Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметiн реттеу туралы келiсімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 218 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жасылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Әсет Өрентайұлы Исекешевке 2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметiн реттеу туралы келiсімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.»;
жоғарыда көрсетілген қаулымен мақұлданған 2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметiн реттеу туралы келiсімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттама жобасының 1-бабында:
1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Орталықтың қазақстандық бөлігін басқару жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.»;
3) тармақша алып тасталсын;
4) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауарларды (жүктердi) Орталыққа/Орталықтан өткізу кезiнде ұлттық заңнамалар және халықаралық шарттардың тиiстi ережелерi сақталуы тиiс. Орталыққа/Орталықтан өткiзiлетiн тауарларға (жүктерге) қатысты кедендiк рәсiмдердi жүргізу аптасына жеті күн қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Адамдар, шағын литражды және жеңiл автомобильдер (сыйымдылығы 8 адамға дейiн) үшiн кедендiк рәсiмдердi жүргiзу уақыты қажет болған жағдайда ұзартылады.»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап
Орталыққа/Орталықтан өткізу кезінде көлік құралында Тараптардың бірі мемлекетінің таным белгісі мен мемлекеттік-тіркеу нөмірі болуы тиіс. Жүк тасымалдары осьтерінің саны 6-дан (қоса алғанда) аспайтын жүк автомобильдерімен жүзеге асырылады. Орталық аумағында жолаушы мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде аумағында тасымалдау жүзеге асыратын Тарап мемлекетінің заңнамасы сақталуы тиіс.»;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсімов