Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.12.2015 № 993 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналар:
1) мемлекеттiк сатылатын астық ресурстары үшiн:
ҚР СТ 1046-2008 (2-кесте – техникалық талаптар) 3-сыныпты жұмсақ бидайдың (Triticum aestivum L.) бiр тоннасына 42000 (қырық екі мың) теңге (ҚҚС төлеушілер және төлемеушілер үшін) мөлшерінде;
2) мемлекеттiк жемдiк астық ресурстары үшiн:
МемСТ 28672-90 2-сыныпты арпаның бір тоннасына 28000 (жиырма сегіз мың) теңге (ҚҚС төлеушілер және төлемеушілер үшін) мөлшерiнде;
3) мемлекеттiк тұқым ресурстары үшiн:
осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаздық жұмсақ бидай және арпа тұқымдарының репродукциялары мен егіс стандартының сыныптары бойынша сатып алу бағасы белгіленсін.
2. «Мемлекеттік астық ресурстарына жеткізілетін астықтың сатып алу бағасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 1326 қаулысының (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 70, 937-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1277 қаулысына
қосымша
Жаздық жұмсақ бидай және арпа тұқымдарының репродукциялары
мен егіс стандартының сыныптары бойынша сатып алу бағасы
1 тоннаға теңге
Дақылдың атауы |
I репродукция |
II репродукция |
III репродукция |
|||
1-сынып |
2-сынып |
1-сынып |
2-сынып |
1-сынып |
2-сынып |
|
Бидай |
56059 |
53714 |
51107 |
48333 |
44625 |
42333 |
Арпа |
54375 |
44500 |
42625 |
40250 |
40000 |
38000 |