в 2015 году не менее чем в 2 раза по сравнению с 2008 годом.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов