Стратегиялық объектіні иеліктен шығару және "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 1247 қаулысы

      1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 193-1-бабына (Жалпы бөлім) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «KazMunaiGas PKOP Finance B.V.» компаниясына «Valsera Holdings B.V.» компаниясы акцияларының 33%-ын «Trade house KazMunaiGaz N.V.» компаниясының пайдасына иеліктен шығаруға рұқсат берілсін.
      2. «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 330-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
      «Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 35, 36-жолдар алып тасталсын;
      реттік нөмірі 37-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

37.

Valsera Holdings B.V. акциялар пакетінің 50%-ы

                                                              ».

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Об отчуждении стратегического объекта и внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2008 года № 651 "Об утверждении перечней стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилиированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства и стратегических объектов, находящихся в собственности юридических лиц, не аффилиированных с государством, а также физических лиц"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 ноября 2014 года № 1247

      В соответствии со статьей 193-1 Гражданского кодекса Республики Казахстан (Общая часть), принятого Верховным Советом Республики
Казахстан 27 декабря 1994 года, Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Разрешить компании «KazMunaiGas PKOP Finance B.V.» произвести отчуждение 33 % пакета акций компании «Valsera Holdings B.V.» в пользу компании «Trade house KazMunaiGaz N.V.».
      2. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан
от 30 июня 2008 года № 651 «Об утверждении перечней стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в
собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилиированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства и стратегических объектов, находящихся в собственности юридических лиц, не аффилиированных с государством, а также физических лиц» (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 31, ст. 330) следующие изменения:
      в перечне стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилиированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства, утвержденном указанным постановлением:
      в разделе «Пакеты акций (доли участия, паи) в юридических лицах, в собственности которых находятся стратегические объекты»:
      строки, порядковые номера 35, 36, исключить:
      строку, порядковый номер 37, изложить в следующей редакции:
«

37.

50 % пакета акций Valsera Holdings B.V.

                                                                  ».
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов