Украина Республикасында қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Украинаның оңтүстік-шығыс өңірлеріне ресми ізгілік көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар броньнан шығарылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі ізгілік жүкті Украина Республикасының межелі пунктіне дейін тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика, Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ресми ізгілік көмекті алушыны айқындасын және оны көрсету жөніндегі шараларды үйлестіруді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1339 қаулысына
қосымша
Украинаның оңтүстік-шығыс өңірлеріне ресми ізгілік көмек
көрсетуге арналған материалдық құндылықтар тізбесі
Р/с |
Материалдық құндылықтардың атауы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Ет консервілері |
физикалық банка |
127875 |
2 |
Қант |
тонна |
40 |
3 |
Қарақұмық жармасы |
тонна |
150 |
4 |
Өсімдік майы |
литр |
36000 |